06.08.2004

Жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

      Ескерту: Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.05.12 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді) Бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Жүкті, багажды және жүк багажын тиеу (түсіру), сұрыптау, сақтау жөніндегі операцияларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға қойылатын мынадай талаптар белгіленсін:
      1) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарда жүктің, багаждың, жүк багажының сақталуын, оларды вагондарға (вагондардан) және контейнерлерге (контейнерлерден) тиеуді (түсіруді) қамтамасыз етуге арналған жабдықталған жол құрылыстары мен техникалық құрылғылары болуы тиіс;
      2) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдардың жол құрылыстары мен техникалық құрылғыларының жай-күйі құрылыс нормалары, қозғалыс қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      3) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдар арнайы тиеу-түсіру құрылғылармен, соның ішінде эстакадалармен, мамандандырылған алаңшалармен, тазарту құрылғыларымен жабдықталады;
      4) тармақ иеленуші жалпы пайдаланымдағы кірме жолдың техникалық паспортын, жоспарын, бойлық пішінін және жасанды құрылыстардың сызбаларын ресімдейді.
      2. Жолдың толық жоспарын және бойлық пішінін көрсетілген жұмыстарды орындауға тиісті лицензиясы бар ұйым жүргізген аспаптық түсірудің негізінде жасалады.
      3. Жалпы пайдаланымдағы кірме жолдардың жоспары мен пішінін кезеңдік аспаптық тексеру он жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
      4. Жалпы пайдаланымдағы кірме жолдардың осы бұйрықтың 1-бабындағы талаптарға сәйкестігі тармақ иеленушінің қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
      7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр


Дата вступления в силу:  13.08.2004
Дата изменения акта:  12.05.2011
Дата принятия акта:  06.08.2004
Информация об официальном опубликовании акта:  "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2004 ж., N 37-40, 1001-құжат.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103013000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  20935
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  306
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  009002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz