27.08.2004

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабын iске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларының iшкi тәртiп ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi осы Ереженi қатаң басшылыққа алуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енеді.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокурорының бірінші
      орынбасары 3-дәрежелі
      мемлекеттік әділет кеңесшісі
      ____________________________
      2004 жылғы 27 тамыз

"Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-  
атқару жүйесi комитетi      
тергеу изоляторларының iшкi   
тәртiп ережесiн бекiту туралы" 
Қазақстан Республикасы Әдiлет  
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы     
N 245 бұйрығымен бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларының
iшкi тәртiп ережесi

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларының iшкi тәртiбiнiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қылмыс жасаған сезiктiлер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес (бұдан әрi - Заң) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi тергеу изоляторларында сезiктiлердi және айыпталушыларды ұстау режимiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi тәртiбiн анықтайды.

      2. Тергеу изоляторында:
      1) үстiнен қозғалған қылмыстық iс тергеу және анықтау органдарының өндiрiсiне қабылданған сезiктiлер мен айыпталушыларға қатыстылары;
      2) үстiнен қозғалған қылмыстық iс соттың өндiрiсiне қабылданған сезiктiлер мен айыпталушыларға қатыстылары;
      3) үкiмi әлi заң күшiне енбеген қылмыстық iс бойынша сотталғандар;
      4) басқа қылмыстық iстер бойынша жауапқа тартылып, бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сотталғандар;
      5) қылмыстық жазаларын белгiленген тәртiппен бас бостандығынан айыру түрiнде немесе ерiксiз емдеу үшiн мекемелерге жiберуге жатқызылған қылмыстық iс бойынша сотталғандар;
      6) басқа адамдар жасаған қылмыстар бойынша тергеу жүргiзiлуiне немесе бұл iстердiң сотта қаралуына байланысты тергеу изоляторында қалдырылған немесе оған жазаны орындаушы мекемелерден ауыстырылған сотталғандар ұсталады.

      3. Тергеу изоляторларында тергеу изоляторларына шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысқа тартылған сотталғандар бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын өтейдi.
      Көрсетiлген санаттағы сотталғандарды тергеу изоляторында ұстау тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiмен (бұдан әрi - ҚР ҚАК), Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп ережелерiмен және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тиiстi нұсқаулығымен реттеледi.

      4. Режим Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен реттелген сезiктiлер мен айыпталушыларды ұстау тәртiбi мен жағдайларын танытады.
      Режим сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтарын сақтау, олардың өз мiндеттерiн атқару, оларды оқшаулау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен (бұдан әрi - ҚР ҚIЖК) көзделген мiндеттердi шешу мақсатында белгiленедi.

      5. Тергеу изоляторларында режимдi қамтамасыз ету, олардағы iшкi тәртiптi сақтау тергеу изоляторларының әкiмшiлiгiне, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе салғырт орындағаны үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiкке тартылатын қызметкерлерге жүктеледi. Тергеу изоляторының бастығы күн тәртiбiн белгiлейдi және бұйрықпен жариялайды. Онда сегiз сағаттық үздiксiз ұйқы, ұйқыдан тұру, дәрет алу, тамақтану, жұмыс, тәрбиелiк iс-шаралар, ұйқыға жату көзделедi.
      Айыпты немесе сезiктi тергеу изоляторында жауап алуға тек жұмыс уақытында ғана шақырыла алады, сонымен қатар камераға 21 сағаттан кешiктiрiлмей қайтарылуы тиiс.

      6. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар оларға Заңмен жүктелген және сезiктiлер мен айыпталушылардың тергеу изоляторларындағы мiнез-құлық мiндеттерi мен ережелерiнiң талаптарын бұлжытпай орындауға тиiс (N 11 қосымша).
      Олардың өз мiндеттерiн орындамауы заңда белгiленген тәртiпте жауаптылыққа әкелiп соғады.
      6-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларында ұсталынатын тұлғалармен азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және адамның ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер түрлеріне жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларындағы сотталғандарды нәсілдік белгілері, терісінің түсі, жынысы, тілі, діни, саяси және басқа да сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, отбасылық шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, ЖҚТБ/АҚТҚ жұқтыруы немесе кез келген басқа да жағдайлары бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.
      Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      7. Тергеу изоляторында инспекциялаушылар өз ескертулерiн, ұсыныстарын және кемшiлiктердi жою бойынша iс-шараларды орындау мерзiмiн енгiзетiн тергеу изоляторын инспекциялаушы адамдардың ескертулер мен ұсыныстар кiтабы (N 2 қосымша) жүргiзiледi.

      8. Тергеу изоляторында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады, олар "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 желтоқсандағы N 2709 Заңына сәйкес тексеру мақсатымен кез-келген уақытта бас бостандығынан айыру орындарына және жазалау мен сот тағайындайтын мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шараларды орындайтын басқа да мекемелерге барады.

2-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушыларды қабылдау
және камераларға орналастыру

      9. Тергеу изоляторына келiп түскен сезiктiлер мен айыпталушыларды қабылдау тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсiмен (бұдан әрi - кезекшi көмекшi) немесе тергеу изоляторына жеткiзiлген адамды қабылдауға негiз болатын құжаттардың болуын тексеретiн, аталған адамнан сұрастыру жүргiзетiн және оның берген жауаптарын жеке iсiнде көрсетiлген мәлiметтермен салыстыратын оның орынбасарымен тәулiк бойы жүргiзiледi.

      10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес шығарылған тергеушi мен анықтаушының судья санкция берген қаулысы, судьяның қаулысы не соттың қамау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысы тергеу изоляторына қабылдау үшiн негiз болатын құжаттар болып табылады.
      Тергеудегiлердiң, тергеу-қамаудағылардың жеке басын куәландыратын құжаттары жеке iсiнде сақталады, қажет кезiнде арнайы бөлiм қылмыстық процестi жүргізушi органның өкiлiне кейiннен қайтаруға қолын қойғызып бередi.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.12.05. N 327, 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      11. Тергеу изоляторына 3 жасқа дейiнгi баласы бар әйелдi қабылдау үшiн көрсетiлген құжаттардан басқа, туу туралы куәлiк немесе оның баласы екенiн растайтын басқа құжаттар, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда - қылмыстық iстi жүргiзушi анықтау жүргiзетiн адамның, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жазбаша нұсқауы болуы керек.

      12. Тергеу изоляторына қабылдау үшiн негiз болатын құжаттар тиiстi лауазымды адамдардың қолымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылуы тиiс.
      Тергеу изоляторына судьяның не соттың қамау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысынан көшiрме ұсынылған жағдайларда, онда осы бұлтартпау шарасы қолданылған адамның толық анықтама деректер көрсетiлуi керек. Көшiрме лауазымды адамның қолымен куәландырылған, елтаңбалы мөрмен бекiтiлген болуға тиiс және үш күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей қаулының көшiрмесiмен ауыстырылуға жатады.

      13. Транзиттi айдауылдалушы адамдар тергеу изоляторына қабылданады және жеке iстер және iлеспе тiзiмдер бойынша анықтамалар негiзiнде орындарға белгiленген.

      14. Ұсталынғандарды ұстау орындарында қылмыстық iстерi бойынша тергеу кезiндегi ұстау мерзiмi аяқталған және заңнамада белгiленген тәртiппен ұзартылмаған сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторына қабылданбайды. Күзетте ұстау мерзiмдерi аяқталған адамдар тергеу изоляторына қабылданғаннан кейiн заңмен белгiленген тәртiпте тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жоспарлы айдауыл тобынан босатылады.

      15. Тергеу изоляторына қабылданған адамдар келiп түскен күннен бастап бiр тәулiктiң iшiнде алғашқы медициналық куәландырудан және санитарлық тазартудан өтедi. Медициналық куәландырудың қорытындысы медициналық амбулаториялық картаға енгiзiледi.
      Тергеу изоляторы дәрiгерiнiң қорытындысы бойынша шұғыл стационарлы емдеудi қажет ететiн адамдар мекемеге қабылданбайды. Қажеттiлiгiне қарай оларға медициналық көмек көрсетiледi.
      Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      16. Санитарлы тексерiстен өткеннен және медициналық куәландыру қорытындысын алғаннан кейiн сезiктiлер, айыпталушылар төсек жабдықтарын алады, ал қажет болған кезде белгiленген үлгiдегi киiм-кешектi алады. Әскери қызметшiнiң немесе құқық қорғау органдары қызметкерiнiң нысанды киiмiмен келiп түскендердiң киiмдерi мiндеттi түрде ауыстырылады. Қажеттi жағдайда кәмелетке толмағандардың, қылмыстың аса қауiптi рецидивi бойынша сотталғандардың, өлiм жазасына сотталғандардың ӨБББА және карцерге орналастырылғандардың киiмдерi ауыстырылады. Оларға тиiстi киiмдер алынады және сақтауға тапсырылады.

      17. Тергеу изоляторына қабылданған сезiктiлерге, айыпталушыларға құқықтары мен мiндеттерi, күзетте ұстау режимi, тәртiптiк талаптары, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы хабардар етiледi. Көрсетiлген ақпарат жазбаша түрде де, ауызша түрде де ұсыныла алады.
      Кейiннен радио арқылы, камераларды аралау кезiнде, сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының және оларға өкiлеттi қызметкерлердiң жеке қабылдауында берiледi.
      Сезiктiлер мен айыпталушыларға олардың өтiнiшi бойынша Заңның және осы Ережелердiң өздерiне қатысты бөлiгiнiң көшiрмесi берiледi. Әрбiр камерада қабырғада тергеу изоляторында ұсталушы адамдардың негiзгi құқықтары және мiндеттерi туралы мемлекеттiк тiлде және ресми қолданылатын орыс тiлiнде жазылған ақпарат iлiнедi.

      18. Қарауылдан (айдауылдан) қабылданған адамдарды есепке алу құжаттарын ресiмдеу кезеңiнде оқшаулау талаптары сақтала отырып, құрама бөлiмшенiң камераларына бiр тәулiктен аспайтын мерзiмге не орындықтармен және жасанды жарықпен жабдықталған бiр орындық бокс бөлмесiне екi сағаттан аспайтын мерзiмге орналастырылады.

      19. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдар тергеу изоляторының қызметкерлерi тарапынан сыпайы қатынас талап етуге құқылы. Олармен "Сiз" деп сөйлесулерi керек және оларды "азамат" немесе "азаматша" және бұдан әрi тегiмен не сәйкесiнше "сезiктi", "айыпталушы" немесе "сотталған" деп атауы керек.

      20. Сезiктiлердi, айыпталушыларды және сотталғандарды камералар бойынша орналастыру Заңның 32-бабының талаптарына сәйкес тергеу изоляторы бастығы бекiткен камераларға орналастыру жоспарының (N 3 қосымша) негiзiнде жүзеге асырылады. Бiр қылмыстық iс бойынша немесе өзара байланысты бiрнеше iс бойынша сезiктiлер мен айыпталушылар бiр-бiрiнен бөлек орналастырылады. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi оларды бiр-бiрiмен байланыс жасатпау үшiн шара қолданады.
      Сезiктiлер мен айыпталушыларды камераларға жедел қызмет қызметкердiң келiсiмi бойынша, ал кәмелетке толмағандарды тәрбие жұмысы жөнiндегi нұсқаушысының келiсiмi бойынша кезекшi немесе оның орынбасары орналастырады. Ауру адамдар медицина қызметкерлерiнiң нұсқауымен орналастырылады. Жұқпалы ауруы бар деген сезiктi адамдар карантинге бөлiнген камераларға орналастырылады. Карантин мерзiмi медициналық көрсеткiштер бойынша белгiленедi.

      21. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтiмдi және байқауды қажет ететiн аурулар басқа сезiктiлер мен айыпталушылардан бөлек орналастырылады.

      22. Тергеу изоляторының ауруханалары мен стационарлық медициналық бөлiмшелерiнде сезiктiлер мен айыпталушылардан ауру түрлерiне қарай орналастырылады. Ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар бiр-бiрiнен бөлек орналастырылады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған сезiктiлер мен айыпталушылар, аса қауiптi қайта жасалған қылмыспен сотталғандар, сондай-ақ өлiм жазасына және ӨБББА сотталған адамдар оқшау ұсталады.

      23. Кәмелетке толмағандар жасына денесiнiң жетiлуi, жеке корпустарында, секцияларда немесе режимдi корпустың қабаттарында орналасқан аз орындық камераларда кем дегенде 4-6 адамнан орналастырылады.

      24. Ерекше жағдайларда Заңның 32-бабына сәйкес, алғаш қылмысқа тартылушылар, жақсы мiнездемесi бар ересек сезiктi мен айыпталушылар қатарынан iрiктелiп алынғандар кәмелетке толмағандармен бiр камераға орналастырылады.
      Аз орындық камераларға кәмелетке толмағандармен бiрге мұндай ересектердiң бiр-екеуi үш адамнан аспаса жалпы камераларға орналастырыла берiледi.

      25. Шаруашылық жөнiнде қызмет көрсету жұмыстары үшiн қалдырылған сотталушылар режимдi аймақтың аумағындағы жеке үй-жайға немесе корпустағы оқшауланған секцияның камерасына орналастырылады. Бұл камералар құлыппен жабылмауы да мүмкiн.

      26. Сезiктiлер мен айыпталушылар құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады (N 4 қосымша). Сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы бастығының дәлелдi қаулысы бойынша жеке адамға арналған камераларға орналастыруға төмендегiдей жағдайда рұқсат етiледi:
      1) осы Заңның 32-бабында көрсетiлген бөлек орналастыру талаптарын орындауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмағанда;
      2) өмiр және денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;
      3) сезiктi, айыпталушы жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда;
      4) сезiктiлермен, айыпталушыларды егер олар күндiз жалпы камерада ұсталатын болса, түнгi уақытта жеке камераларға орналастыру кезiнде.
      Сезiктiлермен, айыпталушыларды жеке камераларда жоғарыда көрсетiлген жағдайлардан басқа бiр тәулiктен артық ұстау үшiн Заңның 31-бабының тәртiбiмен тергеу изоляторы бастығының сезiктiнi, айыпталушыны жеке камераға ауыстыру туралы прокурордың санкция берген қаулысы шығарылады (N 5 қосымша).

      27. Осы Ереженiң 20-тармағында көрсетiлген оқшаулау тәртiбi сезiктiлер мен айыпталушылардың барлық орын ауыстыруы (серуендеу, еңбек объектiсiнде санитарлық тазалау кезiнде тергеу изоляторының аумағында және дәлiзде қозғалуы) кезiнде қамтамасыз етiлуi қажет.

      28. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшiн карцерлердiң терезесi камераларға табиғи жарық түсiруге кедергi келтiрмейтiн қалқан-жалюзбен жабдықталады. Қажет болған жағдайларда тергеу изоляторы бастығының өкiмi бойынша оқшаулауды күшейту үшiн қалқан-жалюздер басқа камералардың терезелерiне де орнатылуы мүмкiн.

      29. Жүктi әйелдер, қолында үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер жеке режимдiк корпустардағы неғұрлым құрғақ камераларға немесе оқшауланған бөлмелерге орналастырылады. Камералар бiр ярусты ұйықтау орындарымен жабдықталады.

      30. Жүктi әйелдер, қолында үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер орналастырылған камералардың терезесiне пердесiз темiр тор орналастырылады.

3-тарау. Сезiктiлердi, айыпталушыларды суретке
түсiру, жеке тiнту, дактилоскопияға, заттардың
тексеруiн жүргiзу

      31. Тергеу изоляторына түскен сезiктiлер, айыпталушылар толық жеке тiнтуден өткiзiледi, суретке түсiрiледi, ал олардың жеке заттарына тiнту жүргiзiледi.

      32. Сезiктiлер мен айыпталушылардың жеке тiнту және олардың заттарын тексеру сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiкті немесе өзiне тиесiлi емес заттарды тауып алу мақсатында жүргiзiледi.

      33. Сезiктiлер мен айыпталушыларға сақтауға және пайдалануға тыйым салынатын заттарға адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн заттар мен тағамдар, қылмыс жасау құралы ретiнде пайдаланбақ болған немесе қамауда ұстауға қарсыласу мақсатында пайдаланылмақ болған, сондай-ақ сезiктiлер мен айыпталушылардың ұстауына болатын, сәлемдеме, сәлем-саухат арқылы және ақшасыз есеп айырысу арқылы сатып ала алатын күнделiктi қажеттi заттар: киiм-кешек, аяқ киiм, басқа да (бұдан әрi - өндiрiстiк тауарлар тiзiмi) (N 6 қосымша) кiргiзiлмеген немесе белгiленген мөлшерден асып кеткен азық-түлiк, аяқ киiмдер және басқа да өндiрiс заттары кiредi.

      34. Жеке тiнту толық және жартылай болады. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторына келген кезде одан сырт жерге жөнелтiлер алдында карцер камерасына немесе бiр адамдық үй-жайға қамалар алдында, тек Ереженiң 26-тармағында көрсетiлген жағдайлардан басқа, сондай-ақ басқа да жағдайларда тергеу изоляторы бастығының немесе орынбасарының нұсқауымен жеке тiнтуден өтедi.
      Толық тiнту кезiнде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмдерi, аяқ киiмдерi, сондай-ақ протезi мұқият тексерiледi. Сезiктiлер мен айыпталушыларға толық шешiнiп, денесiнiң тиiстi жерiн көрсету ұсынылады. Пластырлы жапсырма, гипс және басқа да байлауыштар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге тiгiлген заттар табылған жағдайда, матасы сөгiледi. Аяқ киiм болса, оның жапсырмасы, темiр тағалары суырылып алынады.
      Сезiктiлер мен айыпталушыларға азық түлiк өнiмдерi тiзiмiнде белгiленген өзiмен алып жүруге болатын және камерада сақтауға болатын заттар мен азық-түлiк ғана қалдырылады. Сезiктiлер мен айыпталушылармен қалдырылған олардың жеке заттары мен құралдары камера карточкаларына жазылады. Басқа құралдары, заттары және азық-түлiк сақталып қойылуға алынады немесе тергеу изоляторы бастығының қаулысы бойынша жойылып, тиiстi акт жасалады.

      35. Жартылай тiнту сезiктiлер мен айыпталушылардың тергеу изоляторынан тыс алып шыққанда (саусағының таңбасын алуға, дәрiгерге, тергеушiге алып шыққанда, туыстарымен және басқа да адамдармен кездестiру алдында және Ереженiң 26-тармағымен қарастырылған басқа камераға ауыстыру кезiнде және т.б.) жүргiзiледi. Жартылай тiнту тiнтiлушiнi шешiндiрмей-ақ киiмiн және аяқ киiмiн қарап, саусақпен басып көру арқылы жүргiзiледi.

      36. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке тiнтудi онымен жынысы бiр тергеу изоляторының қызметкерi жүргiзедi. Толық тiнту кезiнде қарсы жынысты адамның қатысуына болмайды, тек қажет болған жағдайда медицина қызметкерiнiң қатысуына болады.

      37. Тергеу изоляторына келген сезiктiлер мен айыпталушылар олардың жеке iстерiнде танитын фотосуретпен дактилоскопиялық карта болмаған кезде фотодактилоскопия тобының қызметкерлерiмен фотосуретке түседi және дактилоскопияға түседi. Олардың әрқайсысына бiр дактилоскопиялық карта және алты фотосурет дайындалады (үшеуi анфас және үшеуi тура) көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр.

      38. Сезiктiлер мен айыпталушылардың заттарын тексеру олар тергеу изоляторына түскен кезде, одан сырт жерге жөнелтiлерде, басқа камераға, медициналық стационарға ауыстырылғанда немесе карцерге қамаларында өзiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Қажет жағдайларда тергеу изоляторы бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша сезiктiлер мен айыпталушылардың заттарын тiнту олардың иелерi болмаған кезде болады.

      39. Сезiктiлер мен айыпталушыларды толық жеке тiнту мен олардың заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi, оған қоса тыйым салынған азық-түлiк пен заттардың алынғаны акт тiркелiнедi. Толық тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген жағдайда бiр хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға сезiктiнiң немесе айыпталушының және жеке тiнту жүргiзген тергеу изоляторы қызметкерiнiң қолдары қойылады. Сезiктiнiң немесе айыпталушының хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акт жеке iске тiгiледi. Толық жеке тiнту немесе заттарды тексеру туралы күдiктiнiң және айыпталушының камералық карточкасында тiнту мен заттарын тексерушiнiң тегi мен тексерiлген күнi көрсетiлiп белгiленедi.

      40. Жартылай жеке тiнту жүргiзiлгенде тыйым салынған заттар мен азық-түлiк туралы рапорт жазылады.

      41. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке тiнту немесе заттарын тексеру жүргізген кезде тыйым салынған құралдарды заттар мен азық-түлiктердi iздеуге арналған техникалық құралдарын пайдалануға болады.

4-тарау. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған
құралдарды, заттарды және азық-түлiктердi
сезiктiлер мен айыпталушылардан алып қою

      42. Сезiктiден немесе айыпталушыдан сақтауға қабылданған немесе одан алынған ақшасы жеке есеп-шотына салынады. Қымбат мүлiктер (қымбат металдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, iнжу және одан жасалған бұйымдар, барлық түрдегi және маркадағы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта және мобильдiк байланыс құралдары) тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне сақтауға тапсырылады. Пайдалануға және тыйым салынған құралдар, заттар және азық-түлiктер мекеменiң қоймасына тапсырылады немесе жойылады.
      Ескерту: 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      43. Сақтауға келiп түскен немесе сезiктiлер мен айыпталушылардан алынған қымбат мүлiктерге белгiленген үлгiде үш данамен акт толтырылады (N 7 қосымша). Бiрiншi данасы күдiктiге немесе айыптыға берiледi, екiншi данасы қаржы бөлiмiне берiледi, ал үшiншiсi жеке iсте сақталады. Ақшаның жеке есеп шотына түскеннен кейiн сезiктi мен айыпталушыға қаржы бөлiмiмен алынып алынған немесе сақталып жатқан есептегi сомасы көрсетiлген түбiршек берiледi.

      44. Сезiктiлерден және айыпталушыдан алынған немесе сақталуға қабылданған ақша немесе қымбат мүлiктер туралы тергеу изоляторы әкiмшiлiгi өндiрiсiнде қылмыстық iс тұрған органға оның сұратуы бойынша хабарлайды.

      45. Сезiктi мен айыпталушыдан басқа құралдары мен заттары және азық-түлiк тергеу изоляторы бастығының режим және күзет бөлiмiнiң қызметкерлерi, медицина бөлiмi есебiнен тағайындаған комиссиясының жасаған актiсi бойынша сақтауға қабылданады (N 7 қосымша).

      46. Тыйым салынған құралдар, оның iшiнде: заттар және тамақ өнiмдерi, спирттi iшiмдiктер немесе спирттiк негiзде дайындалған тамақтар, оларды дайындауға арналған өнiмдер, есiрткiлер (оларды тарату фактiсi бойынша қылмысты iс қозғаудан басқа жағдайда) және оларды пайдалануға арналған құралдар: тез тұтанғыш құралдар мен заттар, тергеу изоляторы медициналық қызметкерiнiң қорытындысы бойынша арналған мақсатқа қолдануға жарамсыз табылған дәрi-дәрмектер; ойын карталары, эротикалы, порнографиялық немесе зорлықты насихаттайтын графикалық, баспадан шыққан, фото және бейне өнiмдерi, пайдалануы адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн немесе сақталуын тергеу изоляторында қамтамасыз ету мүмкiн емес, сақтауға ерекше жағдайды қажет ететiн, пайдалануы немесе құрамын анықтауға келмейтiн немесе өзiнiң алғашқы тұтынушылық маңызын жоғалтқан және N 2 қосымшаға кiрмейтiн азық-түлiк мен басқа да заттар жойылуға жатқызылады.

      47. Сезiктi мен айыпталушыдан күзетте ұсталынуы кезiнде одан ақша немесе қымбат мүлiк табылған немесе алынған әрбiр фактi бойынша олардың қайдан пайда болғанын және нақты иесiн анықтау үшiн тексеру жүргiзiледi.

      48. Сезiктiлер мен айыпталушыдан табылған және алынған бөтен құралдар, заттар мен азық-түлiк өз иелерiне қайтарылады. Егер алынған құралдардың, заттардың және азық-түлiктiң иелерi анықталмаса, ақша, бағалы қағаздар және қымбат мүлiктер тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы тарату және тиiстi бюджет кiрiсiне енгiзу үшiн салық органдарына тапсырылады.

      49. Сезiктiлер мен айыпталушылардың өтiнiшi бойынша және қылмысты iс өндiрiсiнде болған адамның немесе органның келiсiмiмен тергеу изоляторында сақталуда жатқан құралдар, заттар және азық-түлiк күдiктiлердiң немесе айыпкерлердiң туыстарына немесе басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.
      50. Сезiктiлер мен айыпталушының қайтыс болған жағдайда оның сақталуда жатқан ақшалары, қымбат мүлiктерi, басқа да құралдары, заттары және азық-түлiк заңмен белгiленген тәртiппен мұрагерлерiне берiледi.

5-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушыларды
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      51. Сезiктiлер мен айыпталушылар жеке пайдалану үшiн мына заттармен қамтамасыз етiледi:
      1) жатар орынмен;
      2) төсек қажеттерiмен: матрац, жастық, көрпемен;
      3) төсек жабдығымен, екi жаймамен, жастық тысымен;
      4) орамалмен;
      5) асхана ыдыстарымен және асхана құралдарымен: табақпен, кружкамен, қасықпен;
      6) жыл мерзiмiне сай киiммен (өзiнiкi болмаған жағдайда);
      7) тергеу изоляторының кiтапханасынан кiтап-журналдармен.
      Аталған заттар күзетке алынғанда ұсталатын мерзiмде уақытша берiледi.
      Ұйықтайтын орындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы тиіс (бөлме квадратурасы, көзге қауіпсіз жарықтандырылуы, табиғи жарықтандырылуда әдебиеттерді оқуға мүмкіншіліктің берілуі, бөлменің желдетілуі).
      Ескерту: 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      52. Мына заттар камераларда жалпы пайдалану үшiн белгiленген нормаларға сәйкес және ондағы адамдардың санына қарай есептелiп берiледi:
      1) шаруашылық сабыны;
      2) гигиеналық мақсатта қолданылатын қағаз;
      3) газеттер;
      4) стол ойындары, дойбылар, шахматтар, домино, нардалар;
      5) камераны жинауға арналған құралдар;
      6) тiгiн инелерi, қайшы, азық-түлiк турайтын пышақ (әкiмшiлiктiң бақылауымен сезiктiлер мен айыпталушыларға қысқа мерзiмге берiлуi мүмкiн).
      Баласы бар әйелдер бала күтiмiне қажет құралдарды алады.

      53. Тергеу изоляторының камералары:
      1) стол және орындықтармен және камерадағы орындар бойынша отырғызу орындарымен;
      2) санитарлық тораппен;
      3) суы бар құбыр кранымен;
      4) электр құралдарын қосатын розеткалармен;
      5) азық-түлiк шкафымен;
      6) сыртқы киiм iлгiштерiмен;
      7) қажеттi заттарға арналған сөремен;
      8) қабырғаға бекiтiлген айнамен;
      9) ауыз суға арналған ыдыспен;
      10) жалпымемлекеттiк бағдарлама таратуға арналған радиодинамикамен;
      11) әкiмшiлiк өкiлiн шақыртатын кнопкамен;
      12) қоқысқа арналған ыдыспен;
      13) күндiзгi және түнгi жарықбергiштер;
      14) қосымша ақылы қызмет көрсетiлген жағдайда желдеткiш жабдығымен, сондай-ақ тұрмыс құралдарымен;
      15) балалы әйелдер жататын камераларда балалардың кереуеттерiмен;
      16) кiр жуатын және гигиеналық қажеттiлiкке керек ыдыспен жабдықталады.

      54. Камерада су ысытатын құралдар немесе су құбырында ыстық су болмағанда кiр жууға және гигиеналық мұқтаждылыққа қажет ыстық су және қайнаған су белгiленген уақытта қажет мөлшерде берiледi.

      55. Камераларда және карцерлерде ұсталатын сезiктiлер мен айыпталушылар санитарлы ұялары болмаса, дәретханаға күнiне екi рет (таңертең - тұрғаннан кейiн және кешке ұйқыға жатар алдында) шығарылады. Санитарлы ұясы жоқ камераларда және карцерлерде қақпағы оған жапсырылған арнайы бөшкелер қойылады.

      56. Сезiктiлер мен айыпталушыларға аптасына бiр рет 15 минуттан кем емес уақытқа душта жуынатын мүмкiндiк берiледi. Апта сайын душта шомылғаннан кейiн төсек жабдықтары ауыстырылады.

      57. Күзетке алынғанда ұсталатын адамдарға өздерiнде болмаған жағдайларда олардың өтiнiшiмен тергеу изоляторы әкiмшiлiгiмен белгiленген уақытта аптасында кемiнде екi мәрте қырынатын құралдар берiледi.

      58. Стол ойындары он адамға бiр комплектiден немесе iшiнде он адамнан кем болмаса бiр камераға бiр комплектiден берiледi.

      59. Сезiктiлер мен айыпталушылардың өз өтiнiшi бойынша ұсыныс, өтiнiш, шағым жазуға жазу құралдары берiледi (қағаз, шариктi қаламсап).

      60. Тергеу изоляторының кiтапханасынан газеттер келiп түсуi мөлшерi бойынша он адамға бiр газет немесе егер iшiнде он адамнан кем болмаса бiр камераға бiр газеттен берiледi.

      61. Тергеу изоляторының кiтапханасынан кiтап және журнал айырбастау аптасына бiр мәрте жүргiзiледi. Кiтапхана абонементiн пайдалану ережесiн тергеу изоляторының бастығы бекiтедi.

      62. Сезiктiлер мен айыпталушыларға күзетте ұсталу кезiнде төмендегiдей келтiрiлген зияндығы үшiн материалдық жауапкершiлiк жүктеледi:
      1) еңбек туралы заңмен қарастырылған тәртiппен және мөлшерiнде жұмыс мiндетiн атқаруда келтiрiлген зиянына орай;
      2) заңмен қарастырылған тәртiппен және мөлшерiнде басқа iс-әрекетпен мемлекетке келтiрiлген зиянына орай.

      63. Материалды зиян келтiрген кiнәлiлердi анықтау үшiн тергеу изоляторының әкiмшiлiгi тексеру жүргiзедi, оны тергеу изоляторының бастығы тағайындайды және ол зиян келтiрiлген фактiнi анықтаған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей аяқталуы тиiс.

      64. Қызметтiк тексерiс барысында материалдық жауапкершiлiк басталатын кездiң жағдайлары, келтiрiлген зиянның нақты мазмұны және мөлшерi немесе материалды жауапкершiлiкке негiздiң жоқтығы анықталады.
      Тексеру жүргiзу кезiнде мiндеттi түрде шығын келтiрген адамнан жазбаша түсiнiк алынуы керек. Ол Адам жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартқан жағдайда бұл жайды тексеру материалдарында қамтылып көрсетiледi.

      65. Шығынның мөлшерiн тергеу изоляторы бастығының қызметтiк тексеру нәтижесiне орай шығарылған мөрi қаулысының негiзiнде анықталады. Қаулы шығын келтiрiлген күдiктiге немесе айыптыға оқылып, одан қолхат алынады. Шығын сезiктi мен айыпталушының жеке шотындағы ақшадан өндiрiледi.
      Сезiктiнiң және айыпталушының өтiнiшi бойынша ол келтiрген шығынның орнын оның туыстары немесе басқа адамдар өз келiсiмдерiмен толтыруларына болады.

      66. Сезiктiлер мен айыпталушының жеке шотында ақша болмаған жағдайда, сондай-ақ тергеу изоляторында шығынның орны толық толтырылмаған болса, ол адамды қылмыстық жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтейтiн мекемеге жiберер кезде одан шығынның өтемiн ұстап қалу туралы қаулы оның тұрып жатқан жерiне жiберiледi, ол жерде өндiрiлмеген шығынды сотталған адамның жеке шотына түскен қаржыдан аталған мекеменiң әкiмшiлiгi өндiрiп алады.

      67. Тергеу изоляторы бастығының келтiрiлген шығынды өндiрiп алу жөнiндегi қаулысына лауазымды қызметкерге, прокурорға немесе сотқа шағым жазуға болады. Берiлген шағым шығынның орнын толтыруын тоқтатпайды. Шағым қанағаттандырылған жағдайда бұрынғы ұсталынған сомалары сезiктiлер мен айыпталушылардың жеке шотына аударылады.
      68. Сезiктi, айыпталушы босатылған жағдайда орны толтырылмаған материалдық шығынды соттың шешiмiмен өндiруге болады.
      69. Тергеу әкiмшiлiгiнiң кiнәсiмен сезiктi мен айыпталушыға келтiрiлген шығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiледi.

6-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушылардың азық-түлiк, сондай-ақ күнделiктi қажет құралдарды және басқа да өндiрiстiк тауарларды сатып алуы

      70. Сезiктiлер мен айыпталушылар азық-түлiк, күнделiктi қажет құралдарды және басқа да сақтауға, пайдалануға тыйым салынбаған өнеркәсiп тауарларын ақшасыз есеп айырысу арқылы тергеу изоляторының дүкенiнен (ларегiнен) немесе тергеу изоляторында дүкен (ларек) болмаған жағдайда басқа сауда орындарынан сатып алады.

      71. Тергеу изоляторының дүкенiнде (ларегiнде) сатылуға рұқсат етiлген азық-түлiктiң, күнделiктi қажет құралдардың және өндiрiс тауарларының ассортиментi тiзбемен белгiленедi. Сезiктi мен айыпталушының тауар алуға жұмсайтын ақшасының мөлшерi шектелмейдi.

      72. Бiр адамға берiлетiн азық-түлiк және басқа да тауарлардың ассортиментi, мөлшерi бойынша белгiлемейдi. Сезiктi мен айыпталушы өзiмен сақтауға болатын азық-түлiктiң жалпы салмағы 50 кг. аспауы керек. Сатып алынған тауардың босатылуы айына екi реттен кем болмауы керек.

      73. Сезiктiлер мен айыпталушыны дүкенге (ларекке) шығаруға тыйым салынады. Дүкендегi (ларектегi) бар тауарлардың ассортиментi және олардың құны күзет қамауындағы алынған адамдардың назарына жеткiзiлiп отырылады.

      74. Азық-түлiк, күнделiктi қажет заттар және өндiрiс тауарларын сатып алғысы келетiн адамдар тергеу изоляторы бастығының атына белгiленген үлгiде өтiнiш жазып (N 8 қосымша), жеке шотында ақшасы бар екендiгi туралы көрсетiлген ақша түбiршегiмен бiрге әкiмшiлiк өкiлiне тапсырады.
      Дүкеннiң (ларектiң) қызметкерi тауар сатып алғысы келген сезiктi мен айыпталушының жеке есеп шотында ақшасының бар жоғын қаржы бөлiмiнен тексередi. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылып, қолхат арқылы берiледi.

      75. Егер тауар сатып алынып берiлген сезiктi мен айыпталушының жеке шотында ақша қалса, оған тиiстi белгi қойылған түбiртегi қайтарылады, ал егер қалдық ақша болмаса түбiртегi өтiнiшке тiркеледi. Жұмыс күнiнiң соңында дүкен (ларек) қызметкерi аванс есебiн жасап, оны өтiнiшпен бiрге жеке шоттағы ақшаны жазу үшiн қаржы бөлiмiне тапсырады.

      76. Тергеу изоляторында дүкен (ларек) болмаған жағдайда сезiктiлер мен айыпталушылар қажеттi тауарларды тергеу изоляторынан тыс жерде орналасқан сауда нүктесiнен сатып алады.
      Сезiктiлер мен айыпталушылар ондағы қызметкерлерге талап етiлген ақша сомасын өз есебiнен алуға мекеменiң қаржы бөлiмiнiң кассасындағы өзiнiң жеке шотынан алуына, белгiленген тәртiппен куәландырылған сенiмхат бередi. Берiлген ақша өз есебiне алынған адамның есебiнен авансты есеп және өтiнiш берушiге сатып алынған азық-түлiк және күнделiктi қажет заттар берiлгенiн дәлелдейтiн құжат негiзiнде шығарылады. Азық-түлiк және күнделiктi қажет заттарды алуда өтiнiштiң және қолхаттың негiзiнде олардың бағасы сезiктiлер мен айыпталушылардың жеке шотынан алынып тасталынады.
      Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сезiктiлер мен айыпталушылардың азық-түлiк және күнделiктi қажет заттарын сатып алуға жұмсаған ақша сомасы (күнi көрсетiле отырып) туралы оның жеке iсiнде белгiлейдi.

7-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушыларға сәлемдемелердi,
сәлем-саухатты қабылдау және беру

      77. Сезiктiлер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелердi, сәлем-саухатты қабылдау тергеу изоляторының осы мақсатқа жабдықталған арнайы бөлмеде жүргiзiледi (N 9 қосымша). Сезiктiлер мен айыпталушыларға сәлемдеме мен сәлем-саухаттың салмағы пошта ережесiмен қарастырылған мөлшерден аспаса алуға шек келтiрiлмейдi. Сәлемдемелер жеткiзушiлердiң кезектесуi тәртiбiмен берiледi. Азық-түлiктiң тiзбесi мемлекеттiк және ресми қолданылатын орыс тiлiнде сәлемдеме қабылдайтын бөлмеде iлiнедi.

      78. Сәлемдеменi жеткiзген адам белгiленген үлгiде (N 10 қосымша) екi данада өтiнiш толтырады және оған қол қояды. Өтiнiштiң екi данасы, сәлемдеме, сәлем-саухатты жеткiзген адамды куәландыратын құжат тергеу изоляторының қызметкерiне берiледi.

      79. Сәлемдеменiң түгендiгiн және салмағын (N 11 қосымша) өлшеп тексеру оны жеткiзген адамдардың қатысуымен жүргiзiледi. Салынғанның тiзбесi және сәлемдемелердiң және сәлем-саухаттың салмағы өтiнiште тексерiледi және белгiленедi. Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын құжат сәлемдеменi салыстырып тексергеннен кейiн қайтарылып берiледi.

      80. Тергеу изоляторының қызметкерi сәлемдеменi алғаннан кейiн жеткiзушiге жеке құжаттарын және өтiнiштiң бiрiншi данасын қабылдағаны жайлы қолын қойып қайтарады, ал екiншi данасы сезiктi мен айыпталушының алғаны туралы қолы қойылғаннан кейiн оның жеке iсiне тiркейдi. Бұл адамға анықтама карточкасында сәлемдеменi қабылданғаны туралы белгi қойылады. Сезiктi немесе айыпталушы өтiнiшке қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл жайлы өтiнiште тиiстi белгi қойылады.

      81. Сәлемдемелер мынадай жағдайда қабылданбайды және келушiге керi қайтарылады:
      1) күзетке алынғаннан алушының немесе ол тергеу изоляторынан үш тәулiктен артық уақытқа шығарылғанда;
      2) сезiктi немесе айыпталушы өлгенде;
      3) сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiне арналған сәлемдеменi өз қолымен алуына немесе iшiндегi затты керегiне жаратуға мүмкiндiгi болмағанда;
      4) пошта тәртiбiмен қарастырылған сәлемдеме салмағы сай келмегенде;
      5) сәлемдеменi жеткiзген адам төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын құжатын көрсетпегенде;
      6) сәлемдеменi қабылдауға арналған өтiнiш дұрыс жазылмағанда;
      7) күдiктiнiң немесе айыпталушының өзiне арналған сәлемдеменi қабылдаудан жазбаша түрде бас тартқанда;
      8) транзитпен жөнелтілетін адамдарға.
      Ескерту: 81-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      82. Тергеу изоляторында немесе ауруханада емделу курсынан өтiп жатқан адамдарға келген сәлемдемелердi қабылдарда емдеушi дәрiгердiң кепiлдемесi ескерiледi.

      83. Сәлем-саухаттың құрамын ашқан және салыстырғаннан кейiн екi данада тiзiм құрастырылады, онда: заттар мен тамақтың атауы және тiзбесi, олардың iшкi сапасы, нақты не алынды және сақталғаны көрсетiледi. Сақтауға рұқсат етiлген заттар, тамақтар және азық-түлiктер сезiктiге, айыптыға жазбаға қолхат арқылы берiледi, оның бiрiншi данасы жеке iске, ал екiншi данасы номенклатуралық iске тiркеледi.

      84. Сезiктiлер мен айыпталушылардың сәлемдемелерiнен табылған сақтауына және пайдалануына тыйым салынған құралдар, заттар және азық-түлiктер сәлемдеменi жеткiзген адамға қайтару себебi көрсетiлiп, қайтарылып берiледi. Сәлемдемелер мен сәлем-саухатта табылған ақшалар сезiктiлер мен айыпталушылардың жеке шотына аударылады.

      85. Осы Ереженiң 81-тармағының 1), 2), 3), 7) тармақшаларында көрсетiлген жағдайда сәлем-саухатты жөнелтушiге қайтарылады. Сәлем-саухат пошта арқылы үстеме төлеммен "керi қайтарылады" деген таңбамен қайтарылады.

      86. Карцерде отырған адамдардың атына келiп түскен сәлемдеме мен сәлем-саухат қоймаға сақтауға тапсырылады және сезiктiлер мен айыпталушыларға олардың карцерде отыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн табыс етедi.

      87. Сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарына не басқа адамдарға тергеу изоляторының қаржы бөлiмi арқылы тергеу изоляторының дүкендерiнде (ларектерiнде) сатуда бар азық-түлiктiң, күнделiктi заттардың және басқа да өнеркәсiп тауарларының құнын, кейiн оны сезiктiлер мен айыпталушыларға табыс ету үшiн төлеуге мүмкiндiк берiледi.
      Бұл жағдайда туысы немесе өзге адам тергеу изоляторының қаржы бөлiмiне екi данада өтiнiш бередi, онда өзi құнын төлегiсі келетiн азық-түлiктiң және басқа да тауарлардың саны мен салмағы көрсетiледi және қажеттi соманы төлейдi. Сатып алынған тауарды күзетке алынған адам алғаннан кейiн оның қолы қойылған өтiнiштiң бiрiншi данасы тауар құнын төлеген адамға қайтарылады, ал екiншi данасы жеке iсiне тiгiледi. Тиiстi белгiсi анықтама картотекасына қойылады.

      88. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сәлемдеме мен сәлем-саухат iшiне салынған заттардың сақталуын қамтамасыз етедi, алайда көп уақыт сақталу салдарынан табиғи бұзылуы, сондай-ақ тексеру нәтижесiнде тауарлық бейнесiнiң жойылуы кезiнде жауаптылық көтермейдi.

      89. Сәлемдеме немесе сәлем-саухатты қабылдаған күннен бастап сезiктiге немесе айыпталушыға бiр тәулiктен кешiктiрiлмей, ал сезiктiнiң немесе айыпталушының уақытша болмауы не карцерге немесе бiр адамдық камерада отырған жағдайында, Ереженiң 26-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, - оның қайтып оралғанынан кейiн не жазалау шарасы аяқталғаннан кейiн табыс етiлуi тиiс.

8-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушылардың жеделхаттарды,
хаттарды, ақша аударымдарын алуы мен жөнелтiлуi

      90. Сезiктiлер мен айыпталушыларға туыстарына және басқа адамдарға хаттар мен жеделхаттар жiберуге және алуға рұқсат етiледi.

      91. Сезiктiлер мен айыпталушылардың хат жазысуы тергеу изоляторы әкiмшiлiгi арқылы ғана олардың өз есебiнен, қылмыстық iстi жүргiзушi адамның немесе органның рұқсатымен жүзеге асырылады және прокурор мен сотқа арналған хаттан басқалары цензураға жатқызылады.

      92. Сезiктiлер мен айыпталушылар пошта қажеттерiн (конверттер, маркiлер, жеделхат бланкiлерiн) тергеу изоляторының дүкенiнен (ларегiнен) сатып алады.

      93. Сезiктiлер мен айыпталушылардың хаттарын және толтырылған жеделхат бланктерiн күн сайын әкiмшiлiк өкiлi қабылдайды. Хаттар тек қана желiмделмеген конвертте қабылданады, онда жөнелтушiнiң тегi, аты-жөнi және тергеу изоляторының пошта мекен-жайы көрсетiледi. Толтырылған жеделхат бланкiсiне күзетке алынған адамның тергеу изоляторы бастығының атына жеделхаттың төлемiн өтеуге жеке шотына ақша алынуын сұрап жазған өтiнiшi тiркеледi. Өтiнiш ақша түбiртегiмен бiрге әкiмшiлiк өкiлiне тапсырылады.

      94. Қаржы бөлiмiнiң қызметкерi жеделхат жiбермекшi болған күзетке алынған адамның жеке шотында ақша бар екенiн тексерiп және поштамен жөнелтiлер заттың құнын есептей келiп, одан қажетiнше ақша бөлiнедi.

      95. Жеделхат жөнелтiлгеннен кейiн күзетке алынған адамға пошта түбiртегi, ал жеке шотында ақшасы болса, оған тиiстi белгi қойылған ақша квитанциясы тапсырылады. Егер шотта ақша қалмаса ақша түбiртегi өтiнiшке тiркеледi. Жеделхат жөнелтушi адамның өтiнiшi пошта түбiртегiн алғаны туралы қолхатпен бiрге оның жеке iсiне тiркеледi.
      Сезiктiлер мен айыпталушылардың тапсырыстық және бағалы хаттарын, сондай-ақ ақша аударымдарын жөнелткенде дәл осындай тәртiп қолданылады.

      96. Аталған мекеме әкiмшiлiгi сезiктiлер мен айыпталушылардан жеделхат немесе хат қабылдаған сәттен бастап оларды жөнелткенге дейiн, сондай-ақ тергеу изоляторына жеделхат немесе хат келiп түскен сәттен оларды мекен-жай иесiне тапсырғанға дейiн жеделхат пен хаттардың сақталуына жауап бередi, хат алмасудағы құпиялылықты қамтамасыз етедi.

      97. Сезiктiлер мен айыпталушылардың атына келiп түскен хаттарды, жеделхаттарды тапсыру, сондай-ақ оның хаттарын адрес иесiне жөнелтудi тергеу изоляторының әкiмшiлiгi мереке күндерiнен басқа күндерi, хаттың келiп түскен немесе оны сезiктi мен айыпталушының тапсырған күнiнен бастап үш күндiк мерзiм iшiнде жүзеге асырады. Хатты мемлекеттiк немесе ресми қолданылатын орыс тiлiне аудару қажет болғанда хатты тапсыру мерзiмi аударма жасауға қажет болған уақытқа ұзартылады.

      98. Сезiктi мен айыпталушыға жақын туысының өлiмi немесе ауыр науқасы туралы хабар алынысымен кешiктiрiлмей хабарланады.

      99. Куәлерге, жәбiрленушiге арналған, сондай-ақ iшiнде қылмыстық iс бойынша қорлау, қорқыту, кек алу, қылмыс жасауға немесе басқа тәртiп бұзушылыққа шақыру, тергеу изоляторының күзетi, оның қызметкерлерi жайлы ақпараттар, тыйым салынған заттарды берiп жiберу тәсiлдерi және қылмыстық iс бойынша шындықты анықтауға кесiрiн тигiзетiн, қылмыс жасауға септiк ететiн басқа да мәлiметтер бар құпия жазбамен, мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалған құпиялар шифрленiп жазылған хаттар мен жеделхаттар адрес иесiне тапсырылмайды және қылмыстық iстi жүргiзушi адамға немесе мекемеге тапсырылады.

      100. Сезiктiлер мен айыпталушыларға арналған ақша пошта арқылы тергеу изоляторының мекен-жайына аударылады және олардың жеке шотына салынады. Сезiктi мен айыпталушының жеке шотынан ақша алып аудару үшiн, олар тергеу изоляторы бастығының атына дәлелдi өтiнiш жазады. Ақша сезiктi мен айыпталушының жеке шотындағы қаржыдан пошта арқылы аударылады.

9-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушылардың ұсыныс,
өтiнiш және шағым жолдауы

      101. Әкiмшiлiк өкiлдерi күн сайын камераларды аралап, сезiктiлер мен айыпталушылардан жазбаша және ауызша ұсыныстарын, өтiнiштерiн және шағымдарын қабылдайды. Ұсыныстарға, өтiнiштерге және шағымдарға берiлген жауаптар сезiктiлер мен айыпталушыларға қолхат алынып хабарланады және жеке iсiне тiркеледi.

      102. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар рұқсат беруге жауапты адамға баяндалады.

      103. Тергеу изоляторы әкiмшiлiгiне арналған жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар тiркеледi және рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдайтын тергеу изоляторының бастығына баяндалады. Мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда сезiктiге немесе айыпталушыға тиiстi түсiнiктеме берiледi.

      104. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар желiмделген конвертте қабылданады және цензураға жатқызылмайды. Оларды ашуға қатаң тыйым салынады. Келiп түсулерiне орай олар кешiктiрiлмей адрес иесiне жолданады.

      105. Мемлекеттiк органдарға жолданған ұсыныстар, өтiнiштер және шағымдар тергеу әкiмшiлiгiнiң талқылауынан өтуге және ол қабылданған уақытынан бастап бiр тәулiктен кешiктiрiлмей арналған жерiне жөнелтiлуi тиiс.

      106. Егерде өтiнiш пен шағымда қылмыстық iспен байланысы жоқ, тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнде шешiлетiндей заңды талаптар мен ұсыныстар болса, онда сезiктiлер мен айыпталушылардың келiсiмiмен мекен-жай иесiне жiберiлмейдi. Мұндай жағдайда әкiмшiлiк шағымда және өтiнiште талап етiлген мәселелердi шешу үшiн шара қолданады және оның қорытындысы туралы сезiктiге немесе айыпталушыға тиiстi түсiнiктемелер берiледi.

      107. Егер әкiмшiлiк шағымда, өтiнiште талап етiлген мәселелердi шешуге құзыреттi болмаса немесе автор оларды адрес иесiне жiберудi табанды талап етсе, олар арналған жерiне жiберiледi.
      Мұндай жағдайда тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiш пен шағымда талап етiлген мәселелерге тiкелей байланысты берген түсiнiктемелерi мен атқарған шаралары туралы баяндалған хат (анықтама) тiркейдi.

      108. Ұсыныстардың, шағымдардың және өтiнiштердiң iшiнде қылмысты iс бойынша ақиқатты ашуға кедергi болатын немесе қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзетiн, iшiнде мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалған құпиялар, құпия жазумен, шифрмен жазылған мәлiметi бар болса, онда ол адрес иесiне жiберiлмейдi және қылмыстық iстi жүргiзушi адамға немесе органға жiберiледi.

      109. Егер ұсыныста, өтiнiште және шағымда аталған мәселелердi адрес иесiнiң шешуiне құқығы немесе құзыретi болмаса, онда сезiктiлер мен айыпталушыларға тиiстi түсiнiктеме берiледi. Егер автор оларды адрес иесiне жiберудi табанды талап етсе, олар арналған адреске жiберiледi.

      110. Апелляциялық және кассациялық шағымдардан басқа ұсыныстарды, шағымдарды және өтiнiштердi жiберу бойынша шығындарды төлеу жөнелтушiнiң есебiнен жiберiледi. Сезiктiнiң немесе айыпталушының жеке шотында ақшасы болмаған кезде шығын (жеделхаттан басқа) тергеу изоляторының есебiнен өтеледi.
      Ескерту: 110-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

10-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушылардың дiни
салттарды атқаруы

      111. Сезiктiлер мен айыпталушылар дiни салттарды камерада, ал мүмкiндiк болса тергеу изоляторындағы осы мақсатқа арнайы жабдықталған, дiни конфессиясының дәстүрлерiне сай бөлмелерде атқарады.

      112. Осы Ереженi және сезiктiлер мен айыпталушылардың құқығын бұзатын дiни салттарды атқаруға жол берiлмейдi.

      113. Сезiктiлер мен айыпталушыларға өзiнде ұстауға және пайдалануға дiни кiтаптарға, жеке пайдаланылатын, денеге тағылатын немесе қалтаға салып жүретiн дiни табыну заттарына, өткiр-үшкiр құралдардан, қымбат тастардан, металл бұйымдарынан немесе табиғи және мәдени құндылығы бар заттардан басқа заттарға рұқсат етiледi.

      114. Қылмыстық iстi жүргiзушi органның немесе адамның рұқсатымен және өтiнiшiмен сезiктiлер мен айыпталушыларға рухани көмек көрсету үшiн тергеу изоляторына дiн қызметшiсiн шақыртуға болады.
      Дiн қызметшiсiнiң қызметiне ақы сезiктi мен айыпталушының жеке шотындағы қаржы есебiнен төленедi.

11-тарау. Айыпталушыларды еңбекке тарту

      115. Айыпталушылардың жұмысы тек тергеу изоляторы аумағында, камераларда, өндiрiс алаңдарында, шеберханаларда және жөндеу-құрылыс жұмыстарына ұйымдастырылады. Жұмысты өндiру кезiнде Заңмен белгiленген айыпталушыларды жеке орналастыру ережесiнiң талаптарын, сондай-ақ азаматтық және еңбек заңдарының, техникалық қауiпсiздiк ережелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiледi.

      116. Айыпталушылар тергеу изоляторының арнаулы бөлiмдерiндегi, фотолабораториядағы, радиотрансляциялық жүйедегi жұмыстарға, сондай-ақ инженерлiк-техникалық күзет құралдарын, дабыл және байланыс, транспорт құралдарының барлық түрлерiн және көбейткiш аппаратураларды жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.

      117. Жұмыс iстеуге ықылас бiлдiрген айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш жазады, ол оны үш күн iшiнде қарап және тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi. Айыпталушыны мекемеде жұмысқа орналастыру мүмкiншiлiгi болмағанда, оған тиiстi түсiнiктеме берiледi. Айыпталушылардың еңбекақысы заңмен көрсетiлген ұсталымдардан кейiн олардың жеке шотына ауыстырылады.

      118. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi барлық ниет бiлдiрген айыпталушыларды жұмысқа тарту мүмкiндiктерiн қарастыруы тиiс.

12-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысуы

      119. Сезiктiлер мен айыпталушылардың некеге тiркелуiн осы тергеу изоляторы орналасқан аумақтағы азаматтық хал актiлерiн жазу органы (бұдан әрi - АХАЖ) тергеу изоляторында жүргiзедi.

      120. Сезiктiмен және айыпталушымен некеге тұрғысы келетiн адам тергеу изоляторына өзi тұратын жердiң немесе тергеу изоляторы орналасқан жердiң АХАЖ мекемесi куәландырылған өтiнiшiн, сондай-ақ қылмыстық iстi жүргiзушi адамның немесе органның күдiктiнiң және айыпталушының аталған адаммен кездесуiне берген рұқсатын әкелiп бередi. Некеге тiркеу туралы өтiнiш келiп түскен тергеу изоляторы әкiмшiлiгi оны сезiктi мен айыпталушыға өзiне қатысты бөлiгiн толтыру үшiн бередi.

      121. Өтiнiшке жетiспейтiн мәлiметтер кiргiзiлгеннен кейiн тергеу изоляторының әкiмшiлiгi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен сезiктi мен айыпталушының жеке iсiндегi құжаттарын салыстырады. Сезiктiнiң және айыпталушының қолының түпнұсқасы және көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қолымен куәландырылады және мекеменiң мөрi басылып, содан кейiн әкiмшiлiк бiрлескен некеге тiркелу өтiнiштерiн тергеу изоляторы орналасқан жердегi АХАЖ мекемесiне жiбередi.

      122. Сезiктi мен айыпталушының жеке iсiнде оның отбасы жайлы мәлiметтердiң дұрыстығын дәлелдейтiн құжаттар болмаса, онда оларды туыстары берулерi керек, ал олар болмаған болса бұрынғы тұрған жерiнiң АХАЖ органына сұраныс жiберiледi.

      123. Егер сезiктi мен айыпталушымен некеге тұрғысы келсе, тергеу изоляторының әкiмшiлiгiмен сезiктi мен айыпталушы кiммен некеге тұрғысы келедi сол адамға өтiнiш жiберiледi. Бiр уақытта көрсетiлген адамға тергеу изоляторының тұрғылықты жерi бойынша неке қию тiркеуi өткiзiлуi мүмкiн АХАЖ органының атауы және мекен-жайы хабарланады.

      124. Бұндай өтiнiш алған адам некеге келiскен кезде оған қатысты бөлiгiн толтырады, және өтiнiште көрсетiлген қолдарды және мәлiметтердi куәландыру үшiн өзiнiң тұрғын жерi бойынша АХАЖ органына жiбередi, бұдан кейiн өтiнiштi АХАЖ органына тапсырады ол оған тергеу изоляторымен хабарланған болатын.

      125. Некеге тiркеу некеге отырушылардың қатысуымен тергеу изоляторында жүргiзiледi. Аталған адамдардың жағынан куәлардың жалпы саны екi адамнан аспауы керек.

      126. Некеге тiркеу төлемi және көлiк шығыны некеге отырушылардың есебiнен өткерiледi.

      127. Тәртiптік жазасын карцерде өтеп жатқан сезiктiлер мен айыпталушылар некеге тiркелу оның бұл жазасын өтегеннен кейiн ғана жүзеге асуға тиiс.

      128. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi қылмыстық iстi жүргiзушi адамның немесе органның рұқсаты болса некеге тiркелгеннен кейiн сезiктi мен айыпталушыны белгiленген тәртiп бойынша жұбайымен (ерiмен) кездестiруге мiндеттi.

      129. Некенi бұзу үшiн сезiктi немесе айыпталушы сотқа немесе кәмелетке толмаған балалары жоқ жұбайлардың бiрдей келiсiмi болса АХАЖ мекемесiне өтiнiш бередi.

      130. Сезiктiлер мен айыпталушылар егерде заңға немесе осы Ережеге қайшы келмеген жағдайда басқа да отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы.

      131. Азаматтық-құқықтық мәмiленi жүзеге асыру үшiн сезiктi және айыпталушы белгiленген үлгiде сенiмхат жазады, оны азаматтық заңнамаға сәйкес тергеу изоляторының бастығы куәландырады.
      Сенiмхат арналып жазылған адамға қылмыстық iстi жүргiзушi адам немесе орган арқылы берiледi.

      132. Сезiктiден немесе айыпталушыдан сенiмхат алғысы келетiн азаматтар, тергеу изоляторының әкiмшiлiгiнiң жеке қабылдауына өтiнiш әкеледi немесе оны пошта арқылы жiбередi.

13-тарау. Айыпталушылардың газеттерге және журналдарға
жазылуын жүргiзу

      133. Айыпталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлiмшелерi арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылуға құқық берiледi.

      134. Жазылу үшiн айыпталушы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш жазады. Жазылуға ниет бiлдiрген адамға оның өз есебiнен абонемент және тасымалдау карточкасының бланктерi берiледi.

      135. Жазылуды тергеу изоляторының қызметкерi оның жеке шотындағы қаржыдан оның өз есебiнен байланыс бөлiмшесiнде жүргiзедi.

      136. Жазылуды басқа мекен-жайға ауыстыру жазылушының жазбаша өтiнiшi бойынша тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен оның өз есебiнен жүзеге асырылады.

      137. Айыпталушының басылымдарға жазылуын оның туыстары немесе басқа адамдар да жүзеге асыруына болады.

      138. Жазылуға болатын басылымдардың саны шектелмейдi.

14-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету

      139. Сезiктiлер мен айыпталушыларды дәрiгерлер: хирург, терапевт, фтизиатор, психиатр, дермато-венеролог тергеу изоляторына келiп түскен кезде үш күндiк мерзiмде мiндеттi мен медициналық қараудан өткiзедi, сондай-ақ олар флюрографиялық және лабораториялық тексеруден өтедi. Медициналық тексеруден өтпеген адамдар басқа сезiктiлер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады. Медициналық тексерудiң нәтижесi сезiктi мен айыпталушының медициналық амбулаториялық картасында белгiленедi.

      140. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторының медицина қызметкерi күнделiктi камераларды аралаған кезде одан медициналық көмек сұрап өтiнiш жасайды, ал кенеттен қысылып ауырған жағдайда тергеу изоляторы қызметкерiнiң қайсысына болса да өтiнiш жасайды. Сезiктi мен айыпталушы өтiнiш жасаған қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшiн шара қолдануға мiндеттi.

      141. Сезiктiлер мен айыпталушыларға амбулаториялық көмек камераларда, басқа бөлмелерде, сондай-ақ тергеу изоляторының медициналық бөлiмiнiң мамандандырылған кабинеттерiнде көрсетiледi. Дәрi-дәрмектер дәрiгердiң белгiлеген мөлшерiнде әркiмге қолхат арқылы бөлiнедi.
      141-1. Қамауға алынған тұлғалардың туысқандарынан алған медициналық препараттары медициналық көрсеткіштері бойынша және тек қана тергеу изоляторының медицина қызметшісінің бақылауымен қатаң түрде жүзеге асырылады. Туысқандарынан алынған медициналық препараттар, дәрігерлік бөлімде сақталады.
      Ескерту: 141-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      142. Тергеу изоляторының медицина бөлiмдерiнiң жанынан стационарлық бөлiмшелер орналастырылады. Сезiктiлермен айыпталушыларға тергеу изоляторында жедел немесе арнайы медициналық көмек көрсету мүмкiн болғанда, олар стационарлық емдеу үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мекемелерiне немесе Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жақын жердегi мамандандырылған медициналық түзеу мекемесiне орналастырылады.

      143. Медицина қызметкері қамауда ұсталынатын тұлғалардың, соның ішінде тергеу әрекеті немесе сот отырыстарынан тергеу изоляторына келген тұлғалардың, оларда дене зақымдары мен тері және жұқпалы аурулардың белгілерін анықтау мақсатында сыртқы қарауын өткізеді. Жұқпалы аурулардың табылуы барысында, олар дереу оқшауланады, кешенді эпидемияға қарсы шаралар өткізіледі. Дене зақымдарына қарау нәтижелері бойынша акті жасалады.
      Дене зақымдары табылу барысында медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді, бір тәулік мерзімде медициналық куәландыру жасайды, оның нәтижелері қамауға алынған тұлғаның емханалық картасына жазып қойылады. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі қамауда ұсталынатын тұлғаларда дене зақымдары табылуының әрбір фактісі жөнінде бір тәуліктік мерзімде жазбаша түрде жаза өтеу заңдылығын қадағалау және азаматтардың құқығын қалпына келтіру жөніндегі прокуратураға хабарланады.
      Ескерту: 143-тармақ жаңа редакцияда жазылда - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      144. Күзетке алынған адамның дене жарақатын Заңның 23-бабына сәйкес медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау аясында басшылық ететiн денсаулық ұйымдарының қызметкерлерiмен мынадай жағдайларда жүргiзуi мүмкiн:
      1) тергеу изоляторы бастығының шешiмi бойынша;
      2) қадағалаушы прокурордың нұсқауы бойынша;
      3) өндiрiсiнде қылмыстық iс бар адамның немесе органның шешiмi бойынша;
      4) дене жарақатын алған сезiктiден немесе айыпталушының мәлiмдемесi бойынша;
      5) дене жарақатын алған сезiктiнiң және айыпталушының қорғаушысының мәлiмдемесi бойынша.

      145. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау аясында басшылығын жүзеге асыратын, медицина мекемесi қызметкерлерi медициналық куәландыру жүргiзулерi үшiн дене жарақатын алған адам немесе оның қорғаушысы тергеу изоляторы бастығының атына өтiнiш бередi. Өтiнiш бiр тәулiк iшiнде қаралуға тиiс.
      Сезiктi мен айыпталушының немесе оның қорғаушысының мәлiмдемесi бойынша Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медицина мекемесiнiң қызметкерi жүргiзген медициналық куәландыру күзетке алынған адамның жеке шотындағы бар қаржыдан төленеді. Мұндай куәландыру жүргiзуден бас тартқан жағдайда қадағалаушы прокурорға шағым беруге болады.

15-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушылардың күнделiктi
серуендеулерiн ұйымдастыру

      146. Сезiктiлер мен айыпталушылардың күнделiктi серуендеудi пайдалану уақыты бiр сағаттан, ал кәмелетке толмағандардыкi екi сағаттан кем болмауы керек. Серуеннiң уақыты тергеу изоляторының бастығы iшкi тәртiп, ауа райын, мекеменiң адамдармен толығуын және басқа жағдайларды ескере отырып тағайындайды. Жүктi әйелдердiң және қолында үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдердiң серуенi үш сағатқа дейiн ұзартылады.

      147. Сезiктiлер мен айыпталушыларға серуендеу уақыты тәулiктiң жарығы басымырақ кезiнде берiледi. Әр камераларда ұсталушыларды серуенге шығару уақыты жылжымалы кестемен белгiленедi.

      148. Серуен арнайы серуен ауласында жүргiзiледi (N 12 қосымша). Серуен ауласы орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын шатырмен жабдықталады. Серуен кезiнде кәмелетке толмағандарға денешынықтыру жаттығуларына және спорттық ойындарға мүмкiншiлiк берiледi. Балалы әйелдерге арналған аулалар көгалдандырылады және құмсалғышпен жабдықталады.

      149. Сезiктi мен айыпталушылар серуендi мезгiлiнен бұрын тоқтату үшiн серуенге жауапты адамға өтiнiш жасауына болады, ол тергеу изоляторының бастығына немесе оның орынбасарына баяндалады. Аталған лауазымды адам өтiнiштiң мәнi бойынша шешiм қабылдайды.

16-тарау. Сезiктілер мен айыпталушылардың қорғаушылармен,
туыстарымен және басқа адамдармен кездесуiн өткiзу

      150. Сезiктiге немесе айыпталушыға туыстарымен және басқа адамдармен кездесу қылмыстық iстi жүргiзушi адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негiзiнде берiледi. Рұқсат бiр рет кездесуге ғана жарамды (22-қосымша).
      Кездесуге берiлген жазбаша рұқсатта ол кiмге және қандай адамдармен кездесуге берiлгенi көрсетiлуi тиiс. Сезiктiмен және айыпталушымен кездесуге бiр мезгiлде екi ересек адамға ғана рұқсат берiледi.
      Ескерту: 150-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      151. Қылмыстық iстi жүргiзушi адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негiзiнде, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар негiзiнде тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат етiп, жазбаша нұсқау бередi және кездесу уақытын жалпы кезекке байланысты белгiлейдi, содан кейiн кездесу өткiзудi ұйымдастыру үшiн кезекшi көмекшiге әмiр бередi.

      152. Кездесу жалпы кезек тәртiбiмен берiледi. Кездесудi бастар алдында оған келген адамдарға кездесу кезiндегi тәртiп сақтау ережелерi хабарланады және белгiленген тәртiп бұзылған жағдайда кездесудiң тоқтатылатыны жайлы ескерту жасалады.

      153. Кездесуге оның жеке басын анықтайтын құжатсыз немесе мас күйiнде келген, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетiлмеген адамдарға рұқсат берiлмейдi. Кездесуге рұқсат берiлмеу себебi кездесуге келген адамға жарияланады. Транзитпен жөнелтілетін адамдарға кездесуге рұқсат берiлмейдi.
      Ескерту: 153-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      154. Сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарымен және басқа адамдармен кездесуi тергеу изоляторы қызметкерiнiң бақылауымен осы мақсатқа арнайы жабдықталған, қандай да бір құрал бергiзбейтiн, екi адам арасын бөлiп тұратын, бiрақ көзбе көз жүздесуге тосқауыл болмайтын қабырға арқылы жүргiзiледi (N 13 қосымша).
      Сезiктiлер мен айыпталушылардың кездесуге келгендермен тiл қатысуы бетпе бет немесе сөйлесу құралдары арқылы iске асырылады және оны тергеу изоляторы қызметкерiнiң тыңдап отыруы мүмкiн.

      155. Сезiктiнiң немесе айыпталушының қорғаушысымен кездесуi жұмыс уақытында, оңаша өткiзiледi және олардың арасында бөлгiш қабырға болмайды, кездесудiң саны мен ұзақтығына шек қойылмайды. Кездесу тергеу изоляторы қызметкерiнiң күзетке алынған адамның және қорғаушының бет жүзiн көре алатындай, бiрақ сөздерi естiлмейтiндей жағдайда жүргiзiледi.

      156. Қорғаушының жеке басын куәландыратын құжаты, адвокатураға қатысын растайтын құжаты, қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының нормаларына сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi адам немесе орган берген қылмыстық iске қатысуға растамасы болған жағдайда, қорғаушыға сезiктiмен немесе айыпталушымен кездесуге рұқсат беріледі.
      Ескерту: 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      157. <*>
      Ескерту: 157-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      158. Сезiктiлермен және айыпталушылармен кездесуге рұқсат алған адамдарға тергеу изоляторы бастығының немесе оның орнындағы адамның рұқсатынсыз тергеу изоляторына техникалық байланыс құралдарын, киноға, суретке түсiретiн, дыбыс және бейнелеу және көбейткiш аппаратураларын алып кiруге және оларды кездесу кезiнде пайдалануға тыйым салынады.

      159. Кездесудi мезгiлiнен бұрын тоқтатуға төмендегiдей жәйттер негiз болады:
      1) кездесуге келген адамдар кездесудi өткiзуге жауапты тергеу изоляторы қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамаса;
      2) күзетке алынған адамға қандай да бiр құралдар, заттар, азық-түлiкті бермекшi болса немесе одан алмақшы болса;
      3) қылмыстық iс бойынша ақиқатты ашуға кедергi болатын, қылмыс жасауға немесе басқа да құқық бұзушылыққа септiгiн тигiзетiн мәлiметтер бермекшi болса;
      4) кездесуге келген адамдар өзара байланыс үшiн шартты дабылдарды, шифр немесе мәлiмет берудiң басқа құйтырқы әдiстерiн пайдаланса.

      160. Кездесу дереу тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты тергеу изоляторының қызметкерi тергеу изоляторы бастығына кездесудi тоқтатудың себептерiн атап көрсетiп, жазбаша түрде баяндайды.

      161. Сезiктiлер мен айыпталушылардың кездесу қысқа мерзiмге тоқтатылғанда (карантинге байланысты, ерекше жағдай кестесiн енгiзгенде және басқа жағдайда) тергеу изоляторының бастығы бұл туралы тергеу изоляторында заңның сақталуын қадағалайтын прокурорға, тиiстi сот және тергеу органдарына хабарлайды, келген адамдар үшiн қабылдау бөлмесiне хабарлама iлiнедi.

17-тарау. Сезiктiлердiң, айыпталушылардың тергеу әрекеттерiне
және сот отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету

      162. Тергеу изоляторы әкiмшiлiгi қылмыстық iс жүргiзу соттардың, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың жұмыс уақытында тергеу изоляторына кедергiсiз кiрулерiн және тергеу iстерiн жүргiзу үшiн сезiктiлер мен айыпталушыларды шақырту бойынша жеткiзiп отыруды қамтамасыз етедi.

      163. Кезекшi ауысымның кезекшiлiктi қабылдап-тапсыру кезеңiнде (бiр сағаттан аспау керек), iшкi тәртiп кестесiне сәйкес тамақ iшетiн уақытқа (таңертеңгi, түскi, кешкi ас), сондай-ақ түнгi мезгiлде (кешкi сағат 22-ден келесi күнгi таңғы сағат 6-ға дейiн) ҚР ҚIК қаралған басқа да жағдайда сезiктiлердi және айыпталушыларды кездесу үшiн және шақырту бойынша камерадан шығаруға тыйым салынады. Аталған мерзiмдерде шақырту бойынша шыққан сезiктiлер мен айыпталушылар камераларға қайтуы тиiс.

      164. Тергеушiнiң, анықтама жүргiзушiнiң, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша тергеу изоляторы аумағында тергеу жүргiзу, амбулаторлық соттық - психиатрлық және басқа да сараптама жасау үшiн оның әкiмшiлiгi төмендегiдей жәйттерде мiндеттi:
      1) жабдықталған бөлме беруге;
      2) сезiктiнi және айыпталушыны алып келуге және оның күзетiн қамтамасыз етуге;
      3) тергеу iсiне қатысу үшiн тартылған басқа адамдардың тергеу изоляторына кiрулерiне рұқсат берудi қамтамасыз етуге;
      4) күзетке алынған адамның мекеменiң қоймасында сақталуда жатқан немесе оның пайдаланып жүрген мүлкiн тiнтуге, оған арест салуға.

      165. Сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнен қолда сақтау үшiн мына құжаттарды қолхат арқылы алады: айыптау қорытындысының көшiрмесi; тергеушiнi, қорғаушыны, сотты ауыстыру туралы хабарлама; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң басқа бабы бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулы; үкiмнiң немесе сот ұйғарымның көшiрмесi.

      166. Iстi аппеляциялық және кассациялық инстанциялардың қарайтыны туралы хабар; күзетке алынғанда ұстаудың мерзiмiн ұзарту туралы мәлiмет; бiр органнан екiншi органға ауыстыру туралы мәлiмет сезiктiлерге және айыпталушыларға қол қою арқылы олардың жеке iстерiне тiгiледi.
      Ескерту: 166-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      167. Тергеу изоляторынан тыс жерде немесе соттың отырыстарында тергеу ic-әрекеттерiне қатысу үшiн сезiктiлер мен айыпталушылар ыстық тамақ iшуге мiндеттi. Олар мезгiлiне сай киiнiп, сыртқы бейнесi ұқыпты болу керек. Қажет болған жағдайда аталған адамдар құрғақ тамақпен қамтамасыз етiледi.

18-тарау. Тергеу изоляторында ұсталатын адамдарға көтермелеу
және жазалау шараларын қолдану тәртiбi

      168. Көтермелеу және жазалау шаралары қамауға алынған, тергеу изоляторында ұсталатын барлық сезiктiлерге және айыпталушыларға Заңмен қаралған тәртiппен қолданылады. Көтермелеу шаралары ретiнде:
      1) бұрын қолданылған шараны мерзiмiнен бұрын алып тастауға;
      2) кәмелетке толмаған сезiктiлер мен айыпталушыларға спорт сабақтарына арналған жайларға қосымша баруға, сондай-ақ уақытын пайдаланудың басқа да нысандарына рұқсат беру, қолданылуы мүмкiн.

      169. Карцерге қамау түрiнде шара тергеу изоляторы бастығының дәлелдi қаулысы (N 14 қосымша) бойынша қолданылады. Жазалауды қолдану туралы бұйрықтар, қаулылар жазаланушыға қолхатын алу арқылы жарияланады. Бұйрықтың көшiрмесi немесе одан үзiндi, қаулы тексеру материалдарын бiрге сол адамның жеке iсiне қосылады.
      Ауызша жарияланғандардан басқа барлық көтермелеулер мен жазалауларды корпус бойынша аға қызметкер камералық карточкаларға енгiзедi және тәрбие бөлiмi жүргiзетiн сезiктiлер мен айыпталушыларды жазалаулар мен көтермелеулердi есепке алу кiтабында (N 15 қосымша) есепке алады.

      170. Карцерге қамау медицина қызметкерiнiң сезiктiнi немесе айыпталушыны карцерде ұстау мүмкiндiгi туралы қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
      Карцерге қамауға жазаланғандарға мұқият тiнту жүргiзiледi және олар қажеттiлiк бойынша карцерлерге бекiтiлген киiмдердi киедi (N 16 қосымша). Карцерге қамалған адамды санитарлық емдеу, ол жазалауды өтегеннен кейiн, ал дәрiгердiң нұсқауы бойынша оны карцерде ұстау кезеңiнде де жүргiзiледi. Дәрiгердiң сырқаттанғанды карцерден мерзiмiнен бұрын босату қажеттiлiгi туралы нұсқауы дереу орындауға жатады.

      171. Карцерге қамалған адамның тергеушiге немесе сотқа шақырылуы, сондай-ақ тергеу изоляторынан уақытша кетуi оны қолданылған жазаны әрi қарай өтеуден босатпайды. Бұл жағдайда тергеу изоляторында ұзақтығы бiр тәулiктен астам болмаған уақыты карцерде ұсталу мерзiмiне есептелмейдi.

19-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторы
бастығының немесе оның өкiлiнiң жеке қабылдауы

      172. Сезiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторының бастығы немесе оның уәкiлi демалыс және мереке күндерiнен басқа уақытта күн сайын жұмыс уақытында жеке қабылдайды.

      173. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке қабылдау кесте бойынша жүзеге асырылады, ол сезiктiлер мен айыптыларға хабарланады. Қажет болған жағдайларда сезiктiлер мен айыптыларды жеке қабылдау кестеге жүгiнбей қосымша өткiзiле бередi.

      174. Сезiктiлер мен айыпталушыларды жеке қабылдауға жазуды тергеу изоляторы қызметкерлерi күн сайын камераларды аралаған кезде жүзеге асырады. Қабылдау туралы тергеу изоляторы бастығының атына жазбаша өтiнiш берiледi немесе ауызша айтылады және берген уақытына қарай кезек тәртiбiмен жеке қабылдау журналына тiркеледi.

      175. Қабылдау өтiнiштiң берiлуiне қарай кезектiлiк тәртiбiмен өткiзiледi. Қабылдау аяқталған соң журналда және жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижесi бекiтiледi. Өтiнiш сезiктiнiң, айыпталушының жеке iсiне тiгiледi.

      176. Тергеу изоляторының бастығы, оның орынбасарлары немесе бөлiм бастықтары сезiктiлердiң және айыпталушылардың туыстарын немесе басқа адамдарды жеке қабылдауды келушiлер бөлмесiнде iлiнiп тұратын кесте бойынша тергеу изоляторының қабылдау бөлмесiнде жүзеге асырады. Осы бөлмеде азаматтарды жеке қабылдауға жазба жүргiзiледi.

      177. Сезiктiлер мен айыпталушылардың туыстарын және басқа адамдарды жеке қабылдаудың нәтижелерi арнайы журналда белгiленедi.

20-тарау. Тергеу изоляторында өлген сезiктiлер мен
айыпталушылардың денелерiнiң берiлуi

      178. Тергеу изоляторының әкiмшiлiгi сезiктiнiң және айыпталушының өлiмi туралы оның жеке iсiнде көрсетiлген туыстарына, осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізушi адамға немесе органға дереу хабарлайды.
      Егер өлген адамның туыстары тергеу изоляторы орналасқан қалада тұрмаса хабар телеграф арқылы жiберiледi.
      Шетел азаматтарының өлiмi туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы iстер министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң басшылығына дереу хабарланады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарындағы заңның қолданылуын қадағалайтын прокурорға, сондай-ақ өлген адам азамат болып саналатын мемлекеттiң елшiлiгiне немесе өкiлдiгiне жазбаша түрде хабарланады.

      179. Сезiктi мен айыпталушының денесi алуды талап еткенге дейiн, бiрақ жетi тәулiктен асырылмай немесе өкiлеттi органның өлiм фактiсi бойынша тексерудi аяқтағанына дейiн денсаулық сақтау органының жақын жердегi емдеу мекемесiндегi мәйiтханаға тапсырылады. Өлген адамның денесiн алуға оның туыстарының айырықша құқығы бар. Олар болмағанда немесе дененi алудан бас тартса, ол дене берудi талап еткен адамға бередi.

      180. Өлген адамның денесiн берудi талап еткен адамның жазбаша өтiнiшi бойынша қылмыстық iстi жүргiзушi адамның немесе органның рұқсатымен берiледi. Өлген адамның денесiн алу үшiн жеке басын куәландыратын төлқұжатын көрсетуi керек.

      181. Өлген адамның туыстарына немесе басқа адамдарға өлгенi туралы куәлiк алу үшiн қайда бару керектiгi түсiндiрiледi. Жерлеу жабдықтарымен өлген адамның денесiн берудi талап еткен адамның өзi қамтамасыз етедi.

      182. Өлген адамның туыстарына немесе басқа адамдар дененi алуға уақытында келе алмаса, олар бұл туралы хабарлауға тиiс және дененi белгiленген уақыттан артық сақтау төлемақысын төлеуге тиiс.

      183. Өлген сезiктi мен айыпталушының денесi белгiленген мерзiмде талап етiлмесе мемлекет есебiнен жерлеуге берiледi.

21-тарау. Сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте
ұстаудан босату

      184. Соттың тиiстi шешiмi тергеушiнiң, анықтау органының, прокурордың қаулысы бойынша сезiктiлер немесе айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатуды тергеу изоляторының бастығы жүзеге асырады.

      185. Тергеу изоляторының бастығы сезiктiнi және айыпталушыны қамау мерзiмi өтуiне дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей тәртiп бойынша қылмыстық iстi жүргiзушi органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi.

      186. Бұлтартпау шаралары ретiнде қамауға алу мерзiмiн ұзарту туралы хабарламаны факсимильдi байланыспен қабылдауға болады, хабарламаның түпнұсқасы поштамен қабылданады.
      Егер бұлтартпау шаралары ретiнде қамауға алудың заңмен белгiленген уақыты өтуi бойынша сезiктiнi немесе айыпталушыны босату туралы шешiм немесе бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу мерзiмiн ұзарту туралы немесе бұл шешiм туралы хабарлама келiп түспесе, тергеу изоляторының бастығы оны өзiнiң қаулысымен босатады, оның көшiрмесiн 24 сағат iшiнде қылмыстық iстi жүргiзушi органға немесе қадағалау жөнiндегі прокурорға жiбередi.
      Ескерту: 186-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      187. Сезiктi мен айыпталушыны нақты босатуға дейiн тұтқынға ұстау мерзiмiн ұзарту туралы хабар түскен жағдайда тергеу изоляторының бастығы өзiнiң қаулысының күшiн жояды, ол жөнiнде прокурорды хабарландырады.

      188. Күзетте ұстаудан босатылған сезiктiге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке шотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оның қамау мерзiмi және босатылу негiздерi көрсетiлген анықтама берiледi.

      189. Күзетте ұстаудан босатылған сезiктiнiң немесе айыпталушының жеке шотында тұрғылықты жерiне темiржолмен, автокөлiкпен немесе су көлiгiмен жетуiне, жол үстiндегi азығына, жыл мерзiмiне сай киiмi мен аяқ киiмiне қажеттi ақша сомасы болмаса, ол тергеу изоляторы бастығының атына өзiн қажеттiлiктермен қамтамасыз етуiн сұрап, өтiнiш жазады. Мекеме бастығы күзетте ұстаудан босатылған адамға нормалар бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көмек көрсету туралы шешiм қабылдайды.

22-тарау. Өлiм жазасына сотталғандарды немесе
өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау

      Ескерту: 22-тараумен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      190. Өлiм жазасына сотталғандарды немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдан қабылдауды кезекшi көмекшi өзi жүргізеді. Қабылдағаннан кейін ол тергеу изоляторының бастығына немесе оның орынбасарына өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның келуiн хабарлайды, оны күзетудi және қамауда ұсталып жатқан адамдардан оқшаулауды қамтамасыз етедi. Сотталғанды камераға айдауылдауға кемінде екi қызметкерден тұратын айдауыл тағайындалады, сотталғанға "қолы артында" қалпында қолына кiсен салынады. Келген сотталғанның жеке iсiн кезекшi тергеу изоляторының бастығына тапсырады.

      191. Адамды өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкiм шығарғаннан кейін, ол адам тергеу изоляторының арнайы жабдықталған камерасында ұсталуға жатады (18-қосымша) және белгiленген үлгідегі киiм киедi (19-қосымша). Сақтауға тыйым салынған басқа киiм мен бұйымдар алынып, қоймаға тапсырылады. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталған жазасын өтеу үшiн түзеу мекемесiне кеткен соң, аталған заттар тiзiм бойынша сол мекемеге берiледi, өлiм жазасына сотталғандардың заттары олардың туыстарына берiледi, олар болмаған жағдайда заңнамада белгiленген тәртіппен мемлекет кірісіне тапсырылады.
      Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар адам басына кемінде екi шаршы метр тұрғын ауданмен қамтамасыз етiледi. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар ең көбі екi адамнан, өлім жазасына сотталғандар бiр адамдық камераларда орналастырылады. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған камералар, өзге адамдардың қозғалысы шектелген, бөлек секцияларда немесе режим корпусы дәлізінің соңында орналасады.
      Камера есiктерi құлыппен жабдықталады. Осы посты камераларының ортақ кiлтi посты бақылаушысында, екiншi арнайы құлыптың кiлтi - кезекшiде болады. Камераның есiк көзәйнегi құлпының кiлтi үнемі корпус бойынша аға бақылаушыда болады.

      192. Камераның жанындағы посты екi жақты дабыл-дыбыс бергіш хабарлағышпен, тергеу изоляторының кезекшi бөлiмiнiң пультiмен, тiкелей телефонмен жабдықталады. Мекемеде өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған камералар бесеуден асса, олардың күзетуге және қадағалауға арнайы посты қойылады. Камералардың саны одан аз болғанда күзету және қадағалау осы коридорда қызмет жүргiзетiн бақылаушыға жүктеледi.

      193. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды күзету және қадағалау постына белгiленген бақылаушыларға кезекшi әрбір кезекке түсу кезінде жеке нұсқау береді және олар мiндеттi түрде арнайы құралдармен, соның iшiнде резеңке таяқпен, кiсенмен және аэрозольдық бұйыммен жабдықталады. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстайтын постында қызмет өткеру тәжiрибелi, күштi, қол ұрысын жақсы меңгерген күзетшiлерге жүктеледi.

      194. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды күзету және қадағалау жөніндегі ішкі пост бақылаушыларына:
      1) камералардың есiктерiн ашық қалдыруға немесе iшiнде сотталғандар болғанда есiктен шектегiштi алуға;
      2) бiрнеше сотталғандарды және бөлек камерада ұсталып жатқан сотталғандарды бiр мезгiлде шығаруға;
      3) тамақ тарату кезiнде iшкi тор есiктi ашуға;
      4) кезекшi, корпус бойынша аға бақылаушылардың рұқсатынсыз өз бетiмен камераны ашуға;
      5) сотталғандармен қызметтен тыс байланыс жасауға және қызметке қатысы жоқ бөтен әңгiме жүргiзуге тыйым салынады.

      195. Сотталғандарды жуындыру камера бойынша бiр-бiрiнен оқшауланған бокстарда, 7 күннен асырмай жүргiзiледi. Бұл ретте, кiсендер жуыну боксына кiрген кезде және тор есiк жабылған соң шешiледi. Қажет болған жағдайда, өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды бақылай отырып, жуынар алдында шашын алады, оларға қысқа шаш өсiруге рұқсат етiледi, шаш алу кезiнде сотталғаннан кiсен шешiлмейдi. Жуынатын күнi iшкi киiм және төсек-орны ауыстырылады, сондай-ақ жууды қажет ететiн киiмдері ауыстырылады. Сотталғандарға өз бетiмен жуынуға тыйым салынған.

      196. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерiнiң жеке шоттарынан бір айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде ай сайын азық-түлік пен бiрiншi қажеттегі бұйымдарды сатып алуға арналған қаражат жұмсауға, көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға өздерiмен бірге және камераларда ұстауға рұқсат етiлген бұйымдардың, заттардың және азық-түліктің тiзбесiнде" (бұдан әрі - Тізбе) көзделген азық-түлік пен бiрiншi қажеттегі бұйымдарды өздерiмен бірге және камераларда сақтауға (20-қосымша), Тізбеде көзделген азық-түлік пен бiрiншi қажеттегі бұйымдарды мекеменiң дүкенiнен сатып алуға (21-қосымша), Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 121-бабына сәйкес сәлем-сауқат алуға құқылы.

      197. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға заңнамаға сәйкес жақын туыстармен немесе өзге адамдармен кездесу ұсынылады. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн кездесудi тергеу изоляторының бастығы iс бойынша төрағалық ететiн немесе үкiмдi шығарған сот төрағасының жазбаша рұқсаты бойынша ғана ұсынады.
      Кездесуге соттың мөрiмен расталған жазбаша рұқсатта: кiмге және кiм ұсынатыны көрсетiледi. Сотталғанмен кездесуге бiр мезгілде ең көбі екi үлкен адам мен екi бала жiберiледi. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның қалауы бойынша дiни қызметшiмен кездесу ұсынылады.

      198. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның туған-туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуi режимдiк корпуста бекет бақылаушысының кабинетiнде жүргiзiледi. Кездесу өту барысында резервтік топтағы екі бақылаушы және ілесіп жүруші бақылаушы қатысады. Кездесу алдында және ол аяқталғаннан кейін сотталғанға тінту жүргізіледі.

      199. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанның қорғаушысы ретiнде iске қатысатын адвокатпен кездесу жеке, ұзақтығы мен саны шектелмей ұсынылады. Адвокатпен кездесуде сотталған өзiмен бiрге қылмыстық iске қатысты құжаттар мен жазбалар алуға құқылы.

      200. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғаның:
      1) белгiленген киiм түрiн бұзуына;
      2) күзетпен бiрге жүрмей және қолға арттан кигiзiлген қол кiсендерiнсiз, көзге байлайтын көрiнбейтiн материалдан орамасыз (демалу аулаларында, жуыну бокстарында, камералардан басқа) мекеме аумағы бойынша жүруіне;
      3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз терезе әйнектерiн ашып-жабуына;
      4) камераларда киiм жууына;
      5) қарау көздерiн жабуына;
      6) басқа камерадағы сотталғандармен байланыс жасауына жол берiлмейдi.

      201. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған режим талаптарын бұзатын адамдарға мекеме әкiмшiлiгi мынадай жаза шараларын:
      1) сөгiс;
      2) 15 тәулікке дейiн карцерде ұстауды қолдана алады.

      202. Сөгiс түрiндегi жаза мекеме бастығының бұйрығымен қазақша үлгiде рәсiмделедi.

      203. Карцерде ұстау түрiндегi жаза мекеме бастығының қаулысымен және сотталғанды карцерде ұстау мүмкiндiгi туралы медициналық қызметкердiң қорытындысымен рәсiмделедi.
      Сотталған жаза қолданылғанға дейiн ұсталған сол камерада жазасын өтейдi. Егер камерада жазасын өтеу үшiн жазаға тартылған екi сотталған ұсталса, басқа камераға ауыстырылады.
      Жазаны өтеу кезеңiнде (карцерге енгiзу) төсек жабдықтары алынады және белгiленген уақытта ұйықтау кезiнде берiледi. Сотталған кiтап, журнал, газет алу, хат, сәлем-саухат, сәлемдеме, азық-түлiк тағамдарын алу және бiрiншi қажеттi заттар алу, үстел үстi ойындарын пайдалану құқығынан айрылады. Карцерге қамалғандарға жақын туыстармен, дiни қызметшiлермен (адвокатпен кездесуден тыс) кездесу ұсынылмайды.

      204. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар тергеу изоляторында болған уақытта олардың белгiленген заңнама шегiнде материалдық залал келтiргенi үшiн материалдық жауапкершiлiкке тартылады.

      205. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбекке (камерада өзiне қызмет көрсетуден тыс) тартылмайды.
      Камераларды жинауды сотталғандар кезекшiлiк тәртібімен жүргiзедi. Керуеттердi жинау кезiнде металл құралдарын қарау үшiн матрацты екi рет бүктейдi, керуеттердi жинау белгiленген үлгiде жүргiзiледi.

      206. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар жалпы нормалар бойынша үш рет ыстық тамақпен қамтамасыз етiледi. Тамақты тарату кезекшiнiң қатысуымен бақылаушылардың қадағалауымен жүргiзiледi.
      Тамақты өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандардың камерасына кемінде 3 бақылаушының қатысуымен ас блогының қызметкерi күн тәртібімен белгiленген уақытта, камера бойынша, көзәйнек арқылы бередi.
      Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанға пайдалануға рұқсат берiлген мүлiктер және құралдарды (хаттар, медициналық заттар, кiтаптар және т.б.) беру кезiнде арнайы құралдар пайдаланылады, сонымен бiрге есiк көзәйнектерi ашылады, камералардың есiгi ашылмайды.

      207. Кезекшiлiктi қабылдау-тапсыру кезiнде сотталғандарды санап тексеру есiк әйнегi арқылы, камераға кiрмей жүргiзiледi.

      208. Сыртқы есiктiң көзәйнектерiн ашқаннан кейiн өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар пәрмен бойынша бетi қабырғаға қарай, аяқтарын иық енiмен бiрдей етiп түзеледi, қолдарын қабырғаға тiрейді, саусақтары ашып, алақандарын жаяды. Камера бойынша кезекшi белгiленген нысанда баянат жасайды.
      Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға арналған камералардағы көзәйнектер ұзындығы кемінде 130 см болатын басында iлмегi бар арнайы шыбықпен ашылады, оны бақылаушы сотталғанға есiктегi көзәйнек арқылы бередi, бұл ретте шыбықтың доғал ұшы сыртқа қаратылып беріледі және сотталған оны кейiн қарай сол тәртіп бойынша бередi.

      209. Камера тiкелей қажеттiлiк жағдайнда ғана кезекшiнiң немесе оның орынбасарының қатысуымен (егер осы кезде тергеу изоляторының Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғанға кезекшi бақылаушыны есептемегенде, екi қызметкерден кем болмауы тиiс. Кезекшi бақылаушы есiктi ашқан соң сотталғандарға сапқа тұру жөнiнде пәрмен бередi, оның берген пәрменi орындалғанына көзi жеткен соң, камера кезекшiсiнiң баяндауынан соң, алып барушының бұйрығымен ғана сыртқы есiктi ашады, содан соң, iшкi темiр торды қарап есiктегi көзәйнек арқылы кезекпен сотталғандардың қолдарына кiсен салады. Ол үшiн сотталған артына салынған қолдарын көтерiп есiкке жақындайды, және есiкке, артқа қарап есiктегi көзәйнекке қолын созады. Бақылаушы қолына кiсен салады, содан кейiн сотталған қабырғаға келiп оған бетi қарап тұрады.

      210. Сотталғандарды камерадан шығару кезекшiнiң, бiр сотталғанға есептегенде резерв тобының кемінде екi қызметкерінің қатысуымен мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
      1) камера бойынша кезекшiнiң баяндамасынан соң, кезекпен iшiндегi тор есiктегi көзәйнек арқылы қолдарына кiсен салынады;
      2) сотталғандар камера iшiнде қабырға бойында бақылаушы әрқайсысын көре алатындай сапқа тұрады;
      3) бақылаушы кезекшiнiң тапсырмасы бойынша iшкi тор есiктi ашып, дәлiзге шығады;
      4) бақылаушының тапсырмасы бойынша сотталғандар бiртiндеп қолдарын арт жағына көтерiп, саусақтарын тарбитiп, алақандарын сыртқа қаратып дәлiзге шығып осындай қалыпта қабырғаға қарап тұрады;
      5) постынан шығар алдында сотталғанның көзiне мөлдiр емес матадан көзiне орама таңады.

      211. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды серуенге шығарарда резервтегi топтың бақылаушысы оларға ауысым бойынша iшкi темiр тор есiгiнiң көзәйнегi арқылы аяқ киiм, киiм бередi. Содан кейiн осы Ережелерге сәйкес сотталғандарға кiсен салынады, серуендейтiн аулаға айдауылда бақылаушы сотталғандардың қолын арттарында ұстауды талап етедi. Серуендейтiн аулада сотталғандар есiкке қарама-қарсы қабырғаға бетiмен қарап сапқа тұрады. Серуендейтiн ауланың есiгi құлыптанады. Бақылаушының тапсырмасы бойынша сотталғандар бiртiндеп серуендейтiн ауланың есiк көзәйнегiне келедi және серуен уақытында қолдарынан кiсен алынады. Серуен бiткен соң сотталғандардың айдауылдауы кейiн қарай тәртіппен өтедi.

      212. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды серуендету күн сайын тәуліктің күндiзгi уақытында, камера бойынша, бір-бірінен оқшауланған серуендеу аулаларында жүргiзiледi. Сотталғандар осы Ережеде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда серуендетуді кезекшi мерзімінен бұрын аяқтауы мүмкiн.

      213. Терезелердің, торкөздердің, едендердің, төбенің және камера мүкаммалының сақталуын тексеру және сақтауға тыйым салынған бұйымдарды табу үшін камераларды ішкі техникалық жіті қарау мен тiнтуді корпус бойынша аға бақылаушы мен резерв тобының бақылаушысы кезекшi немесе оның орынбасарының басшылығымен күн сайын серуендеу уақытында немесе тергеу изоляторының бастығы белгiлеген уақытта жүргiзедi.
      Егер жіті қарау мен тiнту сотталғандарды серуендету кезеңінде жүргізілмесе, камераны жіті қарау мен тiнту уақытында сотталған одан басқа бос камераға немесе режим корпусының үй-жайына не күшейтiлген күзетпен дәлiзге шығарылады.

      214. Төтенше жағдай туындағанын байқаған постыдағы бақылаушы немесе әкiмшiлiк өкiлi дабыл бергішті қосу арқылы белгі береді не радио-телефон байланысы арқылы дабыл көтередi. Инженерлiк-техникалық күзет құралдарының бақылаушы-операторы дабыл қабылдаған соң, дауыс күшейткіш радиобайланыспен мекеме бойынша дабыл қағады және кезекшiге баяндайды.

      215. Кезекшi немесе оның орынбасары өзiнiң түнгі уақыттағы кезекшілік уақытында өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар ұсталатын камералар күзетiн кемінде үш реттен тексеруге, тексеру нәтижелерi туралы посты ведомосына белгi қоюға міндетті.

      216. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға медициналық көмек көрсету ұстау камераларында тікелей жүргізiледi. Сотталғанды медициналық бөлiмге ауыстыру тек тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша берген нұсқауы бойынша және медициналық шұғыл араласу немесе басқа медициналық көрсеткiштер бойынша кезек күттірмейтін жағдайларда ғана жүргiзіледi. Тергеу изоляторының медициналық бөлiмiнде хирургиялық үстел, стоматологиялық кабинетте кресло, сотталғанның қолын кiсендеуге арналған кронштейндермен жабдықталған рентген аппараты болатын арнайы кабинеттер жабдықталады.
      Инфекциялық аурумен науқастанған жағдайда, сотталғанға тиісті санитарлық-iндетке қарсы шаралар жүргiзiлiп, камерада жалғыз ұсталады.

      217. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды бiр камерадан басқа камераға ауыстыру тергеу изоляторы бастығының жазбаша нұсқауымен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 1 қосымша     

Сезiктiлер мен айыпталушылардың тергеу
изоляторларындағы мiнез-құлық epeжeci

      1. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезiктiлер мен айыпталушылар:
      1) Қазақстан Республикасының Заңында және Әдiлет министрлiгi тергеу изоляторларындағы мiнез-құлық ережесiнде белгiленген күзетте ұстау тәртiбiн сақтауға;
      2) тергеу изоляторы әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындауға;
      3) гигиена және санитария талаптарын сақтауға;
      4) күнделiктi серуенге шығуға (серуеннен босатуды медициналық қызметкердiң қорытындысы бойынша тергеу изоляторының бастығы жүзеге асырады);
      5) өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтауға;
      6) тергеу изоляторының мүлкiне ұқыпты қарауға;
      7) кезекшiлiк тәртiппен камераларды және басқа да үй-жайларды тазалауға;
      8) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, сезiктiлер мен айыпталушылардың, сондай-ақ өзге де адамдардың қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекеттер жасамауға;
      9) тергеу изоляторының қызметкерлерiне, сондай-ак күзетте ұстау тәртiбiн қамтамасыз етушi басқа адамдарға қызметтiк мiндеттерiн атқаруда кедергi келтiрмеуге;
      10) өзiнiң өмiрi мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамдардың өмiрiне қауiп төндiретiн қасақана әрекеттер жасамауға мiндеттi.
      2. Тергеу изоляторында ұсталушы сезiктiлер мен айыпталушылар:
      1) белгiленген күн тәртiбiн сақтауға;
      2) өзара және тергеу изоляторы қызметкерлерiмен тiлдескенде сыпайы болуға;
      3) тергеу изоляторының қызметкерлерiне "Сiз" деп тiл қатуға және оларды "азамат" немесе "азаматша" деп және бұдан әрi шенiне немесе лауазымына қарай не "азамат бастық" деп атауға;
      4) камераға тергеу изоляторының қызметкерлерi кiргенде олардың әмiрiмен орнынан тұруға және көрсетiлген орында тiзiлiп тұруға;
      5) сырт пiшiнiн ұқыпты ұстауға;
      6) айдауылмен немесе тергеу изоляторының қызметкерлерiне iлесiп жүргенде қолдарын артына ұстауға;
      7) тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, өзге де лауазымды адамдардың талабы бойынша өзiнiң аты-жөнiн айтуға;
      8) тыныштық сақтауға;
      9) кезекшiлiк тәртiппен камера бойынша кезекшiлiк атқаруға тиiс.
      3. Камера бойынша кезекшi:
      1) камераға тергеу изоляторының қызметкерлерi кiрген кезде камерада отырған сезiктiлер мен айыпталушылардың саны туралы баяндауға;
      2) камера мүкәммалының, жабдықтарының және басқа мүлкiнiң сақталуын бақылауға;
      3) камерада ұсталушы адамдар үшiн ыдыс алуға және оны тапсыруға;
      4) камераның тазалығын бақылауға;
      5) камераның еденiн сыпыруға және жууға, камераның сантехникалық торабын, серуендеу аяқталысымен серуендеу ауласын тазалауға;
      6) ауыз суға арналған ыдысты жууға тиiс.
      4. Сезiктiлер мен айыпталушыларға Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған бұйымдарды, заттарды және азық-түлiктердi өздерiнде ұстауға, сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.
      5. Сезiктiлер мен айыпталушылар:
      1) тергеу изоляторының басқа камераларында немесе өзге үй-жайларында ұсталатын адамдармен сөйлесуге, оларға қандай да бiр заттарды берудi жүзеге асыруға, тықылмен белгi беруге немесе олармен хат алысуға;
      2) сөйлесудiң белгiленген тәртiбiн бұзуға, еркiндiкте жүрген немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қандай да бiр заттар беруге және олармен хат алысуға;
      3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз камерадан және режимдi корпустарының басқа да үй-жайларынан шығуға;
      4) тергеу изоляторлары объектiлерiнiң күзет желiсiн бұзуға;
      5) алкогольдi iшiмдiктер дайындауға және iшуге, есiрткi және психотроптық заттарды пайдалануға;
      6) материалдық немесе өзге де табыс табу мақсатында стол үстi ойындарын ойнауға;
      7) өзiне немесе басқа адамдардың денелерiне белгi қондыруға;
      8) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жатын орнын бүркелемеуге және ауыстыруға;
      9) қолдан жасалған электр құралдарын пайдалануға;
      10) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға;
      11) камерада от "қағуға;
      12) жануарлар ұстауға;
      13) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз сантехника, жарық бергiш және басқа да құралдарды жөндеуге немесе камера жарығын өзгертуге;
      14) камерадағы сантехникалық тораптарды бiтеп тастауға;
      15) камераның қабырғасынан тергеу изоляторында отырған сезiктiлер мен айыпталушылардың негiзгi құқықтары және мiндеттерi туралы ақпаратты алып тастауға;
      16) қабырғаларды, камера мүкаммалын қағазбен, фотосуреттермен, суреттермен, газет және журнал қиындыларымен желiмдеуге оларға жазу жазуға немесе суреттер салуға;
      17) айқайлауға немесе басқа тәсiлмен тыныштықты бұзуға;
      18) тергеу изоляторының аумағында қозғалу кезiнде саптан шығуға, темекi шегуге, сөйлесуге, камера тесiгiнен сығалауға, қандай да бiр құралды жоғары көтеруге, дабыл қағу тетiгiн басуға;
      19) терезеден бiрдеңе тастауға, терезе алдына шығып тұруға, желдеткiштен ұмтылуға, есiктiң қарағыш тесiгiне жабыса тақалуға, қарағыш тесiктi жабуға;
      20) жеке пайдаланудағы заттарды сатуға, сыйлауға немесе басқа тәсiлмен иелiктен шығаруға болмайды.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 2 қосымша     

Тергеу изоляторын инспекциялайтын адамдардың
ескертулерi мен ұсыныстарының кiтабы
____________________________________________
(тергеу изоляторының атауы)

"___"_________________ басталды 
"___"_________________ аяқталды 

___________________________________________________________________
N |Күні|Тексеретiн адамның|Ескертулердiң|Ұсы.|Орындау|Қолданылған
р/с|    | лауазымы, атағы  |   мазмұны   |ныс |мерзiмi|  шаралар
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Ескерту:
      1. Кiтап нөмiрленген, тiгiлген, тиiсiнше қол қойылған және сүргiштi мөр басылған болуы керек. Кiтап тергеу изоляторының бастығында сақталады.
      2. Кiтап қарауға және тергеу изоляторын инспекциялауға құқығы бар адамдарға онда тиiстi жазба жазу үшiн ұсынылады.
      3. Инспекциялаушы кiтапқа өзiнiң құзырындағы мәселелер бойынша негiзгi ескертулерi мен ұсыныстарын енгiзедi. Бұл ретте анықталған кемшiлiктердi жою мерзiмдерi көрсетiледi.
      4. Тергеу изоляторының бастығы инспекциялаушы белгiлеген мерзiмде кемшiлiктердiң жойылғаны туралы жоғары бастыққа хабарлауға мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 3 қосымша     

      Бекiтемiн
      Тергеу изоляторының бастығы
      ___________________________
         (атағы, қолы, тегі)
      ____ж. "___"_______________

Камера бойынша орналастыру жоспары

___________________________________________________________________
            Бөлек ұсталады           |Камералар|Камерадағы|Ескерту
                                     |    N    |орын саны |
___________________________________________________________________
                  1                        2         3        4
___________________________________________________________________
1. Сезiктi мен айыпталушы ер адамдар
а) ауыр болып саналмайтын қылмыстарда
және бас бостандығынан айыру орында.
рында жазаларын өтемеген
б) ауыр қылмыста бұрын жаза өтеу
орындарында отырмағандар
в) бұрын бас бостандығынан айыру
орындарында отырғандар

2. Сезiктi мен айыпталушы әйелдер
а) бұрын бас бостандығынан айыру
орындарында жазасын өтемеген
(қылмыс құрамынан тәуелсiз)
б) бұрын түзеу колонияларындағы
жалпы режимдегi бас бостандығынан
айыру орындарында жазасын өтегендер
в) бұрын қатаң режимдегi ТК жазасын
өтегендер (қылмыстың ерекше қауiптi
рецидивi кезiнде)
г) балалары бар және де жүктi әйелдер
(жүктiлiгi бес айдан жоғары мерзiммен)

3. Кәмелетке толмаған сезiктiлер мен
айыпталушылар ер жынысты
а) ауыр болып табылмайтын
қылмыстарда және бұрын бас
бостандығынан айыру орындарында жаза
өтемегендер
б) ауыр қылмыстарда
в) бұрын ТК жазасын өтегендер
(қылмыстың құрамына байланысты емес)

4. Сотталған ер адамдар
а) жалпы режимдегi ТК
б) қатаң режимдегi ТК
в) шартты сотталғандар
г) тәрбиелiк батальонға жiберуге

5. Сотталған әйелдер
а) бiрiншi рет, бұрын бас
бостандығынан айыру орындарында
ұсталынбағандар (жалпы
режимдегi ТК)..................
б) бұрын сотталғандар, бас
бостандығынан айыру орындарында
ұсталғандар (жалпы
режимдегi ТК)..................
в) қылмыстың ерекше қауiптi кезiнде
сотталғандар.......................
г) баламен және жүктi (жүктiлiгi бес
айдан жоғары)......................

6. Кәмелетке толмаған сотталғандар
(жазаны тәрбие колониясында өткiзу)
а) жалпы режимдегi.................
б) бұрын сотталғандар үшiн жалпы
режимдегi локалды участiкте.........
7. бұрын IIМ, Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнде, прокуратурада, Сотта
қызмет iстеген сондай-ақ Заңның
32-бабының 2-тармағының
2) тармақшасының алтыншы абзацында
көзделген адамдар

8. Сотталған шетелдiктер, сезiктiлер
мен айыпталушылар және азаматтығы жоқ
адамдар

9. Транзитпен айдауылданатын адамдар,
сезiктiлермен айыпталушылар:
а) ер адамдар......................
б) әйелдер.........................
в) кәмелетке толмағандар...........
Бұл адамдар осы Ереженiң 22-тармағын
сақтап бөлек орналасады

10. Өлiм жазасына және өмiр бойы бас
бостандығынан айырылған сотталғандар

11. Тергеу изоляторында шаруашылық
қызмет көрсету бойынша жұмысқа
қалдырылған сотталғандар
а) ер адамдар
б) әйелдер

12. Карцерде ұсталушылар

13. Аурухана палаталарындағы аурулар
14. Жиынтық бөлiмшелерде ұсталатын
адамдар
Жиынтық бөлiмше камераларындағы
адамдар осы Ереженiң 22-тармағында
көзделген тәртiппен орналастырылады.
___________________________________________________________________

      Ескерту:
      1. Ауыр емес (1-тармақтың "а" тармақшасы) қылмыстың жасалуына сезiктi не айыпталу бойынша бiрiншi рет тартылған адамдар, олар тартылған ҚР ҚК бабына қарамастан бiрге ұсталуы мүмкiн. Бұл адамдар қылмыстың құрамы (сипаты) жөнiнен камера бойынша орналастырылуы да мүмкiн.
      2. Бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемеген қатаң қылмыс бойынша айыпталушылар (1 тармақтың "б" тармақшасы) және ерекше қауiптi қылмыстарға айыпталушылар ережеге сәйкес бiр бiрiнен бөлек және күзетке алынғандардың санаты бойынша орналастырылады.
      3. Камера бойынша орналастыру жоспары кезекшi, жедел, режим бөлiмдерiнде, арнайы бөлiмдерде және тергеу изоляторының басшылығында болуы тиiс.

Тергеу изоляторы бастығының орынбасары ___________________________
                                         (аты-жөнi, атағы, қолы)

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 4 қосымша     

Жалпы камералардың сипаттамасы

      Сезiктiлер мен айыпталушылар ұсталатын камералардың құрылысы сыртқы қоршаған ортадан және бiрiккен бөлмелерден сенiмдi оқшаулануы қамтамасыз етiлуi тиiс. Камералардың жоспарлық нысаны есiктiң "көзегi" арқылы анағұрлым жақсы көрiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
      Камералардың есiгi көлемi 90х200см. (бұдан әрi - см.) екi жақты болады. Еден деңгейiнен 95 см. биiктiкте 18x22 cм тамақ үлестiруге арналған терезе орналасуы тиiс. Жалпы камераларды көлемi 1,88х0,65 метр жоспарында екi ярусты кереуеттермен, бiр адамға 0,4 метр үстел периметрiнiң есебiндегi үстелдермен және 1 погон метрге 5 орын есебiндегi киiм iлгiштерге арналған шкафпен жабдықталуы керек. Камералардың барлық жабдықтарын еденге қағу керек.
      Әр камерада қолжуғыштан және унитаздан тұратын санитариялық торап жабдықталады. Санитариялық торап бөлгiшпен бөлiнiп тұрады. Терезенiң iшкi жағынан терезе тесiгiне қол жеткiзудi шектейтiн қабырғадан 25x30 см. берi шығып тұратын тор қойылуы тиiс. Барлық камераларға боялған еден салу керек.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 5 қосымша     

      Санкция беремiн _____________
      Прокурор ____________________
                   (тегi, қолы)
      "__"_________________________

Қылмыс жасағаны үшiн сезiктi мен айыпталушыларды
күзетке алынғанда ұстау тәртiбi мен шарты туралы
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының күзетке
алынғаннан ұсталынған адамды бiр адамдық камераға
ауыстыру туралы қаулы

Күзетке алынған __________________________________________________
                           (тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
              (бiр адамдық камерада ұстауға негiз болған
__________________________________________________________________
                      анықтамалар мазмұндалады)
__________________________________________________________________
                           Қаулы еттi:

Күзетке алынған __________________________________________________
                             (тегi, аты, әкесiнiң аты)
одан әрi бiр адамдық камераға ауыстырылсын.

Тергеу изоляторының бастығы ______________________________________
                                    (атағы, қолы, тегi)

"____"_____________________
2004 ж. "____"_______N_____

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 6 қосымша     

       Ескерту: 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.   

Сезiктiлер мен айыпталушылар өзiмен бiрге ұстауына,
сақтауына болатын, сәлемдемемен, посылкамен және ақшасыз төлем арқылы ала алатын азық-түлiктiң, бiрiншi кезекте қажет заттардың, аяқ киiмдердiң және басқа да өнеркәсiп тауарларының тiзiмi

      Сезiктiлер мен айыпталушылардың өзiмен бiрге ұстауына, сақтауына болатын, сәлемдемемен, сәлем-саухатпен және ақшасыз төлем арқылы ала алатын заттар:
      1) жылытуды қажет ететiн, тез бұзылатын азық-түлiктен, сондай-ақ ашытқыдан, алкоголь iшiмдiктерiнен және сырадан басқа азық-түлiк. Азық-түлiктiң тiзiмi санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң ұйғарымы бойынша шектелуi мүмкiн. Сезiктi мен айыпталушының өзiмен бiрге сақтай алатын азық-түлiктiң, бірінші қажетті бұйымдардың, аяқ-киімінің, киімінің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан аспауы тиiс;
      2) темекi бұйымдары, шырпылар;
      3) белдiксiз, галстуксiз, тартпасыз киiмдердiң бiр комплектiсi (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi) сондай-ақ бас киiм, жыл мезгiлiне сай аяқ киiм (темiр табансыз, темiр жапсырмасыз);
      4) бiр комплектi спорт костюмi немесе әйелдердiң үйге киетiн халаты (белгiленген үлгiдегi киiм алған сезiктiлер мен айыпталушылардан басқа);
      5) iшкi киiм;
      6) носкилер;
      7) шұлықтар немесе колготкалар;
      8) перчаткалар немесе қолғаптар;
      9) қалта орамал;
      10) үйге киетiн аяқ киiмдер немесе спорттық аяқ киiмдер (бiр жұп);
      11) жуыну құралдары (шаруашылық сабыны, бет сабыны, сұйық сабын немесе шампунь (тергеу изоляторы дәрiгерiнiң тағайындауымен) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарақ, тарауыш);
      12) қалта айнасы (камерада айна болмаған жағдайда), электрлi немесе механикалық ұстара, бiр ақ рет пайдаланылатын қауiпсiз ұстара;
      13) заттарға арналған қап немесе сөмке;
      14) көзәйнек және көзәйнекке арналған қорап;
      15) орамал, рейтуздар, белдiктер, бюстгальтерлер, шаш түйгiштер, мақта, гигиеналық және косметикалық заттар, пластмасса бигудилер;
      16) балдақтар, ағаш таяқтар, протездер (дәрiгердiң рұқсатымен);
      17) зауытта жасалған тұрмыстық электр қайнатқыш;
      18) жөке немесе су сорғыш;
      19) шариктi қалам, оның стержiнi (қара сия, көк түстi) жәй қарандаш;
      20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерлерi, пошта конверттерi, открыткалар, пошта маркалары;
      21) тергеу изоляторының дүкенiнен (ларегiнен) сатып алынған дәретхана қағаздары;
      22) мойынға асынатын немесе қалтаға салып жүретiн дiнге табыну заттары;
      23) бiр комплектi төсек жабдықтары (екi жайма және жастық тысы);
      24) тергеу изоляторының кiтапханасынан немесе әкiмшiлiк арқылы сауда нүктелерiнен сатып алынған көркем және басқа да әдебиеттер, сондай-ақ мерзiмдi басылымдар;
      25) фотосуреттер екiден аспауы керек;
      26) стол ойындары (дойбылар, шахматтар, домино, нардалар);
      27) бала күтуге арналған заттар (дәрiгердiң рұқсатымен қолында үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер);
      28) тергеу изоляторының дәрiгерi тағайындаған дәрi-дәрмектер.
      Сезiктiлерге және айыпталушыларға жоғарыда аталғандардан басқа қылмыстық iске немесе олардың құқықтары мен заңды талаптарына байланысты мәселелерге қатысы бар құжаттарды және қолжазбаларды, сондай-ақ пошталық тасымалдау бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақшаның түбiртегін, бағалы заттарды, құжаттарды және басқа заттарды өзiмен бiрге ұстауға және сақтауға рұқсат етiледi.
      Осы тiзбеде көзделген заттар және құралдар тыйым салынған заттар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 7 қосымша     

Акт

      Бiз төменде қол қойған комиссия құрамында __________________
                (лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
сезiктiлерден, айыпталушылардан
______________________________________
(сақтауға алдық) алып алуды жүргiздiк (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
Қазақстан Республикасының "Қылмыс жасағаны үшiн сезiктiлер мен
айыпталушыларды күзетте ұстау шарты және тәртiбi туралы" Заңының
33 бабына сәйкес ( ) ___________________________ сома ақша, бағалы
______________________________________________ азық-түлiктер алдық.

Барлығы берiлгенi: __________ бағалы заттардың атауы, ______ ақша,
Азық-түлiктiң, заттардың атауы ___________________________________
                                             (саны)

бердiм: _____________________ (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы)
қабылдадым: _________________ (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы)
қатысқандар: ________________ (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы)

200 ж. "__"________

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 8 қосымша     

Жеке шотында _____ теңге         N ____ камера түбiр. ____________
________ тиын бар.               _________________________________
                                   (күзетке алынғанның тегi, аты,
                                           әкесiнiң аты)

Бухгалтер ________________
"__"___________________ ж.

Өтiнiш

      Төмендегi азық-түлiктi және бiрiншi қажет заттарды алуларыңызды сұраймын:
__________________________________________________________________
N |Азық-түлiктiң немесе|Қанша алуға|Жiберiлген саны|Бағасы
р/с|  заттардың атауы   |  болады   |    (салмағы)  |(теңге)
__________________________________________________________________
1            2                3             4             5
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

                             Барлығы:
      Ескерту: Күзетке алынған тек қана 2 және 3 бағандар толтыру керек.
      Сезiктiнiң немесе айыпталушының қолы _______________________
      _______________ теңгеге азық-түлiктi және бiрiншi қажет
      (жазба жазумен)
заттарды алғандығы туралы қол қою.
      Бұл бағаны менің жеке шотымнан алуларыңызды сұраймын
_______________________________________
(сезiктiнiң немесе айыпталушының қолы)
      ______ ж. "___"

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 9 қосымша     

Сәлем-саухатты қабылдау бөлмесiндегi жиhаздың
және құрал-саймандардың тiзбесi

      1. Сәлем-саухатты тексеруге арналған стол
      2. Сәлем-саухатты қоюға арналған сөрелер
      3. Тара, камераларға сәлем-саухатты жеткiзуге арналған себеттер, сөмкелер.
      4. Тоңазытқыш.
      5. Қажеттi көлемдегi пышақтар, қасықтар, ыдыс-аяқтар және осыған тиiстiлер.
      6. Қолжуғыш, айна, сабын, орамал.
      7. Кiрi бар таразы.
      8. Бақылаушыларға арналған ақ халаттар және бас киiмдер.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 10 қосымша    

Өтiнiш

      Азамат _____________________________________________________
                        (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
      __________________________________ мекен-жай бойынша тұратын
        (тұратын жерiнiң мекен-жайы)
      Сотталған __________________________________________________
                            (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
      _________________________________
              (туған жылы)
      Азық-түлiк сәлем-саухаттың (заттардың) тiзiмi:
__________________________________________________________________
N |   Азық-түлiктердiң немесе  | Салмағы  | Саны |   Ескерту
р/с|      заттардың атауы       | (кг.,г.) |      |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

                  Өтiнiш берушiнiң қолы _____________________
                                    ______ ж."___"

      Сәлем-саухатты қабылдадым __________________________________
                  (сәлем-саухатты қабылдаған қызметкердiң қолы)
      Сәлем-саухатты алдым _______________________________________
        сәлем-саухатты алған сезіктінің немесе айыпталушының қолы)
______ ж. "___"

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 11 қосымша    

Азық-түлiк және заттық сәлемдеме мен
сәлем-саухатты тексеру тәртiбi

      1. Нан тағамдары (бөлкелер, батондар, және т.б.) екi, үш бөлiкке бөлiнедi.
      2. Сұйық тамақтар тергеу изоляторының ыдысына құйылады.
      3. Консервiлер ашылады да және басқа ыдысқа салынады.
      4. Балық екi, үш бөлiкке бөлiнедi.
      5. Шұжық тағамдары бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi.
      6. Шашылғыш заттар (махорка, қант) қайта салынады.
      7. Кәмпиттер орамсыз қабылданады.
      8. Хат алмасуды және тыйым салынған заттарды пайдалануға мүмкiншiлiгi бар барлық басқа да тамақтар осы тәртiппен тексерiлуi керек. Бұл азық-түлiктер өзiнiң сапасын жоғалтпайтындай етiлiп орындалуы керек.
      9. Заттар және бұйымдар да осы тәртiппен тексерiлуi керек.
      Қажет болған жағдайда iздестiру құралдары пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 12 қосымша    

Серуендеу аулаларының сипаттамасы

      Серуендеу аулаларын ережеге сай режимдiк корпустың жоғарғы қабаттарда орналастыру қажет. Мүмкiндiк болмаған жағдайда олар режимдiк аулада орналасуы керек және басқа да жер асты және жер үстi жолдар корпустарымен бiрлесiп немесе оларға толықтай жабысып тұру керек.
      Серуенге шығатын әр сотталғанға 2,5-3 метр кв. (бұдан әрi - м. серуендеу ауласы. Серуендеу ауласының ең аз көлемi - 12 м) келуi керек.
      Серуендеу ауласының үстiңгi жағында металды рама жапсырылады, ұяшығы 17x17 сантиметр металды торлар құйылады ұяшығы 5x5 сантиметрден аспайтын "Рябица" типтес метал сетка бекiтiледi.
      Серуендеу ауласының iшкi қабырғалары бар қоспамен қаланады. Серуендеу ауласының есiгi камера типтес жабдықталады, бiрақ желдеткiзсiз. Серуендеу ауласының әрбiр орталарында еденге жақсы жапсырылған орындықтар қойылады. Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында бақылаушыларға қарама-қарсы жерде жалпақтығы 1,2 метрдей жеңiл шымылдықтар iлiнедi.
      Серуендеу аулаларынан мiндеттi түрде су өткелi қамтамасыз етiлуi керек.
      Ауруларға, балалары бар әйелдерге және жүктi әйелдерге арналған серуендеу аулаларын салуға немесе шөп, гүл егуге рұқсат етiледi. Балалар үшiн құмдағыштар орнатылады.
      Серуендеу аулаларының үстiңгi жағында серуенде жүрген сотталғандарды әр уақытта бақылаушы қадағалау үшiн бұғазы орнатылады. Бақылаушының постында күзет-дабыл құралдарымен немесе кезекшiмен байланыс үшiн телефон розеткалары орнатылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 13 қосымша    

Кездесу өткiзуге арналған бөлмелердi жабдықтау

      Кездесу өткiзу бөлмесiнде сөйлесу құралдары бар кабиналар орналастырылады.
      Әр кабина жалпақтығы 80 сантиметр (бұдан әрi - см) және ұзындығы 1 метр металды каркастан, щиттiк элементтерден және орындықтардан құрылуы мүмкiн. Кездесуге екi туысқан балаларымен келген жағдай үшiн 2-3 кабиналар 140cм. орналастырылады. Барлық кабиналар бiр-бiрiнiң арасында еденнен төбеге дейiн бөлгiшпен бөлiнуi тиiс. Кабинаның каркасы және орындықтар бұрыштық және жапырақтық құрыштан құйылады. Кабиналар арасындағы бөлгiштердiң ұзындығы 80 см. орналастырылады, ал одан жоғары олар органикалық шыныдан жасалады. Туыстар мен сотталғандар арасындағы бөлгiштерде екi жағы шыныдан жасалған декоративтi металды тормен бекiтiледi. Келушiлерге арналған кабиналар жеңiл жабылғышы жоқ есiктермен жабдықталады.
      Кабиналардың шығу блогында естуге, ескерту және сөйлесудi бұзу үшiн арналған бақылаушыларға орынмен жабдықталады. Кабиналардың саны 10-нан асса бақылаушылардың орыны кабинаның блогының ортасында металды тормен жабдықталады. Бақылаушының жұмыс орынының көлемi мiндеттi түрде 4 кв. метр болуы керек.
      Қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерi терезенiң саны бойынша шымылдықтармен, суы бар графинмен және стақанмен (келушiлерге арналған), қабырға сағаттарымен және бақылаушы столындағы күзет-дабыл белгi бергiштермен қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 14 қосымша    

Сезiктiлер мен айыпталушыларды карцерге
орналастыру туралы қаулы

      Сезiктi мен айыпталушы _____________________________________
                       (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, туған жылы)
      ___________________________________________ режим бұзылуын
жiбердi (уақыты, бұзушылықтың түрi және мiнезi)
      "Қылмыс жасаған сезiктi мен айыпталушыларды күзетте ұстау шарты мен тәртiбi туралы" Заңның 39-бабын басшылыққа ала отырып

                               Қаулы еттi:
      Режимдi қатаң бұзғаны үшiн сезiктi мен айыпталушыны
__________________________________________________________________
                    (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
_____________________________________ күнге карцерге жiберу керек.

      N _________ Тергеу изоляторының бастығы ____________________
                                              (атағы, тегi, қолы)
      Қаулы маған жарияланды
      ___ж."___"   ___________________________
                       (сотталғанның қолы)

      Қаулыны жариялады __________________________________________
                                   (тегi, атағы, қолы)
      ____________________________________________________________
                                 (келесi бетi)
      _________________________________ тінту жүргізілді
       (тiнту жүргiзген адамның қолы)

      Берiлген жазаны орындағаны туралы белгiлер.
      Карцерге ___ж. "___" сағ. "___" "___" минутта жiберiлдi.
      Тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi
      ____________________________________________________________
                               (қолы)

      Карцерден ___ж. "___" сағ. "___" "___" минутта босатылды.
      Тергеу изоляторы бастығының кезекшi көмекшiсi
      ____________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 15 қосымша    

Сезiктiлер мен айыпталушылардың жазалары
мен марапатталуын есепке алу кiтабы

"___"_________________ басталды 
"___"_________________ аяқталды 

1 бөлiм
Жазалауға жататын адамдарды есепке алу

__________________________________________________________________
N N|Т.А.Ә.|Жазаны не үшiн|Жазаның|Жаза кiммен және| Ескерту
р/с|      |   салынған   | түрі  | қашан салынған |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

2 бөлiм
Әкiмшiлiк марапаттаған адамдарды есепке алу

__________________________________________________________________
N |Т.А.Ә.|Марапаттау не|Марапаттаудың|   Кiммен және    |Ескерту
p/c|      |үшін берiлдi |   түpi      |қашан марапатталды|
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 16 қосымша    

Карцердiң сипаттамасы

      Карцер, бір адамның отыруына арналған арнайы жабдықталған камералық бөлме. Еденi ағаштан жасалған, мықты. Есiк түрмелiк құлыпты камерлiк типтес түрмелiк құлыппен.
      Онда "көзше" қарағышпен, тамақ беруге арналған желдеткiшпен жабдықталады, ол сыртқы жағынан вагон типтес құлыппен бекiтiледi.
      Карцердiң 0,5-0,5 метрдей металды торы бар және сыртқы жағынан қалқан-жалюзi бар терезесi болуы керек. Iшкi жағынан терезе сеткамен шектеледi. Электрлi лампа есiк үстiнде нишада немесе төбеде бекiтiледi және металды сеткамен шектеледi.
      Карцерде:
      1. Тұрғаннан жатқанға дейiнгi мерзiмде көтерiлiп, бекiтiлетiн қабырғаға жапсырылып тұратын, ағаштан жасалған "қататын орны бар метал кереует.
      2. Еденге немесе қабырғаға жапсырылған стол және орындық.
      3. Санитариялық торап орнатылады.

Қазақстан Республикасы Әдiлет 
министрiнiң мiндетiн атқарушының
2004 жылғы 27 тамыздағы N 245 
бұйрығымен бекiтiлген,      
Қазақстан Республикасының    
Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
атқару жүйесi комитетi тергеу  
изоляторларының iшкi тәртiп  
ережесiне N 17 қосымша    

Қосымша ақылы қызмет көрсетудiң тәртiбi
және олардың тiзiмi

      1. Тергеу изоляторы әкiмшiлiгi Заңның 25-бабына сәйкес тиiстi жағдай болғанда сезiктiлер мен айыпталушыларды мынадай қосымша ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және басқада қызмет түрлерiмен:
      1) емдеудiң жеке түрлерiмен;
      2) денсаулық сақтау органдарының маман-дәрiгерлерiн кеңесiмен;
      3) киiмдi және iшкi киiмдi жөндеу және жуумен;
      4) аяқ киiм жөндеумен;
      5) шашты сәнмен алуды, шашты сәндеудi, қырынуды;
      6) тергеу изоляторының жеке құрамы үшiн асханадан тамақ жеткiзумен;
      7) электр қайнатқышты, электр ұстарасын, электр желдеткiштi, тоңазытқышты, радиоқабылдағышты және теледидарды уақытша пайдаланумен;
      8) заңгерлiк кеңеспен;
      9) мекемеде ұсталушы адаммен жеке iсiндегi құжаттардың көшiрмесiн алумен;
      10) азық-түлiк және өндiрiс тауарларын берудi ресiмдеу бланкiлерiн сатумен;
      11) тұрмыстық жағдайы жақсартылған камералар берумен қамтамасыз етедi.
      2. Тергеу изоляторының қызметкерлерiне және тиiстi дайындығы мен лицензиялары бар осы мақсатқа тартылған мамандығы көрсетiлген қосымша ақылы қызмет сезiктiлер мен айыпталушыларға да көрсетілуі мүмкін.
      3. Қосымша ақылы қызмет көрсетiлуi үшiн сезiктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторы бастығының атына оның жеке шотынан ақылы көмек көрсету үшiн ақша бөлiнуiн сұрап өтiнiш жазады. Тергеу изоляторының жауапты қызметкерi сезiктiнiң немесе айыпталушының жеке шотында ақшаның бар екенiн және тиiстi сомасын тексерiп, өтiнiшке белгi жасайды, бұдан кейiн тергеу изоляторының бастығы өтiнiштiң мәнi бойынша шешiм қабылдайды.
      4. Қызмет ақысын төлеу жергiлiктi жерде қолданылатын бағамен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

                                     Қазақстан Республикасы Әдiлет
                                    министрiнiң мiндетiн атқарушының
                                         2004 жылғы 27 тамыздағы
                                       N 245 бұйрығымен бекiтiлген,
                                        Қазақстан Республикасының
                                    Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
                                      атқару жүйесi комитетi тергеу
                                       изоляторларының iшкi тәртiп
                                           ережесiне 18-қосымша

      Ескерту: 18-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

    Тергеу изоляторының өлім жазасына немесе өмір бойы бас
     бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған
                камерасын жабдықтау сипаттамасы

      1. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған үшiн камералар санитарлық тораппен және қол жуғышпен жабдықталады. Камерада берік темір керует, қабырғаға немесе еденге нық бекітілген металл немесе ағаш үстел мен орындық қойылады.
      2. Камера терезесі берік металл тормен жабдықталады. Терезелерге ішкі жағынан терезе торына кіруден қорғайтын "рабица" түрiндегi жиi металл тор ілінеді, ал терезенің сыртқы жағынан камераға табиғи жарық түсуіне кедергі келтірмейтін оқшаулаушы металл қақпал - жалюзи орнатылады.
      3. Камера есіктері ішкі жағынан темірмен оратылады. Есіктер камераға тамақ пен өзге де заттарды енгізуге арналған "көзшемен" және желдеткішпен жабдықталады.
      4. Камера есіктеріне арнаулы үлгідегі екі құлып салынады. Олардың біреуі осы посттың камера есігіндегі құлыпқа ұқсас, екіншісі - басқаша жасалған, оған тергеу изоляторындағы камераның және басқа құлыптардың кілттері келмейді. Есікті кезекші әмірінен кейін ғана ашуға мүмкіндік беретін қосымша электрлі тосқауыл немесе камера есіктеріндегі белгі беру (сигнализация) тергеу изоляторының кезекші бөлімінің пультіне жалғанып орнатылады.
      5. Камера желдеткіштерінің құлыптары басқа құлыптарға сәйкес келмейтін кілттермен жабдықталады.
      6. Электр сымдары жасырын болуы тиіс. Электрлі шам есiктiң үстіңгі қуысына орнатылады және сотталғанның оған жетуін болдырмайтын сақтандырғыш тор болуы тиіс.
      7. Камераның едендері ағаштан жасалуы тиіс.
      8. Егер тергеу изоляторы орналасқан елді мекендегі құбыр суын ішуге рұқсат етілмесе, камераға қайнаған су құйылған ыдыс беріледі.
      9. Азық-түлік пен гигиеналық бұйымдарды сақтау үшін қабырғаға қуыс, я болмаса еденге немесе қабырғаға бекітілген шағын шкаф жасалынады.
      10. Камера радио желісі тартылады. Радиоқабылдағыш жабық қуысқа қойылады.

                                      Қазақстан Республикасы Әдiлет
                                    министрiнiң мiндетiн атқарушының
                                         2004 жылғы 27 тамыздағы
                                       N 245 бұйрығымен бекiтiлген,
                                        Қазақстан Республикасының
                                    Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
                                      атқару жүйесi комитетi тергеу
                                       изоляторларының iшкi тәртiп
                                           ережесiне 19-қосымша

      Ескерту: 19-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан
        айыруға сотталғандарға арналған белгіленген
                  киiм нысанының сипаттамасы

      Белгіленген үлгідегі киім (қара немесе көк түсті) үш жолағы бар, әрбір ені 3 см ақ түсті матадан жасалған, шалбар балағы мен күрте жеңінің етегінен көлденеңі 2 см арқылы тігілген. Күртенің және сыртқы жылы киімнің жоғарғы артқы жағына трафаретпен "ӨБА" немесе "ӨЖ" деген жазу жазылады, әріптердің өлшемі 15х8 см. Iш киiм мақта-мата матасынан жасалады. Камерада сотталғандар металы болмайтын жұмсақ тәпішке киіп жүреді.

                                      Қазақстан Республикасы Әдiлет
                                    министрiнiң мiндетiн атқарушының
                                         2004 жылғы 27 тамыздағы
                                       N 245 бұйрығымен бекiтiлген,
                                        Қазақстан Республикасының
                                    Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
                                      атқару жүйесi комитетi тергеу
                                       изоляторларының iшкi тәртiп
                                           ережесiне 20-қосымша

      Ескерту: 20-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан
   айыруға сотталғандарға өздерiмен бірге және камераларда
     ұстауға рұқсат етiлген бұйымдардың, заттардың және
                    азық-түліктің тiзбесi

1. Төсек жабдықтары:
Матрац - 1 дана, көрпе - 1 дана, жайма - 2 дана, жастық - 1 дана, тыс - 1 дана, орамал - 2 дана (әрқайсысы 50 см-ден аспау керек)
2. Жеке гигиена бұйымдары:
Тіс пастасы (пластмасса ыдыста) - 1 дана, тіс щеткасы - 1 дана, электрлі ұстара - 1 дана; сабын, губкадан жасалған ысқыш (монша үй-жайында, камера сыртынан бекітілген ұяшықта болады), бiр реттiк ұстара қырғыш (постыдағы кезекшінің бақылаумен моншаға түскен кезде беріледі).
3. Киім:
Тергеу изоляторы беретiн киімнің, іш киімнің және аяқ киімнің бір жиынтығы, бет орамалдар. Тергеу изоляторының шағын дүкендерінен алынған бөлмелік немесе спорттық тәпішкелер.
4. Көзiлдiрiк, ал дәрігердің рұқсаты бойынша балдақтар (протездер).
5. Жазу құралдары: жазу қағазы (металл скрепкасыз), хаттар, фотосуреттер, конверттер, маркалар, пластмасса корпустағы көк түсті пастасы бар автоқалам, қарындаш, қылмыстық іске қатысы бар құжаттар мен жазбалар; тапсырған ақшаға, құнды заттарға және киімдерге берілген түбіртектер.
6. Темекі заттары, сіріңке, темекі шегу қағазы.
7. Ыдыс-аяқ: пласмасса тарелке (тамақ қабылдау уақытында беріледі); пластмасса немесе ағаш бокал мен қасық (камерада болады).
8. Тергеу изоляторының шағын дүкендерінде ӨЖ-ға немесе ӨБА-ға сотталғандарға сатуға рұқсат етілген азық-түлік.
9. Басқа да жабдықтар:
Ине-жіп (белгілі бір уақытқа корпус басшысына беріледі), үстел ойындары шахмат, шашки, домино (картоннан жасалған), қымбат емес металдан жасалған мінажат ету заттары.

                                      Қазақстан Республикасы Әдiлет
                                    министрiнiң мiндетiн атқарушының
                                         2004 жылғы 27 тамыздағы
                                       N 245 бұйрығымен бекiтiлген,
                                        Қазақстан Республикасының
                                    Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
                                      атқару жүйесi комитетi тергеу
                                       изоляторларының iшкi тәртiп
                                           ережесiне 21-қосымша

      Ескерту: 21-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175 бұйрығымен.

      Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан
  айыруға сотталғандарға мекеменің шағын дүкендерінде сатуға
  рұқсат етілген азық-түлік пен бiрiншi қажеттегі бұйымдардың
                            тізбесі

Азық-түлік:
1. нан өнімдері, печенье, галеттер;
2. майшабақ;
3. консервілер, балық консервісі, өсімдік майы, жеміс-жидектер, көкөніс
4. майлар, сары май, маргарин, май;
5. iрiмшiк;
6. шұжық өнімдері (кептірілген және жартылай кептірілген);
7. қант, кәмпит, карамель, повидло, джем;
8. жеміс-жидек;
9. көкөніс;
10. темекі бұйымдары, сіріңке;
Бiрiншi қажеттегі бұйымдар:
1) мәйкі, трусы, бет орамал, шұлық бұйымдары, бөлмелік немесе спорттық аяқ киім;
2) кір сабын және иіс сабын, тіс пастасы (пластмасса ыдыста), тіс щеткасы, тарақ;
3) қағаз, пошта конверттері, маркалар, қарындаш, пластмасса корпустағы көк түсті пастасы бар автоқалам.

      Ескерту: Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар алатын бандерольдар құрамына құрғақ азық-түлік, сондай-ақ осы тiзбеде тізілген бiрiншi қажеттегі бұйымдар ғана кіре алады.
      Алынған азық-түлікті камераға беру алдында оларды кездесу және табыстау бөлмелерінің бақылаушылары тексереді.

                                      Қазақстан Республикасы Әдiлет
                                    министрiнiң мiндетiн атқарушының
                                         2004 жылғы 27 тамыздағы
                                       N 245 бұйрығымен бекiтiлген,
                                        Қазақстан Республикасының
                                    Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-
                                      атқару жүйесi комитетi тергеу
                                       изоляторларының iшкi тәртiп
                                           ережесiне 22-қосымша

      Ескерту: 22-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 175, 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

                                     _____________ҚАЖК ҚАЖД N ______
                                     (облыс атауы)
                                       тергеу изоляторының бастығына

          Туыстарымен және өзге де адамдармен
                КЕЗДЕСУГЕ РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ

      Азамат ___________________________ ҚР ҚК ___ бабымен көзделген
              (тегі, аты, әкесінің аты)
қылмыс жасағаны үшiн жазаға тартылған, 19__жылғы "__" ______ туған,
___________________________________________________________тіркелген
          (қылмыстық процесс жүргізуші орган атауы)
_______________________ -мен кездесуге рұқсат етілгенін хабарлаймыз.
(қамауда ұсталушы адамның
тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________ қолы ____________
   (қылмыстық іс іс жүргізуінде болатын адамның
              лауазымы, аты-жөні)
                                                  "___"_____________
КЕЛІСЕМІН
__________________________________________________ қолы ____________
  (қылмыстық іс іс жүргізуінде болатын орган
        басшысының лауазымы, аты-жөні)
                                                  "___"_____________
М.О.     


Дата вступления в силу:  14.09.2004
Дата изменения акта:  29.03.2012
Дата принятия акта:  27.08.2004
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103001000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  21287
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  245
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  030001000000 / 028004000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz