Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ақкөл поселкесін ауыл санатына жатқызу туралы

Атырау облыстық мәслихатының XXIV сессияда қабылданған ІІ сайланған 2003 жылғы 6 маусымдағы N 312-ІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 шілдеде N 1562 тіркелді

      Құрманғазы ауданының өкілетті және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-ХІІ "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабы 3 тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкімі шешім етті:
      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ақкөл поселкесі ауыл санатына жатқызылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 09.10.2014 № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 326-V бірлескен шешімдерімен (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Гурьев облыстық еңбекшілер депутаты кеңесі атқару комитетінің 1974 жылғы 12 қарашадағы N 444 Теңіз ауданы Ақкөл селолық кеңесінің орталығы - Ақкөл селосын қалалық поселке санатына жатқызу туралы шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Құрманғазы ауданының әкімі және аудандық мәслихат осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
 
 

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаты ХХІV
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихатының хатшысы