Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2702 тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтард

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 56, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 117 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2839. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 35 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 43 бірлескен қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық" деген сөздер "пайдаланылатын ақпараттық анықтамалықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар:
      1) "ЦЕНА-ИНФОРМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ақпараттық-баспа фирмасының (Ресей Федерациясы) "Ценовая информация" ақпараттық бюллетені;
      2) Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер одағының "Тамақ өнімдері бағаларының ақпараттық анықтамалығы" (Қазақстан Республикасы) тауарлардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін қолдану кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар ретінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі