"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 19 мамырда N 767 тіркеуден өткен "Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлі түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 12 мамырдағы N 5
бұйрығының
күші жойылды деп танылсын.
Төраға
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі
төрағасы м.а.
2003 жылғы 8 тамыздағы
N 60-ө бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандарды көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) оралмандар - ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген азаматтығы жоқ адамдар;
2) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударуға жыл сайын жол берілетін, Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтем берілетін оралмандар отбасыларының саны;
3) аумақтық орган - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің оралмандар отбасыларын іріктеуді және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді жүзеге асыратын аумақтық органы (бұдан әрі - аумақтық орган);
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - халықтың көші-қоны саласындағы саясатты іске асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).
3. Осы Нұсқаулықтың күші мақсаты Қазақстанға тұрақты тұру болып табылатын, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған, ұлты қазақ шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл кезең 1991 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні деп белгіленсін.
2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу
үшін қажетті құжаттар
4. Оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші адамдар мына құжаттарды табыс етеді:
1) оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш;
2) қысқаша өмірбаян;
3) өтініш білдірушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, неке туралы немесе ажырасқандығы туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің нотариат куәландырған көшірмесі).
5. Оралмандар мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе тікелей уәкілетті органға тапсырады.
6. Оралмандардың отбасыларын көшіп келу квотасына енгізу:
1) өтініш білдірушілердің құжаттарын мәліметтердің дұрыстығын тексеру (бағалау) мақсатымен зерделеуді;
2) оралман мәртебесін беруді;
3) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
7. Оралман мәртебесін беру және көшіп келу квотасына енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің әрбір күнтізбелік жылға арналған Көшіп келу квотасы туралы Жарлығы шыққан күннен бастап екі ай ішінде аумақтық орган басшысы құрған комиссия қабылдайды.