"Мұнайгаз кешендері нысандарында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 08 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3553. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 565 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатына сәйкес.
      Тамақ объектілерінің санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту, оларды көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа сапалы дайындау, тамақпен жаппай уланудың алдын-алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361-ІІ "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкiмияты қаулы етеді :
      1. Облыстық сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарының, базарлардың 2005 жылдың көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындығының облыстық байқауы 2005 жылғы 1-30 сәуiр аралығында өткiзiлсiн (бұдан әрi - Айлық).
      2. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi:
      1) объектілердің сыртқы келбетiн тиiстi санитарлық жағдайға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар алсын (сыртқы жөндеу, безендiру, iргелес аумақты көрiктендiру, маңдайша жазуларының, контейнерлiк алаңдардың, урналардың болуы);
      2) жұмыс iстеп тұрған рыноктарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы N 131 қаулысымен бекiтiлген сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру Ережесiнiң талаптарына сәйкес келтiрсiн;
      3) көше саудасының берекесіз орындарын жоюды қамтамасыз етсiн.
      3. Тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану, сауда, базарлар объектілері, коммерциялық құрылымдар басшыларына ұсынылсын:
      1) тамақ объектілерінің санитарлық-техникалық жағдайын, олар өндiретiн өнiмдердiң сапасын жақсарту жөнiндегi нақты iс-шаралар жасақтау;
      2) объектілерді тиiстi санитарлық жағдайға келтiру жөнiнде шаралар алу, ағымдағы жөндеу жүргізу, су-канализация жүйелерiн, тоңазытқыш жабдықтарын тексерудi, өндiрiліп өткізілетін өнiмдердiң сұрыпталым тiзбесiн келiсу және мемлекеттiк санитарлық қызмет органдарының олардың жұмыс жасауына ресми рұқсатын алу.
      4. Атырау облысы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi, Атырау облысы Iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) Айлық өткiзу барысына үнемі бақылау жүргiзсiн.
      5. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы акционерлiк қоғамының Атырау облыстық филиалы (келiсiм бойынша) байқау жүргiзу барысын жүйелi түрде жарияласын.
      6. Атырау қаласы және аудандар әкiмдерi, Атырау облысы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi, Атырау облысы Iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) Айлық өткiзу қорытындылары туралы облыс әкiмиятына 2005 жылғы 6 мамырға дейiн ақпарат берсiн.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.С. Рысқалиевқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi