"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 308 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет минитрлігінде 2005 жылғы 20 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3682. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 341 Бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң "Еуразия мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 2005 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн шетелде оқытуды ұйымдастыру жөнiндегі қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорынмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасу;
      жасалатын шарттарды қаржыландыруды 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзу;
      осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатын сақтау;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі