Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.22 N 181 бұйрығымен.
      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 58-тарауына, 369, 4 18-баптарына сәйкес бұйырамын: 
      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Кеден зертханаларында кедендік сараптама жүргізудің ережесі; 
      2) Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің ережесі бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 
      4. Кеден басқармалары мен кедендердің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін. 
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.С.Айсағалиеваға жүктелсін. 
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Төраға
Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының 2003 жылғы    
14 мамырдағы N 205 бұйрығымен 
бекiтiлген         
 
Кеден зертханаларында кедендiк сараптама жүргiзудiң 
Ережесі  1. Жалпы ережелер 
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 58-тарауына сәйкес әзiрлендi және кеден зертханаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi (бұдан әрi - ҚР КБА) кеден басқармалары мен кедендерiнiң кедендiк сараптамалар және зерттеулер бөлiмдерi мен қызметтерiнде (бұдан әрi - кеден зертханалары) кедендiк сараптама жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ кедендiк сараптама жүргiзу процесiне қатысушы тұлғалардың қызметiн реттейдi. 
      2. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың сапалы құрамын анықтау үшiн, олардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына сәйкес дұрыс жiктелу үшiн зерттеулер жүргiзу кедендiк сараптаманың мақсаты болып табылады. 
      3. Тауарлар, кедендiк және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәлiметтер, бiрегейлендiру белгілерi кедендiк сараптамалардың объектiлерi болып табылады. 
      4. Сараптама жүргiзу үшiн: 
      1) кеден органдарынан материалдарды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау немесе белгiленген нысанда (1-қосымша) жасалған алдын ала бiлiктiлiк шешiмiн қабылдау кезеңiнде сараптамаға жiберуге арналған жолдама (бұдан әрi - жолдама); 
      2) кеден және басқа мемлекеттiк органдардың кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар анықталған кездегi белгiленген нысан бойынша жасалған (2-қосымша) кедендiк сараптама тағайындау туралы қаулысы (бұдан әрi - қаулы). 
      5. Жолдама, қаулы мынадай деректер көрсетiле отырып ресiмделедi: 
      сараптама жүргiзуге арналған негiздеме; 
      кедендiк сараптама жүргiзулерге тиiс болатын, кеден зертханасының атауы; 
      сараптама тағайындау үшiн негiздеме (оның қажеттiлiгi келiсiлетiн жағдаяттар мен фактiлер); 
      сарапшының алдына қойылатын мәселелер; 
      сарапшының қарауына ұсынылатын материалдар; 
      сараптама тағайындаушы адамның лауазымы, тегi және аты-жөнi. 
      6. Жолдамалар, қаулылар, сыртқы экономикалық қызметке (бұдан әрi - СЭҚ) қатысушылардың өтiнiштерi журналға тiркеледi (4-қосымша). 
      7. Тауарларға сараптаманы кеден зертханалары ҚР КБА бөлген қаражаттың есебiнен жүргiзедi. Сараптама СЭҚ-қа қатысушылардың өтiнiшi бойынша жүргiзiлген кезде төлем Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiледi. 
2. Сараптаманың түрлерi
      8. Қосымша сараптама жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргiзу бастапқы сараптаманы орындайтын сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкiн. 
      9. Қайталама сараптама СЭҚ қатысушы сараптаманы тағайындаған кеден органы мен кеден зертханасына сарапшының қорытындысына келiспейтiндiгi туралы жазбаша хабарлаған жағдайларда, бастапқы сараптама жүргiзiлген объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн тағайындалады. Қайталама сараптама басқа сарапшыға немесе сарапшылар тобына тапсырылуы мүмкiн. 
      10. Комиссиялық сараптаманы бiр мамандықтағы сарапшылар тобы жүргiзген кезде кеден зертханасының бастығы сараптама тобының басшысын тағайындайды. Жалпы қорытындыға бiрiккен зерттеудiң нәтижелерiн бағалауға қатысқан және бiр байламға келген барлық сарапшылар қол қояды. 
      Егер, сарапшылар ортақ тұжырымға келмеген жағдайда олар мiндеттi түрде өзiнiң комиссияның басқа мүшелерiмен келiспеуiнiң себебiн көрсете отырып жалпы қорытындыда өзiндiк тұжырым жасайды. Әрбiр сарапшы комиссияның басқа мүшелерiнiң пiкiрiмен келiспеу себептерiн негiздеуге мiндеттi. Өзiндiк тұжырым жасаған кезде сарапшылар комиссияның басқа мүшелерiнен алынған нәтижелердi, өз тұжырымдарының негiздемесiнде сiлтеме жасай отырып ескеруге құқылы. 
      Кешендiк сараптамаға мәселелердi бiрлесiп шешу және жалпы қорытынды жасау үшiн әртүрлi мамандықтағы сарапшылар қатысады, бұл ретте әрбiр сарапшы әз пәнiне жататын мәселелердi зерттейдi. Сарапшылар кешендiк сараптама қорытындысының зерттеу жүргiзген бөлiгiнде қорытындыларды өз тектерiн көрсете отырып жеке бөлiмдер нысанында жаза алады. Зерттеулердiң нәтижелерi бойынша зерттеудiң нақты бөлiгiн жүргiзген сарапшылар қол қоятын аралық қорытындылар жасалуы мүмкiн. Нәтижелердi жалпылау мен бiрiккен бағалау зерттеулiк бөлiгiнiң жалпылаушы бөлiмiнде жазылады. 
3. Сараптама жүргізу орны
      11. Сараптама кеден зертханаларында ие зерттеу объектiсiн кеден зертханаларына жеткiзу мүмкiн болмайтын жағдайларда өзге де орындарда жүргiзiледi. 
 
4. Сараптаманы жүргізу мерзiмдерi
12. Yш тәулiктен аспайтын орындалу мерзiмдерi белгiленетiн күрделi және көп объектiлi сараптамаларды қоспағанда, тауарлардың кеден мақсаттарындағы барлық сараптамалары бiр тәулiктiң iшiнде жүргiзiледi. Белгiленген мерзiмдердi ұзарту сарапшы ұсынатын мәлiмдеменiң негiзiнде кеден зертханасының немесе кеден органы басшысының шешiмi бойынша айқындалады.
 
5. Сараптама жүргiзуге қатысатын адамдардың 
мiндеттерi мен құқықтары 
      13. Кеден зертханасының басшысы: 
      сараптамаға қатысты материалдармен танысуға; 
      өткiзiлген сараптамалардың түрi мен мөлшерiн айқындауға; 
      сараптамаларды жүргiзу үшiн сарапшыны (комиссиялық сараптамаларды жүргiзу кезiнде сарапшыларды) белгiлеуге; 
      белгiленген сараптама жүргiзу мерзiмдерiнiң оның орындалу мерзiмiне бақылауды жүзеге асыруға; 
      зерттеудiң толықтығы мен қорытындылардың негіздiлiгiне, сарапшының сараптама жүргiзу кезiнде әдiстемелiк ұсынымдарын сақтағандығына, сараптамалық қорытындыны ресiмдеудiң дұрыстығына бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. 
      14. Өткiзiлген сараптамаға қатысты қосымша мәлiметтердi алған кезде кеден зертханасының бастығы бұл сараптаманың қорытындыларының күшiн жоюға құқығы бар. Кеден органы мен СЭҚ-қа қатысушы сараптама қорытындыларының күшi жойылғандығы туралы жазбаша хабардар етiледi. 
      15. Сарапшы сараптамаға жататын материалдарды алғаннан кейiн, кеден зертханасы басшысының жазбаша тапсырмасы бойынша сараптама жүргiзуге кiрiседi. 
      Сарапшының алдына қойылған мәселелер мен оның қорытындысы оның құзыретiнiң шегiнен шығуы мүмкiн емес. 
      16. Сарапшы: 
      кедендiк сараптамаға қатысты материалдармен танысуға; 
      кедендiк сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілерiне зерттеу жүргiзуге және зерттеулердiң нәтижелерiн толық, жан-жақты және объективтi бағалаудың негiзiндегі қорытындыны ұсынуға; 
      қорытындыға олар бойынша сұрақтар қойылмаған іс үшін мәні бар жағдайлар туралы қорытындыларын енгізуге; 
      кедендiк сараптама мәселелерi жөнiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға консультациялар беруге; 
      iс жүргізуiнде немесе қарауында кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтар туралы iс бар тұлғаның шақыруы бойынша түсiнiк беру немесе өзi берген қорытындыны толықтыру үшiн жауапқа келуге; 
      сараптама жүргiзу кезiнде әдiстемелiк нұсқаулықтарды, сараптама қорытындысын ресiмдеудiң дұрыстығын сақтауға; 
      кедендiк сараптаманың нәтижесiнде алынған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. 
      Сарапшы: 
      егер алға қойылған мәселелер оның құзыретiнен жатпайтын жағдайда сараптама жүргiзуден бас тартуға; 
      өзiнiң құзыретiне енбейтiн сұрақтарға жауап беруден бас тартуға; 
      кедендiк сараптама жүргiзу үшiн қажеттi қосымша материалдар ұсыну туралы өтiнiш бiлдiруге құқылы. 
      Сарапшы өз мiндеттерiн орындамаған немесе тиiстi орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады. 
6. Сарапшының қорытындысы
      17. Зерттеулердiң нәтижелерi бойынша сарапшы белгiленген нысан бойынша (3-қосымша) жазбаша қорытынды жасайды. 
      18. Сарапшының қорытындысы үш: кiрiспелiк, зерттеулiк және қорытындылық бөлiктерден тұрады. 
      1) Сараптамалық қорытындының кiрiспелiк бөлiгiнде: 
      сараптаманың атауы (ол қосымша, қайталама, комиссиялық немесе кешендiк болып табыла ма); 
      сараптама жүргізу үшiн негiздеме және сараптаманы тағайындаған кеден органның немесе СЭҚ-қа қатысушының атауы; 
      сараптамаға арналған материалдардың түскен күнi және қорытындыға қол қойылған күн; 
      сараптамаға түскен материалдар мен басқа да зерттеу объектiлерiнiң атауы; 
      iстiң жағдаяты және қорытынды беру үшiн маңызы бар басқа деректер; 
      сараптаманы жүргізу орны; 
      зерттеу мiндеттерi; 
      сарапшы туралы мәлiметтер (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты) көрсетiледi. 
      Сарапшы мәселелердi олар сараптама жүргiзу үшiн жолдамада (қаулыда) көрсетiлгендей тұжырымда келтiредi. 
      Қайталама немесе қосымша сараптаманы жүргiзу кезiнде кiрiспелiк бөлiмде бастапқы сараптамалар туралы мәлiметтер де (сараптамалық қорытындының күнi және нөмiрi, оны қайда және кiм жүргiздi, бастапқы сараптаманың сарапшының алдына қайталама сараптама үшiн қойылған мәселелер жөнiндегi тұжырымдары) жазылады. Қайталама немесе қосымша сараптама жүргiзу қажеттiлiгiне негiздеме берiледi. 
      Кешендiк немесе комиссиялық сараптама жүргiзу кезiнде сараптаманың кiрiспелiк бөлiгiнде барлық қатысқан сарапшылардың тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Кешендiк немесе комиссиялық сараптамалардың алдында нәтижелерi жалпы мәселенi шешуге ықпалы болуы мүмкiн сараптамалардың басқа түрлерi жүргiзiлген болса, онда қорытындының кiрiспелiк бөлiгiнде осы сараптамалар туралы деректер келтiрiледi. 
      2) Сараптамалық қорытындының зерттеулiк бөлiгiнде зерттеудiң процесi және оның нәтижелерi сипатталады, сондай-ақ анықталған фактiлер бойынша нақты түсiнiктемелер берiледi. 
      Сарапшыға қойылған әрбiр сұраққа зерттеулiк бөлiктiң белгiлі бiр бөлiмi сәйкес келуi тиiс. Өзара тығыз байланысты екi немесе одан да көп мәселелердi бiр мезгiлде зерттеу қажет болған кезде нәтижелер бiр бөлiмде жазылады. 
      Зерттеулiк бөлiгiнде: 
      зерттеудiң объектiлерi; 
      қажет болған жағдайда зерттеудi қайталай отырып сарапшы қорытындысының дұрыстығын тексеру мүмкiн болуы үшiн арнайы бiлiмi жоқ адамдарға түсiнiктi, егжей-тегжейлi етiп сипатталатын зерттеулердiң әдiстерi мен тәсiлдерi; 
      сарапшы алдына қойылған мәселелердi шешу кезiнде басшылыққа алған олардың шығарылған күнi мен орны көрсетiле отырып анықтамалық-нормативтiк материалдар; 
      қосымшаларға сiлтеме және оларға қажеттi түсiнiктемелер; 
      зерттеу жүргiзуде пайдаланылған өлшейтiн аспаптар (атауы, тұрпаты және басқалар); 
      зерттеудiң қорытындыларына шешiлетiн сұрақ бойынша қорытындыны негiздейтiн пайымдаулардың ашылған дәлелдемелерi бар сараптамалық бағалау жазылады. 
      Қосымша сараптаманың барысында, егер сарапшы қосымша сараптама барысында оларды пайдаланған болса, қорытындының зерттеулiк бөлiгiнде бұрын жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерiне сiлтеме жасалуы мүмкiн. 
      Қайталама сараптама кезiнде, егер ондайлар орын алған болса, тұжырымдардың алдыңғы сараптамалардың нәтижелерiнен айырмашылығының себептерi көрсетiледi. 
      3) Қорытындылық бөлiкте сарапшының тұжырымдары қойылған мәселелерге нақты жауаптар беруi тиiс және жауаптардың жүйелiлiгi мәселелердiң жүйелiлiгiне сәйкес келуi тиiс. Қойылған мәселелерге жауап беру мүмкiн болмаған жағдайда себептерi көрсетiлуi тиiс. 
      Сарапшыға қойылмаған, бiрақ ол оны зерттеу процесiнде анықтаған жағдаяттар бойынша тұжырымдар қорытындының аяғында жазылады. 
      Сарапшы анықтаған профилактикалық сипаттағы жағдаяттар қорытындының зерттеулiк бөлiгiнде, ал кедендiк құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi ұсыныстар оның қорытынды бөлiгiнде жазылады. 
      Екiұдайылық түсiндiрудi болдырмау үшiн тұжырымдар дәл және айқын жазылуы тиiс. 
      19. Сарапшының қорытындысында тiркеу нөмiрi мен жасалған күнi көрсетiлуi тиiс. Сарапшының қолы мөрмен расталады. 
      Егер сараптамалық қорытындыға сызбалар, кестелер, графиктер және т.б. түрiндегi қосымшалар қоса берiлетiн жағдайда, оларға да сарапшы қол қояды және мөрмен расталады. 
      20. Сарапшының қорытындысы екi данада жасалады. Кеден зертханасының басшысы қол қойған, "Жөнелтiлетiн құжаттарды тiркеу журналында" белгiленген iлеспе хаты бар бiрiншi дана сараптаманы тағайындаған адамға жiберiледi, екiншiсi - кеден зертханасында қалады. 
      21. Кедендiк сараптама жасау кезiнде сарапшы ресми, жарияланған немесе арнайы көздерден (нормативтiк-ақпараттық әдебиеттен және құжаттардан) алынған ғылыми-техникалық ақпаратты және интернет бойынша алынған деректердi қолдануға құқылы. Заттарды өзiндiк немесе зертханадан тыс сынақтар мен зерттеулердiң нәтижелерiн, оның iшiнде ғылыми әдiстемелiктердi де, сондай-ақ, нақты тауар бойынша басқа зерттеу зертханалары мен мекемелерi зерттеулерiнiң нәтижелерiн пайдалана алады. 
7. Қорытынды ережелер
      22. Қажет болған жағдайда кедендiк сараптаманы жүргiзу үшiн басқа зерттеу мекемелерi мен ұйымдарының мамандары тартылуы мүмкiн. 
      23. Егер тиiстi мамандардың немесе жабдықтардың жоқтығынан сараптаманы кеден зертханасында жүргiзу мүмкiн болмаса бұл туралы сараптама жүргiзу үшiн материалдар ұсынған тұлға жазбаша түрде хабардар етiледi және ұсынған материалдары қайтарылады. 
      24. СЭҚ-қа қатысушы немесе кеден органы сарапшының қорытындысымен келiспеген жағдайда ҚР КБА-ға шағымдануға құқылы. Тауарларды жiктеу бойынша ҚР КБА шешiмi түпкiлiктi болып табылады. 
      25. Сарапшының қорытындысы және сараптамаға ұсынылған барлық тауарға iлеспе құжаттар 5 жыл көлемiнде сақталады. 
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының 2003 жылғы      
14 мамырдағы N 205 бұйрығымен  
бекiтiлген           
Кеден зертханаларында кедендік 
сараптама жүргізудің ережесіне 
1-қосымша           
                                   ______________________________ 
                                    (кеден зертханасының атауы) 
бастығы ______________________
Кедендiк сараптама жасау үшiн 
Жолдама 
N ____ 200 __ жылғы "___" __________
      N _____________ ЖКД бойынша кедендiк ресiмдедуi жүргiзу 
мақсатында кедендік сараптама жүргізу үшін ______________________ 
жолдаймыз. 
      1. Зерттеу объектiсiнiң сипаты ____________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
      2. Зерттеудiң мiндеттерi __________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
      3. Ұсынылған материалдар (сынамалар мен үлгiлердiң мөлшерi; 
тауарға iлеспе құжаттар) 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________ 
    (кеден органының атауы) 
бастығы      ____________________       ______________________ 
                   (қолы)                   (есiмi, тегi) 
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының 2003 жылғы      
14 мамырдағы N 205 бұйрығымен  
бекiтiлген           
Кеден зертханаларында кедендік 
сараптама жүргізудің ережесіне 
2-қосымша           
                                             Бекiтемiн 
                                     __________________________ 
                                      (кеден органының атауы) 
                                     бастығы _______________ М.О. 
                                               (Е.Ә. Teгi) 
                                     _____ "___"_______ 200 __ жыл 
                                     (қолы) 
Кедендiк сараптама тағайындау туралы 
Қаулы 
_________________________________________________________________ 
                (лауазымы, арнаулы атағы, аты-жөнi) 
_________________________________ 200 __ жылғы "___"_____________ 
_________________________________________________________________ 
                 (ic бойынша, фактiсi бойынша) 
_________________________________ материалдарды қарап 
қаулы етті:
____________________________ да 200 __ жылғы "___"_______________ 
(кеден зертханасының атауы) 
_________________________________________________________________ 
             (ic жағдайларының қысқаша мазмұны) 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
                     (сараптама түрi) 
__________________________________________ тағайындалсын. 
Сараптаманың шешуiне мынадай сұрақтар қойылады: 
1. ______________________________________________________________ 
2. ______________________________________________________________ 
3. ______________________________________________________________ 
Ұсынылған құжаттар ______________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
Ұсынылған материалдар ___________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
"___"_________ 200__ жыл
      ________________________            _____________________ 
           (жасалған орны)               (лауазымды адамның қолы) 
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының 2003 жылғы      
14 мамырдағы N 205 бұйрығымен  
бекiтiлген           
Кеден зертханаларында кедендік 
сараптама жүргізудің ережесіне 
3-қосымша           
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі
          _______________________________________________ 
                   (сараптама қызметiнiң атауы) 
Сарапшының қорытындысы
N _____ "___"_________ 200 __ ж.
Сарапшы (лар) __________________________________________________ 
Зерттеу жүргiзу үшiн негiздеме _________________________________ 
________________________________________________________________ 
Жүк алушы ______________________________________________________ 
Жүк жөнелтушi __________________________________________________ 
Тауардың атауы және оның мөлшерi _______________________________ 
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
Ұсынылған құжаттар мен материалдар _____________________________ 
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
Зерттеу мiндеттерi _____________________________________________ 
________________________________________________________________ 
Зерттеу
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
Тұжырымдар
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
________________________________________________________________ 
Сарапшы (лар)       ________________ 
Бөлiм бастығы       ________________ 
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының 2003 жылғы      
14 мамырдағы N 205 бұйрығымен  
бекiтiлген           
Кеден зертханаларында кедендік 
сараптама жүргізудің ережесіне 
4-қосымша           
Кедендiк сараптама жүргiзуге арналған жолдамалар 
мен қаулыларды тiркеу 
Журналы 
------------------------------------------------------------------ 
 Сынаманың !Келiп !Сынаманың!Сараптамаға !  Зерттеу      !Зерттеу 
(үлгінің) N!түскен!(үлгiнiң)!қайдан келiп!үшiн қандай    !нәтижесі 
           !күні  !атауы    !түсті       !  бөлiмге      ! 
           !      !         !            !(кiмге) берiлдi! 
------------------------------------------------------------------ 
      Журнал нөмiрленедi, бауланады және 
      мастикалық мөрмен бекiтiледi 
Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының 2003 жылғы   
14 мамырдағы N 205 бұйрығымен 
бекітілген        
 
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің 
Ережесі 
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы кеден кодексінің 369 , 418  және 458-баптарына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеу жүргізу үшін іріктеудің тәртібін белгілейді. 
      2. Негізгі ұғымдар: 
      1) сынама - зерттелетін тауардың барлық мөлшерінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауардың оңтайлы қажетті бөлігі; 
      2) үлгі - барлық партияның (серияның) құрамы мен қасиетін, құрылымын толық сипаттайтын өнімнің бірлігі. 
 
2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді 
жүргізуге қатысатын адамдар 
      3. Тауарларға кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамдары сынамалар мен үлгілердің іріктеуін жүргізеді. 
      4. Кеден органының рұқсатымен кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар және тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғалар, олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамының қатысуымен ала алады. 
      5. Тауарға қатысты уәкілеттігі бар адамдар, олардың өкілдері кеден органдары лауазымды адамдарының және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуіне қатысады. 
      6. Тауарға қатысты уәкілеттігі бар адамдар және олардың өкілдері болмаған кезде, тауарлар кедендік ресімдеуге ұсынылғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң ол келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруды күтпейтін жағдаяттар кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдары екі куә адамдардың қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актісін жасай отырып іріктей алады. Мұндай жағдайларда декларант тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде қатысады. Декларант кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде көмек көрсетуге, оның ішінде өз есебінен жүктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға міндетті. 
      7. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жазбаша өтініш жасағаннан және кеден органдарының рұқсатын алғаннан кейін жүргізеді. 
      8. Тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардың кеден органдарына жазбаша өтінішінде мыналар болуы тиіс: 
      органның атауы мен мекен-жайы; 
      тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу үшін негіздеме; 
      тауарлардың тұрған жері; 
      тауар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарларға ілеспе құжаттарында көрсетілгендер; 
      зерттеуге жататын тауарлар тиелген көлік құралдарының бірегейлендіру мәліметтері; 
      тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді жүргізу үшін қажетті басқа да мәліметтер; 
      сараптама жүргізгеннен кейін тауарлардың іріктелген сынамалары мен үлгілерін зерттеудің нәтижелерін кеден органдарына ұсынуға міндеттеме. 
3. Сынамалар мен үлгілерді іріктеуді жүргізу орны
9. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ басқа да кеден органдары белгілеген тауарлар тұрған жерлерде жүзеге асырылады.
4. Сынамалар мен үлгілерді іріктеу рәсімі
      10. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу алдында тауардың таңбасы бойынша атауын және жүктің қауіптілігі белгілерінің болуын тексеру, сондай-ақ міндетті түрде радиациялық аясын өлшеу қажет. Одан әрі тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу әрбір нақты тауарға арналған қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі. 
      11. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің нормаларын ең аз көлемде көздейтін, оларды зерттеудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтік-техникалық құжаттамаларға (ГОСТ-тар, ҚР СТ және сол сияқтылар) сәйкес іріктеледі. 
      12. Кедендік сараптама жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу актісін жасау жолымен ресімделеді. Акт үш данада жасалады: бірінші дана кеден органында қалады және жүк кедендік декларациямен (ЖКД) бірге сақталады, екіншісі - іріктелген сынамалар және үлгілермен бірге лабораторияға жіберіледі, үшіншісі - тауарға қатысты уәкілеттігі бар адамға немесе оның өкіліне беріледі. 
      13. Сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауардың қасиеттеріне сәйкес оралған және ораманың бұзылмауын қамтамасыз ету жапсырмасымен сүргіленген болуы тиіс. 
      14. Тауарларға қатысты уәкілеттігі бар адамдар және олардың өкілдері тауарлардың сынамалар мен үлгілерін іріктеуі кезінде алдын ала шешім қабылдау кезеңінде тауарлардың қасиеттері туралы ақпараттарды алу мақсатында актіні ресімдеу және бұзылмауын қамтамасыз ететін жапсырма талап етілмейді. 
      15. Тиесілі үлгімен оралған сынамаға ілеспе жапсырмада мыналар көрсетілуі тиіс: 
      өнімнің атауы; 
      өнімді дайындаушы кәсіпорынның атауы; 
      өнімді тасымалдайтын кәсіпорынның атауы; 
      партияның нөмірі, өнімнің маркасы (сорты); 
      сынама алынған партиядағы өнімнің мөлшері; 
      тауарға нормативтік-техникалық құжаттаманың белгіленуі және атауы; 
      сынама алынған күн; 
      сынаманы алған лауазымды адамның тегі және аты-жөні. 
      16. Кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу нәтижесінде тауарға қатысты уәкілеттігі бар тұлғада туындайтын қандай-да бір шығыстарды өтемейді. 
      17. Сараптама жасау үшін кеден лабораторияларына жіберілген материалдар (тауарлардың сынамалары, үлгілері және ілеспе құжаттар) тиісті белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) жасалған Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналына тіркеледі. 
5. Қорытынды ережелер
18. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін мұндай сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда тауардың сынамалары мен үлгілері декларантқа қайтарылады, бұл тиісті журналға жазылады.
Қазақстан Республикасы Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының   
2003 жылғы 14 мамырдағы N 205 
бұйрығымен бекітілген     
Тауарлардың сынамалары мен    
үлгілерін іріктеудің ережесіне  
1-қосымша            
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі 
_______________________________________ 
(кеден органының атауы) 
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеудің 
Актісі 
"____" _________ 200_ ж.
1. Тауардың тұрған жері ________________________________________ 
2. Инспектор __________________________________________________ 
_________________________________________ декларанттың болуымен
______________________________ кедендік лаборатория сарапшысының
_______________________________________ куә адамдардың қатысумен 
(декларант келмей қалған жағдайда немесе кейінге қалдыруды 
көтермейтін жағдайларында) жүк кедендік декларация бойынша 
кедендік ресімдеуге ұсынылған тауарларды зерттеуді жүргізу үшін 
сынамалар мен үлгілердің іріктеуін жүргізді. 
3. ____________________________________________________________ 
    (сынама, үлгі ретінде алынған әрбір заттың атауы мен саны) 
______________________________________________________________ 
______________________________________________________________ 
     сынамалар мен үлгілер ретінде іріктеу жүргізілді. 
4. Болған (қатысқан) адамдардың өтініштері, ескертулері ______ 
______________________________________________________________ 
5. Қолдары:
Декларант                                    __________________ 
Кеден органының инспекторы                   __________________ 
Кеден лабораториясының сарапшысы             __________________ 
Куә адамдар: 
1.                                           __________________ 
2.                                           __________________ 
Қазақстан Республикасы Кедендік  
бақылау агенттігі төрағасының   
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 205 бұйрығымен бекітілген    
Тауарлардың сынамалары мен    
үлгілерін іріктеудің ережесіне  
2-қосымша            
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу 
журналы 
----------------------------------------------------------------- 
Тіркеу!Сынама мен   !ЖКД!Сынама мен !Тауардың атауы.!Сынама мен 
нөмірі!үлгілердің   ! N !үлгілерді  !Сынама мен     !үлгінің 
      !кеден        !   !іріктеу    !үлгінің ш-сы.  !іріктеуін 
      !зертханасына !   !актісін    !Ораманың       !жүргізген 
      !келіп түскені!   !жасаған күн!сақталуын      !лауазымды 
      !күні         !   !           !кедендік       !адамның тегі, 
      !             !   !           !қамтамасыз ету !аты-жөні 
      !             !   !           !(жапсырма,     ! 
      !             !   !           !пломба)        ! 
----------------------------------------------------------------- 
  1   !      2      ! 3 !     4     !       5       !      6 
----------------------------------------------------------------- 
      таблицаның жалғасы: 
----------------------------------------------- 
  Кеден зертханасына  ! Сынамалар мен үлгілерді 
жолдама. Жөнелтілетін !   декларантқа қайтару 
   құжаттың нөмірі,   ! 
        күні          ! 
----------------------------------------------- 
          7           !           8 
-----------------------------------------------