"Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 14 сәуірдегі шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде тіркелген нөмері 1519)

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 10 қыркүйекте N 1607 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51-ө  өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрлерi 7, 13, 21-жолдар алынып тасталсын;
      "Үкiмет кесiмiмен реттелуге тиiстi қатынастар" деген бағанда:
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы үшiншi абзац алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 8-жолдағы үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 14-жолдағы екiншi және бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 34-жолдағы екiншi абзац алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 24-жолдағы "Yкiмет кесiмiмен реттелуге тиiстi қатынастар", "Жауапты орган" деген бағандардың бiрiншi абзацы алынып тасталсын.

       Премьер-Министр