11.02.2005

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.04.02 N 95 Бұйрығымен.

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :

     1. "Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1998 жылғы 20 қазандағы N 114  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 624 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     кiрiспесiнде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақта "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiкке" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақта "Әдiлет вице-министрi М.Қ.Уәйiсовке" деген сөздер "жетекшiлiк ететiн Әдiлет вице-министрiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi туралы ережеде (бұдан әрi - Ереже):

     1-тармақта:
     "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк)" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) тармақша алынып тасталсын;
     Ереженiң барлық мәтiндерi бойынша:
     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Агенттiктiң", "Агенттiк" деген сөздер тиiстi септiктермен "Комитеттiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

     Ережеге N 3 қосымшада:
     "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң директоры" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiнiң Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2. "Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 57  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 833 тiркелген) (бұдан әрi - Бұйрық) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     4-тармақтан басқа, Бұйрықтың барлық мәтiндерi бойынша "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
     Бұйрықтың барлық мәтiндерi бойынша "саяси партияның" деген сөздерден кейiн "(сайлау блогы)" деген сөздермен толықтырылсын;

     Бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Әдiлет министрлiгiнiң облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Әдiлет департаменттерiне Парламент депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын және саяси партиялардың сайлау қорларын (сайлау блоктарын) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру тапсырылсын. Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары мәслихатқа депутаттыққа кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.";

     3-тармақта "Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық басқару органы" деген сөздер "Аумақтық әдiлет органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақта:
     "бақылау" деген сөзден кейiн "жетекшiлiк ететiн" деген сөздермен толықтырылсын;
     "М.Қ. Уәйiсовке" деген сөз алынып тасталсын;

     6-тармақта "нормативтiк құқықтық акт ретiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Сайлау қорларын мемлекеттiк тiркеу қағидасында:

     1-тармақта "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының" деген сөздер "аумақтық әдiлет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

     Қағиданың барлық мәтiндерi бойынша:
     "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттың" деген сөздермен тиiстi септiкте және сандарда ауыстырылсын;
     Қағиданың барлық мәтiндерi бойынша "саяси партияларының", "саяси партияның" деген сөздерден кейін "(сайлау блоктарының)" сөздермен толықтырылсын;
     Қағиданың барлық мәтiндерi бойынша абзацтарды белгiлеген дефистер алынып тасталсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Сайлау қорлары тiзiлiмiнiң нысанында:
     3-баған "атауы" деген сөзден кейiн "(тиесiлiгi)" деген сөзбен толықтырылсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеуге берiлетiн өтiнiш нысанында:
     "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Саяси партияның сайлау қорын мемлекеттiк тiркеуге берiлетiн арыз нысанында:
     "саясы партияның" деген сөздерден кейiн "(сайлау блоктарының)" деген сөздермен толықтырсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттың сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанында:
     "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мәтiнде "1999 ж." деген жыл "20 жылғы" деген жылға ауыстырылсын;
     көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Саяси партияның сайлау қорын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанында:
     "саясы партияның" деген сөздерден кейiн "(сайлау блоктарының)" деген сөздермен толықтырсын;
     мәтiнде "1999 ж." деген жыл "20 жылғы" деген жылға ауыстырылсын;

     3. Осы бұйрық оны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Әдiлет министрi


Дата вступления в силу:  11.02.2005
Дата изменения акта:  02.04.2010
Дата принятия акта:  11.02.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  "Заң газеті" 2005 жыл 18 ақпан N 14(638)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  22920
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  40
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001003000000 / 001009000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz