Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметiн ұйымдастыру тәртiбi ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 744 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3162. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Iзет" фирмасы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі "Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы N 862  қаулысында көзделген қаражат шегiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудің ақпараттық жүйесiн бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу және әзiрлеу үшін маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi беруші болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі