08.11.2004

Тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, қарсы агенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолы жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесін бекіту туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2012.10.03 № 660 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің қарсы агенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолы жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды мемлекеттік тіркеу үшін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      жөніндегі агенттігінің төрағасы
         2004 жылғы 10 қараша

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар министрінің 
2004 жылғы 8 қарашадағы N 400-І  
бұйрығымен бекітілген     

  Тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің қарсы
агенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес
кірме жолы жоқ кірме жолдардың қызметтеріне
кемсітусіз қол жеткізу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің қарсы агенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолы жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және тасымалдаушыларға, жүк жөнелтушілерге, қарсы агенттерге және басқа да тұлғаларға (бұдан әрі - қызметтерді пайдаланушылар) бәсекелес кірме жолы жоқ кірме жолдарды пайдалануға беру тәртібін белгілейді.

      2. Қызметтерді пайдаланушылардың бәсекелес кірме жолы жоқ кірме жолдардың қызметтеріне қызметтерді пайдаланушыларды кемсітусіз қол жеткізу тең жағдайлардың бар болуын көздейді.

      3. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ұғымдар мәнінде қолданылады.

  2. Қызметтерді пайдаланушылардың кірме жолдардың
қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізуінің
жалпы қағидалары

      4. Қызметтерді пайдаланушылардың кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мынадай қағидаларға негізделе отырып жүзеге асырылады:
      1) қызметтерді пайдаланушылардың барлығы үшін кірме жолдар қызметтерінің тең қол жеткізушілігі;
      2) кірме жол қызметтерінің тізбесін, олардың орындалуының, осы қызметтер үшін тарифтердің (бағаның, ставка алымдардың) темір жол көлігіндегі тасымалдау процесінің барлық қатысушылары үшін ақпараттық ашықтығы.

      5. Тармақ иесі мен қызметтерді пайдаланушылар қарым-қатынасы шарт негізінде құралады.

      6. Бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта кірме жолды пайдалануға беруді техникалық және технологиялық мүмкіндігі болмаған жағдайда кірме жолдың қызмет көрсетуін орташа таразыланған қағида арқылы жүзеге асырылады, ол келесіде - кірме жолдың қызмет көрсетуі келген өтініштердің көлеміне пропорционалды түрде кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылады.
      Пайдаланушылардың біреуі қызметтерді алудан бас тартқан жағдайда осындай қағида қалған техникалық және технологиялық мүмкіндіктер көлемі пайдаланушылар арасында пропорционалды түрде үйлестіріледі.

      7. Кірме жолдардың техникалық және технологиялық мүмкіндігі тармақ иесімен әзірленген магистральдық темір жол желінің операторымен келісілген Кірме жолдағы қозғалысты ұйымдастыру және қызмет көрсету инструкциясы бойынша анықталады.

      8. Тармақ иесінің кірме жолдары қызметтеріне бірнеше қызметтерді пайдаланушыларға қол жеткізуі берілген жағдайда төлем қызметтердің әрбір пайдаланушысынан, табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифке (бағаға, ставка алымдарға) сәйкес алынады.

  3. Кірме жолды пайдалану бойынша қызметтері
көрсетілетін туралы ақпарат беру

      9. Кірме жолды қызметтері көрсетілетін туралы ақпарат, олардың бағалары туралы, кірме жолдарға қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ кірме жолды қызметтерінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді көрсету туралы тармақ иесімен қызметтерді пайдаланушыларға электрондық және почталық байланыс немесе өзге әдістер арқылы текст, кесте және сызба ретінде ұсынылады.


Дата вступления в силу:  04.12.2004
Дата изменения акта:  03.10.2012
Дата принятия акта:  08.11.2004
Информация об официальном опубликовании акта:  "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2005 ж. N 9-13, 38-құжат, "Заң" "Медиа-корпарация" ЖШС басылымы.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103013000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  22212
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  400-I
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  009002000000
Форма акта:  ПРИК / ПРАВ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz