Кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтердi, сондай-ақ олардың орындалуы жөнiндегi есептердiң нысандарын және ұсыну мерзiмiн белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 199 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2994. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Кредиттiк серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  23-бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Кредиттiк серiктестiктерге арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгiленсiн:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi;
      меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi;
      меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентi;
      бiр қатысушыға тәуекел коэффициентi;
      өтiмдiлiк коэффициентi.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аграрлық секторды кредиттеу мәселелерi туралы" 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137  қаулысын  iске асыру шеңберiнде құрылған кредиттiк серiктестiктер осы пруденциалдық нормативтердiң осы қаулысында көзделген "Аграрлық кредиттiк корпорация" акционерлiк қоғамынан алынған заемдар бойынша мiндеттемелердi, сондай-ақ аталған кредиттiк серiктестiктердiң "Аграрлық кредиттiк корпорация" акционерлiк қоғамының жоғарыда аталған кредиттерi есебiнен өзiнiң қатысушыларына берген заемдар бойынша талаптарды есепке алмайды.

      3. Кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 10 миллион теңге болады.
      Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген кредиттiк серiктестiктердiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi 3 миллион теңге болады.

      4. Кредиттiк серiктестiктiң меншiктi капиталының ең төменгi мөлшерi 8 миллион теңге болады.
      Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген кредиттiк серiктестiктердiң меншiктi капиталының ең төменгi мөлшерi 1 миллион теңге болады.

      5. Меншiктi капитал:
      төленген жарғылық капитал (кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мiндеттi жарналары шегiнде);
      кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарналары;
      қосымша капитал;
      өткен жылғы бөлiнбеген таза кiрiс (оның iшiнде бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен қалыптасқан қорлардың, резервтердiң);
      ағымдағы жылғы кiрiстiң ағымдағы жылдың шығыстарынан асып түсу;
      қайта бағалау бойынша резервтер сомасы ретiнде есептеледi;
      мыналарды шегере отырып:
      материалдық емес активтердi;
      өткен жылғы шығындарды;
      ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылдың кiрiстерiнен асып түсуі.

      6. Меншiктi қаражат жеткiлiктiгiнiң коэффициентi кредиттiк серiктестiктiң меншiктi капиталының кредиттiк серiктестiк мiндеттемелерiнiң және шартты әрi ықтимал мiндеттемелерiнiң жиынтық көлемi ретiнде есептеледi.
      Меншiктi қаражат жеткiлiктiгi коэффициентiнiң мағынасы 1-ден кем емес болуы тиiс.

      7. Кредиттiк серiктестiктiң бiр қатысушысына тәуекел коэффициентi кредиттiк серiктестiктiң қатысушыға қоятын талаптар сомасының (оның iшiнде берiлген заем, ұсынылған лизинг бойынша), сондай-ақ кредиттiк серiктестiк қатысушысының ақшалай мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасын, оның iшiнде кредиттiк серiктестiктiң банк шоттарындағы сомаларды, мемлекеттiк бағалы қағаздарды, кепiлдiктердi және екiншi деңгейдегi банктердiң бағалы қағаздарын, сауда-саттықты ұйымдастырушының ең жоғары санаты бойынша ресми тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздарды, кредиттiк серiктестiкке сейфтiк сақтауға берiлген тазартылған қымбат металдарды шегергенде кредиттiк серiктестiктiң қатысушысы алдындағы шартты мiндеттемелер сомасының (оның iшiнде банк кепiлдемелерiн, банк кепiлдiктерiн, банк кепiлдемесiн және кредиттiк серiктестiктiң қатысушысы үшiн ақшалай нысанда орындауды көздейтiн өзге де мiндеттемелердi беру бойынша) кредиттiк серiктестiктiң меншiктi капиталына қатынасы ретiнде есептеледi.
      Бiр қатысушыға тәуекел коэффициентiнiң мағынасы 0,5 астам болмауы тиiс.

      8. Кредиттiк серiктестiктiң бiр қатысушысына заемдар пруденциалдық нормативтердi сақтай отырып берiлген жағдайда, бiрақ кейiнiрек оларға сәйкес болмағанда, кредиттiк серiктестiк үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органды оларды жою бойынша iс-шаралар жоспарын көрсете отырып пруденциалдық нормативтердi бұзу фактiсi туралы хабардар етуге тиiс.

      9. Өтiмдiлiк коэффициентi жоғары өтiмдi активтер сомасының талап ету бойынша мiндеттемелердiң көлемiне қатынасы ретiнде есептеледi.
      Кредиттiк серiктестiктiң өтiмдiлiк коэффициентi 0,2 кем емес болуы тиiс.

      10. Жоғары өтiмдi активтердiң есебiне:
      қолма-қол ақша;
      оларды керi сатып алу шартымен сатылған немесе кредиттiк серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда, мемлекеттiк бағалы қағаздар, листингтің ең жоғары санаты бойынша және сауда-саттықты ұйымдастырушы листингінің ең жоғары санаттан кейінгі санатының ресми тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар;
      бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушы листингінің ең жоғары санатының ресми тiзiмiне енгiзiлген Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктерiндегi талап ету бойынша депозиттер.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 228   қаулысымен .

      11. Талап ету бойынша мiндеттемелердiң есебiне:
      кредиттiк серiктестiктер қатысушыларының талап ету бойынша шоттардағы ақша;
      талап ету бойынша басқа мiндеттемелер, оның iшiнде төлемдер мен ақша аударымдары, қолма-қол ақша беру, жүзеге асыру мерзiмi бiр айдан аспайтын немесе жүзеге асыру мерзiмi белгiленбеген заемды беру бойынша мiндеттемелер жатады.

      12. Кредиттiк серiктестiкте есептi кезең iшiнде тартылған заемдар бойынша немесе ашық банк шоттары бойынша мерзiмi өткен мiндеттемелерi болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заң нормаларын бұзу фактiлерi болған жағдайда өтiмдiлiк нормативтерi өтiмдiлiк коэффициентiнiң есептi мағыналарына қарамастан орындалмаған деп есептеледi.

      13. Кредиттiк серiктестiктер ай сайын қаржылық есеппен бiрге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша пруденциалдық нормативтердi орындау туралы есептi ұсынады.
      Осы қаулының 2-тармағында айқындалған кредиттiк серiктестiктер осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша осы қаулыда көзделген пруденциалдық нормативтердiң есебiне енгiзiлмейтiн талаптар мен мiндеттемелер сомаларын көрсетедi.

      14. Кредиттiк серiктестiк қатысушылардан олардың кредиттiк серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесiн сатып ала алады, eгep  мұндай сатып алу пруденциалдық нормативтердiң кез келгенiн бұзуға әкелiп соқтырмаса.

      15. Кредиттiк серiктестiктер осы қаулының талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.

      16. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      17. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 223  қаулысының  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2435 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 28 шiлдеде - 10 тамызда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      18. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне және кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.

      19. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      20. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.Досмұқаметовке жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
Агенттігі Басқармасының "Кредиттік 
серiктестiктерге арналған    
пруденциалдық нормативтердi,   
сондай-ақ олардың орындалуы   
жөнiндегi есептердiң нысандарын  
және ұсыну мерзiмiн белгiлеу   
туралы" 2004 жылғы 12 шiлдедегi 
N 199 қаулысына қосымша     

Пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы
Есеп
________________________________
(кредиттiк серiктестiктiң атауы)
200 жылғы "___" ________ жағдай бойынша

      1. Меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң есебi К1, мұнда
      К1 = КСмк / О (1 кем емес), мұнда
      КСмк - кредиттiк серiктестiктiң меншiктi капиталы,
      О - кредиттiк серiктестiк мiндеттемелерiнiң және шартты
ықтимал мiндеттемелерiнiң меншiктi көлемi
      К1= ________/ ________=________
      Нормативтi сақтау:
      2. Бiр қатысушыға тәуекел мөлшерiнiң есебi К2, мұнда
      К2 = Р1 (CКкт-ден 0,5 астам емес)
      P1 - заемшының атауы және осы қаулының 9-тармағына сәйкес
есептелген кредиттiк серiктестiктiң бiр қатысушысына тәуекел
мөлшерi ________ мың теңге.
      К2= ________
      Нормативтi сақтау: ________
      3. Кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң есебi К3, мұнда
      К3 = ЖӨА / ТМ (0,2 кем емес), мұнда
      ЖӨА - кредиттiк серiктестiктiң жоғары өтiмдi активтерi
      ТМ - кредиттiк серiктестiктiң талап ету бойынша мiндеттемелерi
      К3= ________/ ________=________
      Нормативтi сақтау: ________
      Басқарма Төрағасы ________ (қолы)
      Бас бухгалтер ____________ (қолы)
      Орындаушы ____________
      телефоны _____________