19.11.2004

Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актiлерiн жасау және беру ережесiн бекiту туралы

       Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007.07.24 N 174-ө Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Заңының 29-бабының 2-тармағы орындалу үшiн БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актiлер жасау және беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің       
2004 жылғы 19 қарашадағы  
N 266-ө бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз
ету саласындағы актілерін жасау және беру
Ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беруі туралы осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
     Ереже мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды.

     2. Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында белгіленген (анықталған) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға құқықтық әсер ету шаралары болып табылады.

     3. Анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға қарай мемлекеттік еңбек инспекторлары мынадай актілерді:
     1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
     Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
     өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу;
     жарақат қаупі бар және авариялық жағдайлардың алдын алу үшін өндірістік нысандар мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
     жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың және тұтас ұйымның пайдаланылуына тыйым салу және тоқтата тұру туралы ұйғарымдар;
     2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарады.

2. Ұйғарымдар жасаудың және берудің тәртібі

     4. Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдарды мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша береді.

     5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу туралы ұйғарым өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкессіздігінің, өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу тәртібінің бұзылуы не аттестаттау мерзімі кешіктірілуінің анықталған фактісі бойынша беріледі.
     Жұмыс берушінің жаңа өндірістік процестерді, технологияларды, объектілер мен жабдықтарды енгізуі де жұмыс берушіге өндірістік объектілерге кезектен тыс аттестаттау жүргізу туралы ұйғарым шығару үшін негіздеме болып табылады.

     6. Өндірістік процестердің, технологиялардың, объектілер мен жабдықтардың қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұйғарым өндірістік процестердің, технологиялардың, объектілер мен жабдықтардың қауіпсіздігі жай-күйі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес емес немесе жеткілікті сәйкес келмеген жағдайларда беріледі.

     7. Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың және тұтас ұйымның пайдаланылуына тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы ұйғарым өздерінің өндірістік қызмет жағдайларында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына айқын қатер төндіретін ахуал анықталған жағдайларда беріледі.
     Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың және тұтас ұйымның пайдаланылуына тыйым салу немесе тоқтата тұру жағдайларында мемлекеттік еңбек инспекторлары көрсетілген нысандарды ұйымның лауазымды адамына қолын қойғызып, сақтау сенімхатын бере отырып, пломба салу немесе сүргі салу жүргізеді. Ұйғарымның бұл түрінде тоқтатудың себебі мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзушылықтардың жойылу мерзімдері нақты жазылған болуы тиіс.
     Ұйғарым үш күннен асырылмайтын мерзімге соттың шешімінсіз міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа қуыным өтінішін ұсына отырып беріледі. Қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акті анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешім шығарғанға дейін қолданылады.

     8. Мемлекеттік еңбек инспекторы ұйғарымдарының әрбір түрі жеке жасалады, әрқайсысы бірнеше бұзушылық жағдайларын қамтуы мүмкін. Ұйғарымды жасау кезінде заңдардың қай нормаларының бұзылғаны және оларды жою мерзімдері нақты көрсетіледі.

     9. Ұйғарымды жасау бақылауды (тексеруді) жүзеге асыру барысында, жеке, заңды тұлғаның, не ұйымның лауазымды адамының немесе олардың заңды өкілдерінің (бұдан әрі - тұлғалар), сондай-ақ тексеруге еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар қатысқан жағдайда, олардың қатысуымен жасалады.

     10. Тексеру мен ұйғарым жасау аяқталғанда мемлекеттік еңбек инспекторы оған қатысты ұйғарым шығарылған тұлғаны ұйғарымның мазмұнымен таныстыруға және орындау үшін қолын қойғызып тапсыруға міндетті.
     Мемлекеттік еңбек инспекторы ұйғарымды тапсыру кезінде тұлғаның уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамына немесе сотқа шағымдану құқығы туралы хабардар етуге міндетті.

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
қаулыларды жасаудың және берудің тәртібі

     11. Мемлекеттік еңбек инспекторының еңбекті қорғау туралы заңдар не еңбекті қорғау жөніндегі ережелер саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық фактілерін тікелей анықтауы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп болып табылады.
     Заңнамаға сәйкес құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар, жеке немесе заңды тұлғалардың хабарлауы не өтініші, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар да әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп бола алады.

     12. Мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылыққа меңзейтін жеткілікті деректер болған кезде ғана әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға құқылы.
     13. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған сәттен бастап қозғалды деп есептеледі.

     14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған мемлекеттік еңбек инспекторы кешіктірмей жасайды.

     15. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада:
     1) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі, инициалдары, жасалған күні мен орны;
     2) әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақыты;
     3) құқық бұзушылықтың мағына суреттемесі;
     4) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің Ерекше бөлігінің (бұдан әрі - ӘҚКо) осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген бабы;
     5) өзіне қатысты іс қозғалған адам туралы мәліметтер;
     6) егер бар болса, куәлар мен зардап шегушілердің аты-жөндері, мекенжайлары;
     7) жол берілген құқық бұзушылықтар үшін жауапты адамның түсініктемесі;
     8) метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, өткізілген күні мен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және қалпында сақтау кезінде техникалық құралдар қолданылған болса, оның көрсеткіштері мен істі шешуге қажетті өзге де деректер;
     9) істі шешуге қажетті өзге де деректер көрсетіледі.

     16. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаларға, сондай-ақ іс бойынша әкімшілік өндірістің басқа да қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, хаттамаға бұл туралы белгі қойылады.

     17. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген адам қолдарын қояды. Куәлар мен зардап шегушілер болса, онда олар да қолдарын қояды.

     18. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысу мүмкіндігі берілуі тиіс. Көрсетілген адамдар хаттама мазмұны бойынша түсініктемелері мен ескертулерін жазбаша түрде ұсынуға құқылы, олар хаттамаға қосылады. Көрсетілген адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиісті жазба жазылады.

     19. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін оның бір данасы қолын қойғызып тапсырылады.

     20. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ӘҚКо 648-бабында көзделген ережелер сақтала отырып, бес күндік мерзімде сол іс болған жерде қаралады.

     21. Мемлекеттік еңбек инспекторы қарау нәтижелері бойынша ӘҚКо 89-бабында көзделген құзырет шегінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік өндіріп алу туралы қаулы шығарады.

     22. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға қаулыны шығарған мемлекеттік еңбек инспекторы аты-жөнін көрсетіп қолын қояды.

     23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы істі қарау аяқталғаннан кейін кешіктірмей жарияланады. Қаулының көшірмесі оған қатысты қаулы шығарылған тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің өтініші бойынша зардап шегушілерге тапсырылады.

     24. Көрсетілген адамдар болмаған жағдайда, қаулының көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылған күннен бастап үш күн ішінде көрсетілген адамдардың мекенжайына жіберіледі.

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                        министрінің 2004 жылғы
                                         19 қарашадағы N 266-ө
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                      министрлігінің мемлекеттік
                                    еңбек инспекторларының актілер
                                       жасау және беру ережесіне
                                                1-қосымша

__________________                            ____________________
(шығарылған орны,                              (шығарылған күні)
уәкілетті органның
деректемелері)

                   Кімге _________________________________________
                                     (Т.А.Ә., лауазымы)
                         _________________________________________
                            (ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)
                         _________________________________________

                200__ жылғы "____" _______

                  N_____ ЖАЗБАША ӨКІМ

___________________________________________________________________
                        (жазбаша өкімнің түрі)
___________________________________________________________________
____________________________________ Қазақстан Республикасы Заңының
__________________________ сәйкес заңнаманың мынадай бұзушылықтары
(актің осы түрінің құқығын белгілейтін заңның бабы)

жойылсын:

N
р/р

Айқындалған бұзушылықтар және
оларды жою жөніндегі талаптар

Орындау
мерзімі

Ескерту

















       Жазбаша өкімнің орындалуы туралы онда көрсетілген мерзімдер
өткеннен кейін мына _______________ мекенжайға жазбаша хабарлансын.

Мемлекеттік еңбек инспекторы ____________   ______________________
Жазбаша өкімді алдым:           (қолы)             (Т.А.Ә.)

___________________________  ___________  _________________________
     (лауазымы)                 (қолы)            (Т.А.Ә.)

________________________
     1 Жазбаша өкім 2 данада жасалады (біріншісі - жұмыс берушіге,
екіншісі - мемеңбек инспекторына)

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                        министрінің 2004 жылғы
                                         19 қарашадағы N 266-ө
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                      министрлігінің мемлекеттік
                                    еңбек инспекторларының актілер
                                       жасау және беру ережесіне
                                                2-қосымша

__________________                            ____________________
(шығарылған орны,                              (шығарылған күні)
уәкілетті органның
деректемелері)

              Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                         N ____ҚАУЛЫ

     Мен, ______________Мемлекеттік еңбек инспекторы_____________,
     (облысы, қала, аудан бойынша)              (тегі, аты-жөні)
___________________________________________________________________
              (Т.А.Ә., азаматтығы, туған күні мен туған жері,
___________________________________________________________ қатысты
  тұратын жері, тіркелімі, жұмыс орны, лауазымы)
________________________________________бойынша көзделген әкімшілік
(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы)

құқық бұзушылық туралы істі қарап, ________________________________
                        (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
___________________________________________________________________
_________________________________________________________анықтадым.

     Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 550 және 651-баптарын
басшылыққа алып ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
_____________________________________ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық
(жауапкершілікке тартылатын тұлғаның тегі, аты-жөні)

туралы кодекстің _______ бабы бойынша ___________ теңге мөлшерінде
айыппұл салынсын.
     Айыппұл __________ кешіктірілмей ____________________________
N _______ шотқа енгізілуі тиіс, ал төлеу жөніндегі түбіртек
айыппұл салған мемлекеттік инспекторге ұсынылады.
     Әкімшілік заң бұзушылық туралы қаулыға, ҚР Әкімшілік заң
бұзушылық туралы Кодекстің 655 657 баптарында көзделген тәртіппен,
қаулының көшірмесі берілген күннен бастап 10 күн ішінде  шағымдануға, ал істі қарауға қатыспаған тұлға қолына алған күннен бастап дәл осы мерзімде шағымдануына болады.

     Мемеңбек инспекторы __________    200__ж. "____" ____________
                           (қолы)

     Қаулыны алған __________          200__ж. "____" ____________
                     (қолы)

                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                        министрінің 2004 жылғы
                                         19 қарашадағы N 266-ө
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     Қазақстан Республикасы Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                      министрлігінің мемлекеттік
                                    еңбек инспекторларының актілер
                                       жасау және беру ережесіне
                                                3-қосымша

__________________                            ____________________
(шығарылған орны,                              (шығарылған күні)
уәкілетті органның
деректемелері)

        Әкімшілік заң бұзушылық туралы N ____ хаттама

     Мен, ___________ Мемлекеттік еңбек инспекторы _______________
        (облысы, қала, аудан бойынша)                 (Т.А.Ә.)
___________________________________________________ тексеру кезінде
    (тексерілетін нысанның атауы)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің_____ көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын
      (баптың N)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
  (заң нормаларын, болған орыны мен уақытын көрсету арқылы
          анықталған заң бұзушылықтарды сипаттау)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________________анықтадым.

     Метрологиялық тексерістің атауы, номері, күні, ол әкімшілік
заң бұзушылықты айқындау және тіркеу кезінде пайдаланылған
жағдайда, техникалық құралдың көрсетімдері және істі шешуге қажетті
өзге де мәліметтер: _______________________________________________
___________________________________________________________________

Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін жауапты ________________________
                                        (Т.А.Ә. атқаратын қызметі)
___________________________________________________________________

Куәгерлер (егер болса) ____________________________________________
                         (Т.А.Ә., атқаратын қызметі, мекен-жайы)

Жауапты қызметкердің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің
584-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Бұзушылықтар үшін жауапты тұлғаның түсіндірмелері _________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Мемеңбек инспекторы ___________        Жауапты тұлға ______________
                      (қолы)                             (қолы)
Куәгер _______________________         Куәгер _____________________
                (қолы)                               (қолы)


Дата вступления в силу:  27.12.2004
Дата изменения акта:  24.07.2007
Дата принятия акта:  19.11.2004
Информация об официальном опубликовании акта:  "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені", 2005 ж. N 15, 98-құжат, "Заң" "Медиа-корпарация" ЖШС басылымы.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103016000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  22704
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  266
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002011000000
Форма акта:  ПРИК / ПРАВ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz