N 2672 тіркелген, "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 25 қарашадағы N 606 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3288. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 622 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға  346-қосымшада :
      4-тармақтағы "деңгейін арттыру," деген сөздерден кейін "судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "қамтамасыз ету," деген сөздерден кейін "судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны "шегінде ұстау." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік стипендия төлеуді қоса алғанда, саны 45 бірлік судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі