Қой мен ешкiлердiң ауруларының алдын алу және жою Нұсқаулықтарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2352. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Исламабад қаласы, F-8/2 сектор, N 19 көше, N 10 үй мекен-жайы бойынша орналасқан жер телiмiн және ғимаратты (бұдан әрi - Жылжымайтын мүлiк) сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Жылжымайтын мүлiктi сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ақы төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 1090000 (бiр миллион тоқсан мың) АҚШ долларына баламалы сомада ақы төлеудi заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі