Малдардың инвазиялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3459. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берілгендер бекітілсін:
     1) түйенің су-ауруын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;
     2) малдардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;
     3) трихинеллезді алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді.
     2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.

    Министр

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы  
N 68 бұйрығымен бекітілген 

  Түйелердің су-ауруының алдын-алу және жою
шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі

     Осы түйелердің су-ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Су-ауру (трипанозомоз) - малдардың трансмиссивтік табиғи ошақтық қызба, домбығу, лимфа түйіндерінің үлкеюі, жүдеу белгілерімен өтетін ауру. Көбінесе созылмалы түрде өтетін ауру.

     2. Ауру қоздырушысы - Trіpanosoma evasі (nіnae kohі - jakіmovі), қан плазмасында, лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелерде, нерв жүйесінде тоғышарлық күнелтеді.

     3. Табиғи жағдайда түйелер, жылқылар, есектер, қашырлар, иттер, ірі қара малы, қасқырлар, мысықтар, қоян, тышқандар мен егеуқұйрықтар ауруға бейім.

     4. Су-ауру трансмиссивтік ауруға жатады. Қоздырғыш таратушысы қансорғыш шыбын-шіркейлер болып табылады.

     5. Жұғу көзі - ауру малдар немесе паразит тасушылар. Ауру мамыр-қыркүйек аралығында тарайды.

     6. Жасырын кезеңі 2-3 апта. Түйелерде ауру жіті түрде өткенде, температурасы 40 о градус Цельсия және одан да жоғары көтеріледі, аяғы мен бауырының ісуі байқалады. Малдың ахуалы, тәбеті төмендеп, көп жатады. Лимфа түйіндері үлкейген. Кейде желігу түрі болып, ринит, көз ауруы, тышқақ болады. Малдар қызбасы ұстаған уақытында асқынып және дірілдеу көрінісінде өледі.

     7. Созылмалы түрі жыл немесе одан да көп созылады, температурасы жоғарылап, қабағы, еріні, төсі ісіп, кератит, кілегей қабықтары бозарып, сарғыштанады. Буаздықтың 5-7 айлығында түсік тастайды. Аяқтарында сал болады. Ауру мал көтерімдіктен өледі.

     8. Балау кешендік түрде қойылады, эпизоотологиялық, клиникалық патологоанатомиялық белгілермен және зертханалық тексеру нәтижесінде қойылады. Түйенің су-ауруында формалин реакциясының агглютинация реакциясы және конглютинді комплекс байланыстыру реакциясы көмегімен қойылады. Балаудың нәтижесін анықтауға сонымен бірге зертхана малдарына биосынама қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары

     9. Ветеринариялық санитарлық қолайлы аумақта су-ауру ауруын әкелмеу мақсатында осы ауруға қолайлы аумақтан тек қана клиникалық, сау мал ғана әкелуге рұқсат етіледі.

     10. Малдарды сату, осы елді мекеннен шығару, тек қана саулығы туралы куәліктің нәтижесінде және паспорттағы тиісті белгінің жағдайында рұқсат етіледі.

     11. Сыртқа шығарылатын және сырттан әкелінетін жануарларды су-ауруға карантин мен тексерулер өткізеді.

     12. Амалсыздан барған уақытта немесе таза емес аймақтан өтер алдында жануарларды жағымсыз исі бар дәрілер сіңген (деготь, креолин, тазартылмаған карбол қышқылы тағы басқа) қан сорғыш жәндіктерден жабумен қорғау қажет.

  3. Түйелердің су-ауруынан таза емес
пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда
жүргізілетін шаралар

     13. Түйелердің су-ауруымен ауырған анықталғанда, осы елді мекенде қызмет көрсететін ветеринар маманы тез арада ауыл округінің ветеринар инспекторына және ауданның (қаланың) мемлекеттік бас ветеринар инспекторына хабарлайды.

     14. Әкімшілік аумаққа қарасты бас мемлекеттік ветеринар инспекторы жануарлардың су-ауруына күдігі туралы хабар алғаннан кейін балауды қоюға, індеттік тексеріс жүргізуге аурудан таза емес елді мекенмен індет ошағының шекарасын анықтауға тез арада ауру ошақтарына жетуі керек.

     15. Қазақстан Республикасы заңдылығының ветеринария саласындағы қарастырылған тәртібіне сай, әкімшілік аймаққа қарасты бас мемлекеттік ветеринар инспекторының ұсынысымен, жануарларды су-ауруы кездескен жерге, жергілікті әкімшілік органының шешімімен таза емес аймақ деп жариялайды.

     16. Су-ауруға таза емес аймақта жыл сайын түйелерді және ауруға сезімтал басқа жануарларды трипанозомозға клиникалық, микроскопиялық және серодиагностикалық әдістер көмегімен тексеріп, табылған ауру малды оқшаулап емдейді. Осындай тексерулерді жылына 3 рет: қыстың басы мен аяғында (таратушылар болмаған кезде) және ауру байқалғанда жүргізіледі.

     17. Трипанозоманы тасымалдаушының жоқтығын дәлелденгеннен кейін, жануарларды таза емес аймақтан таза аймаққа ауыстыруға рұқсат етіледі.

     18. Таза емес шаруашылық субъектісіндегі бағалы аталықтар мен асыл - тұқымды аналықтарды трипанозомозбен ең көп зақымданатын мезгілінде арнайы препараттармен алдын ала өңдеуден өткізеді.

     19. Дәрі бергенде зерттеуге қан алғанда және осы тәріздес жұмыстарға пайдаланған барлық құралдар, ең бастысы инелерді әрбір жануарларға қолданар алдында қайнату арқылы залалсыздандырылады. Айналадағы заттарды қан мен ластауға жол берілмейді.

     20. Ауру малдар оқшауланады және емделеді.
     21. Ауруға күдікті деген жануарларды оқшаулайды және 3 реттен кем емес қосымша зерттеу өткізеді.

     22. Емделіп болған жануарларларды жеке топта 6 ай мерзімге оқшаулайды және 3 қайтара тексеруден өткізеді.

     23. Бір жыл ішінде жаңадан ауру байқалмаса және аурудың қайталануы болмаса шаруашылық субъектісі сауықтырылған деп есептелінеді.

     24. Күйек пунктінде міндетті бақылау жүргізіп, жаңадан келген аналықтардың қанын микроскопиялық тексеруден өткізеді.

     25. Аса бағалы аталықтарды ауру, күдікті және емдеуден өткен аналықтармен олардың жазылғанына дейін күйекке жіберілмейді.

     26. Ауру аналықтарды ұрықтандыруға емделіп болғаннан кейін 10-15 күннен кейін жібереді.

     27. Ауру аталықтар толығымен сауығып, емделіп болғанға дейін күйекке жіберілмейді.

     28. Ауру, күдікті және емделген аналықтар жасанды түрде ұрықтандыруға болады.

     29. Су-ауруға таза емес жануарлардың етін, егер мал күйі көтерем болмаса және сояр алдында температурасы қалыпты болса адамдарға тамаққа пайдалануға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы  
N 68 бұйрығымен бекітілген 

  Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және
жою бойынша шараларды жүргізудің
ветеринарлық ережесі

     Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің осы ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Стронгилятоздар - жануарлардың таралған аурулар тобы, әсіресе жылқыларда көп кездеседі, жасына қарамайды, шамалы инвазияда клиникалық белгілері кездеспейді, ал көп инвазияда тәбеті болмайды, арықтай бастайды, жұмыс қабілеті жоғалады, дене температурасы көтеріледі.

     2. Ауру қоздырушысы - Strongylіdae және Trіchonematіdae тұқымдастығына жататын домалақ құрттар, жылқылардың тоқ ішегінде болатын, ал күйіс қайыратын малдарда барлық ас қорыту жүйесінде болады.
     Жасына, тұқымына қарамай барлық жылқылар, сонымен бірге қойлар, ешкілер, ірі қара мал, түйелер, солтүстік бұғылар, жабайы ешкілер, сиыр тектес ірі аң, өркешті сиыр, буйволдар және басқа күйіс қайыратын жабайы жануарлар ауырады.

     3. Балау эпизоотологиялық, клиникалық, патология анатомиялық сою және копрологиялық тексеру нәтижесінде қойылады.

  2. Стронгилятоздардан ветеринариялық-санитарлық
таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу
шаралары

     4. Ветеринариялық-санитарлық қолайлы аумақта стронгилятозын болдырмау мақсатында тек қана сау және копрологиялық тексеруде таза болған малдарды әкелуге рұқсат етіледі.

     5. Сырттан әкелінетін және сыртқа шығарылатын жануарларды ветеринария талаптарының тәртібі мен әдістерінде қарастырылғандай стронгилятозға карантин мен тексеру қойылады.

     6. Жаңадан әкелінетін жануарларды 30 күн бойы бөлек ұстап, клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткізеді.

     7. Жеке және заңды тұлғаларға жануарларды сату және елді мекеннен шығару тек қана тазалығы жөнінде куәлігі мен паспорттағы белгісіне қарай жіберіледі.

     8. Барлық шаруашылық субъектісінде жылына 2 рет көктемде және күзде жануарларға сақтандыру дегельминтизациясын жүргізеді.
     Одан басқа жылқыларды мынадай жағдайда клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткізеді: 2 жеті бұрын шаруашылыққа тапсырар алдында, көрмеге қояр және спорттық жарыстар алдында.

  3. Стронгилятоздан таза емес аймақтарда және
індетті ошақтарда өткізілетін шаралар

     9. Стонгилятозға үнемі таза емес шаруашылық субъектісінде:
     1) азықтандыру мен күту шарттарын жақсарту керек;
     2) күнделікті және мұқият қиын жинап және оны биотермиялық өңдеуден өткізеді;
     3) жануарларды тиабендазол, фенбендазон, нилверм немесе альбендазол мен бірнеше рет дегельминтизациялау;
     4) сыртқы ортада қоздырғыштың даму сатысын есептеп, малды бағатын жерін өзгертіп отыру;
     5) мал төлін көтеріңкі, жақсы жайылымда бағу;
     6) жануарларды таза, құдық, тез ағатын өзендерде суару. Су көздерінің маңайын қатты құрғақ топырақтармен жасау;
     7) мал қораларын, ақырларды, суаратын орынды, жұмыс құралдарын, аула мен аймақты таза ұстау;
     8) дезинфекциялық, дезинвазиялық және дератизациондық шаралары жүргізіледі.

     10. Стронгилятозбен мықты ауырған жануарларды бөлек ұстап, оған жақсы күту, азықтандыру мен емдеуін ұйымдастыру.

     11. Стронгилятозға шаруашылық таза деп есептеледі, егер:
     1) 3-4 ай ішінде екі рет тексерілгенде жұмыртқасы мен құрты табылмаса;
     2) жыл ішінде сойылған және өлген жануарларда сойып қарағанда паразит табылмаса. Мұндай шаруашылық субъектісінде сақтандыру дегельминтациясын тоқтатады; бірақ жануарларды жоспарлы балаулық тексерулерін жүргізе береді.

     12. Шаруашылықтың ветеринар маманы мал шаруашылығы жұмыскерлері ортасында жануарлардың стронгилятозына қарсы күрес жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіс.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы  
N 68 бұйрығымен бекітілген 

  Трихинеллез ауруының алдын-алу және
жою бойынша Ветеринариялық ережесі

     Трихинеллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Трихинеллез - адам және жануарлардың құрт (гельминтоз) ауруы бұл Trіchіnellіdae тұқымдасына, Trіchocephalata отрядына жататын Trіchіnella spіralіs нематодалардың көлденең жолақты бұлшық еттеріндегі және аш ішектегі тоғышарлығымен байланысты. Ішекте ірі трихинеллалар, ал бұлшық етте - олардың балапан құрттары орналасқан.

     2. Трихинеллез көбіне шошқада, итте, қасқырда, түлкіде, аюда, мысықта, егеуқұйрықта және тышқандарда кездеседі. Бұған борсықтар, күзендер, бұлғындар, жабайы түлкілер, сасық күзендер, ақкістер, кірпілер, жабайы шошқалар, көртышқандар, сілеусіндер, барыстар және тағы басқа ет қоректілер жануарлар мен кемірушілер сезімтал. Трихинеллез итбалық, морж, кит сияқты теңіз сүтқоректілерінде де кездескені тіркелген. Осы гельминтоз (құрт) адам үшін өте қатерлі.

     3. Трихинеллез қоздырғышы - ұсақ нематодалар. Аталығының ұзындығы 1,4-1,6 миллиметр, ені 0,03-0,04 миллиметр, денесінің артқы бөлігінде клоаканың артында екі аяғының арасында қос емізік орналасады. Аналықтар еркегінен екі есе ірі, тірі туады.

     4. Жануарлар құрамында трихинелланың капсуламен қоршалған тірі балаң құрттары бар, залалсызданбаған трихинеллезді етті жеген кезде трихинеллезбен зақымданады.

  2. Трихинеллездің ветеринариялы-санитарлы таза
аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары

     5. Трихинеллезге алдын-алу ауруды тірі кезінде және өлгеннен кейінгі балауға негізделген. Аллергиялық сынама немесе серологиялық реакциялар арқылы тірі кезінде балау жүргізеді. Өлгеннен кейінгі балауды трихинеллоскопиямен және жасанды асқазан сөлінде қаңқа бұлшық етінің сынамасын қорыту ең тиімді әдісі болып табылады.

  3. Трихинеллездің таза емес пункттерде және
індетті ошақтарда өткізілетін шаралар

     6. Шошқаларды ет комбинатындағы сойыс қалдықтарымен, сондай-ақ аң шаруашылығындағы және аңшылықта ұсталынған жыртқыштардың еті мен ет ұшасымен азықтандыруға рұқсат етілмейді.
     Шошқалардың ферма аймағында, елді мекендерде тықыр жерлер мен ойпат ойыс жер және орман алқабында бос кезіп жүруіне жол берілмейді. Шаруашылық субъектісінде, сонымен қатар шошқа қоралары, серуен аулалары, жазғы лагерлерін жүйелі түрде дезинфекция және дератизация жүргізіледі. Ет комбинатына жіберілетін шошқаларды сырғалау керек.

     7. Ет өңдейтін мекемелерде, ауылшаруашылық мекемелері мен елді мекендерде, сонымен қатар базарға және арнайы дүкендерге түсетін барлық шошқа, осы ауруға сезімтал басқа жануарлардың ұшаларын ветеринар қызметі трихинеллезге міндетті түрде зерттеуге тиісті. Аң шаруашылығында жаппай сойған кезде аң ұшалары таңдаулы түрде тексеріледі.

     8. Шошқа мен аңдар ұшаларының бұлшық ет сынамасында трихинелл балаң құрты табылғанда, осы ұшаларды етсүйек ұнын жасауға жібереді, немесе өртейді, бірақ жерге көмуге рұқсат етілмейді.

     9. Бұлшық еті бар субөнімдерін утилдейді, шпигті 100 градус Цельсийде 20 минут бойы қорытады, ішкі май шектеусіз пайдаланылады.

     10. Трихинеллез анықталған жағдайда етті өңдейтін мекемелер мен базардағы ветеринариялық сараптау зертханасындағы ветеринария қызметі жануарлар иесіне қажетті сақтандыру шараларын іске асыру үшін хабарлайды.

     11. Аң шарушылығында аң ұшаларын алдын-ала залалсыздандырмай тамақтандыруға рұқсат етілмейді, өлген жануарлардың өлексесін өртейді. Ветеринар мамандары міндетті түрде дезинфекциялық және дератизациялық шараларды жүргізеді.

     12. Трихинеллез бойынша кез-келген зақымдалған пункт аурудың табиғи ошағы болып саналады және онда ветеринариялық-санитариялық және медициналық сақтандыру шаралары кешенді түрде жүргізіледі.