Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3781. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi:
      мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын:
      "103-1. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару агентіне ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерiндегi бiржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап  қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі