15.05.2003

Ветеринариялық препараттардың құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар, азық және азықтық қоспаларды ветеринариялық нормативтік талаптарға сай, сәйкестігіне сараптау жүргізу Ережесін бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 24 бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1) Ветеринариялық препараттардың құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар, азық және азықтық қоспаларды ветеринариялық нормативтік талаптарға сай, сәйкестігіне сараптау жүргізу Ережесі бекітілсін;
      2) Ветеринария Департаменті заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қолдансын;
      3) Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Бірінші Вице-Министр А.И. Мырзахметовке жүктелсін;
      4) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Министр

      Келісемін:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      16 мамыр 2003 жыл

Бекітемін:              
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрінің              
2003 жылғы 15 мамырдағы N 270     
"Ветеринариялық препараттардың,    
құрамында антибиотиктер, гормондар мен 
биологиялық стимуляторлар бар азықтың және
азықтық қоспалардың ветеринариялық нормативтер
талаптарына сәйкестігін анықтау Ережесін  
бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген    

Ветеринариялық препараттардың, құрамында антибиотиктер, гормондар мен биологиялық стимуляторлар бар азықтың және азықтық қоспалардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау Ережесін бекіту туралы
Ережесі

1. Жалпы тәртіптері

      1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық препараттарды, құрамы антибиотиктерден, гормондардан және биологиялық стимуляторлардан тұратын азықтарды және азықтық қоспаларды ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтаудың бірыңғай тәртібін бекітеді және Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 24 бабының 5 тармағына сәйкес жасалынған.

      2. Ереженің күші, азықтағы жоқ, жеткіліксіз немесе артық кейбір қоректік заттардың себебінен немесе патогендік агенттердің әсерінен туындайтын ауруларды алдын алуға және емдеуге немесе мал организмінің өмірлік қызметін күшейтуге (өсу, жас малдың дамуы, өнімділікті арттыруға, төл алуды күшейтуші т.б.) қолданылатын барлық препараттарға тіркеулік сынақ және апробациялау кезінде қолданылады.

      3. Осы Ереже ветеринария саласында қызмет жасайтын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.

2. Негізгі түсініктер

      4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
      1) биостимулятор - организмдегі зат алмасу процестерін күшейтуге қолданылатын, мал немесе өсімдік тектес ткандік зат;

      2) ветеринариялық препарат - малтегі, өсімдік немесе шығу тегі синтетикалық заттар; ауруды алдын алуға, ауруды анықтауға, мал ауруларын емдеуге, олардың өнім беруін арттыруға, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге арналған, және де малдарға парфюмериялық немесе косметикалық заттар ретінде қолданылуға арналған;

      3) Қазақстан Республикасы ветеринариялық препараттарының мемлекеттік реестрі (бұдан әрі - Реестр) - мемлекеттік тіркеуден  (қайта тіркеуден) өткен және Қазақстан Республикасында өндірілуге, импорттауға және қолданылуға рұқсат етілген, ветеринариялық препараттар туралы мәліметтерден тұратын, ветеринария саласында құзырлы органмен басылып шығарылатын тізім;

      4) ветеринариялық препараттың ғылыми-техникалық құжаттамасы (бұдан әрі -ҒҒТҚ) - міндетті тәртіптегі енгізілетін құжаттардың пакеті: ветеринариялық препараттың техникалық тәртібі; қолданудың (пайдаланудың) нұсқауышы; ветеринариялық препаратты дайындаудың және бақылаудың нұсқауышы;

      5) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) - ветеринария саласындағы құзырлы мемлекеттік органмен заңдылықтағы бекітілген тәртіп бойынша, ветеринариялық препараттарды Реестрге енгізу, олардың сараптамасы, апробациясы және тіркеулік (қайта тіркеулік) сынақтарының нәтижесі бойынша тіркеу куәлігінің берілуі;

      6) гормондар - организмнің көптеген өмірлік қызметтеріне реттеуші әсері бар, ішкі секреция бездерімен немесе синтетикалық жолмен алынатын биологиялық белсенді заттар;

      7) антибиотиктер - микроорганизмдерден, өсімдіктерден және жануарлардан бөлінетін, антимикробтық, антипротозойлық және антигельминттік әсері бар химиялық заттар;

      8) ферменттер (энзимдер) - организмде өтетін биохимиялық процестерге каталитикалық әсер етуші биологиялық агенттер;

      9) азық (азықтық заттар, өнімдер) - қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын және азықтандыру кезінде қалыпты физиологиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, жануарлардың денсаулығына зиян әсерін тигізбейтін және олардан сапалы өнім алуға ықпалын тигізетін, олар өндірістік өңдеу жолымен алынғанда тікелей және жанама (кері әсерлі) өнімдерге, микробиологиялық және химиялық жолмен алынғанда жасанды өнімдерге жататын; шығу тегі өсімдік, жануарлар, минералды өнімдердің жиынтығы;

      10) азықтық қоспалар - азықтағы қоректік заттардың сандық және қатынастық деңгейін реттейтін, және де жануарлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуші, қорытылған үлгідегі тағамдық заттардан тұратын азық өнімдерінен тұратын, рационға кіретін кез келген қосымша заттар;

      11) премикстер - рациондарды, құрама азықтарды және белоктық-минералдық концентраттарды толықтыру мақсатында, және де мал ауруларын алдын алуға немесе емдеуге қолданылатын, микроқоспалары және толықтырғыштары қажетті ірілігіне дейін ұсақталып туралған арнайы (спецификалық) аралас заттар;

      12) ветеринариялық препаратты өндірістік бақылау - ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сапасы туралы (паспорт) құжатын толтыру мақсатында, дайындаушы кәсіпорында - өндірістік бақылау бөлімімен (бұдан әрі - ӨББ) жүргізілетін ветеринариялық препаратты зерттеу жұмысы.

3. Негізгі тәртіптері

      5. Құрамы антибиотиктерден, гормондардан және биостимуляторлардан тұратын ветеринариялық препараттар, азықтар және азықтық қоспалардың сараптамасының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтауды Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, осындай зерттеу жүргізуге құқысы бар мемлекеттік ветеринариялық ұйыммен (Зертхана) жүргізіледі.

      6. Құрамы антибиотиктерден, гормондардан және биостимуляторлардан тұратын ветеринариялық препараттар, азықтар және азықтық қоспаларға бақылау жүргізуді және өндірістік бақылау кезінде ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтауды заңдылыққа сәйкес, дайындаушы-кәсіпорынның ӨӨБ-де жүзеге асырылады.

      7. Ветеринариялық препараттарға, азықтарға және азықтық қоспаларға сараптама жүргізу үшін, үлгілерді таңдап алуды келесі көлемде жүргізеді:

      1) азық, азықтық қоспалар, премикстер - 5 кг (дайындаушының этикеткасы жапсырылған 3-5 қорапша);

      2) микроэлементтер 1 кг (дайындаушының этикеткасы жапсырылған 3-5 қорапша);

      3) белоктық-витаминдік қоспалар - 3 кг (дайындаушының этикеткасы жапсырылған 3-5 қорапша);

      4) ферменттер, гормондар, витаминдер, витаминдік препараттар, амин қышқылдары - сұйық түрі 0,5-ден 1 литрге дейін (дайындаушының этикеткасы жапсырылған бес қорапша), құрғақ төгілмелі - салмағы 0,5-ден 1 кг дейін (дайындаушының этикеткасы жапсырылған үш қорапша).

4. Құрамы антибиотиктерден, гормондардан және
биологиялық стимуляторлардан тұратын ветеринариялық
препараттарға, азықтарға және азықтық қоспаларға
қойылатын негізгі талаптары

      8. Ветеринарияда қолданылатын ветеринариялық препараттар, гормондар және биологиялық стимуляторлардың ғылыми-техникалық құжатында көрсетілген тұрақты физикалық-химиялық қасиеттері және биологиялық белсенділігіне сәйкес болуға тиіс.

      9. Ветеринариялық препараттар, азықтар, және азықтық қоспалардың малдардың организміне зиянды әсер ететін (тікелей немесе жанама) кумулятивтік, токсикалық (улы) және басқа қасиеттері немесе мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын нашарлататын әсері болмауға тиіс.

      10. Ветеринарияда ұсынылатын жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттар, азықтар және азықтық қоспалар, олардың алдындағыларына қарағанда қолдану үшін көбірек тиімді болуға тиіс.

      11. Ветеринариялық препараттардың, азықтардың және азықтық қоспалардың апробациясы кезінде, малдарға, осы кезеңнің тәсілдерін қолданғандағы алынған нәтижелердің статистикалық шындыққа жататын мәліметтерді негізге ала отырып, назар аударуға сипаттама қабылданады.

5. Ветеринариялық препараттарды, азықтарды және азықтық қоспаларды тіркеу (қайта тіркеу) және сәйкестігін анықтау

      12. Антибиотиктерден, гормондардан және биологиялық стимуляторлардан тұратын ветеринариялық препараттардың, азықтардың және азықтық қоспалардың мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі), Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және Қазақстан Республикасындағы Ветеринариялық препараттардың реестрін жүргізу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Антибиотиктерден, гормондардан және биологиялық стимуляторлардан тұратын ветеринариялық препараттардың, азықтардың және азықтық қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау тәртібі, осы Ережелерге және Ветеринариялық препараттардың серияларының (партияларының) ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


Дата вступления в силу:  20.06.2003
Дата изменения акта:  15.05.2003
Дата принятия акта:  15.05.2003
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103012000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  15986
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  270
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  017005000000
Форма акта:  ПРИК / ПРАВ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz