04.07.2003

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1148 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда N 12(183) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесінде:
      кіріспедегі "аудару" деген сөз "төлемдері мен аударымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ережеде "Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында, "Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:";
      6) тармақшада "хабарлар" деген сөзден кейін "(нұсқау, нұсқауды қайтарып алу не орындалуын тоқтата тұру туралы өкім, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымына қатысты өзге де хабарлар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) және 9) тармақшалар алынып тасталсын;

      1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Электрондық құжаттармен алмасатын қатысушы осы жүйеге қызмет көрсететін орталық берген тіркеу куәлігі болған жағдайда Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын электрондық тәсілмен жүзеге асырады.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Электрондық сандық қол қоюды пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      мемлекеттік тілдегі мәтіннің 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электрондық төлем құжатының түпнұсқалылығы жіберуші мен алушы арасында жасалған шартта және/немесе электрондық құжаттарды беруді жүзеге асыратын электрондық құжаттармен алмасу жүйесінің жұмыс істеу ережесінде белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін алушының орындауы нәтижесінде электрондық қол қоюмен расталады және анықталады.".

      2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоттары бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы


Дата вступления в силу:  25.08.2003
Дата изменения акта:  31.08.2016
Дата принятия акта:  04.07.2003
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  16580
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  228
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006005000000 / 006007000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz