Арнайы жедел іздестіру шараларын өткізу және олардың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 71 ҚБПҮ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 226, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 134, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 1 ҚБПҮ, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 76, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 29 ҚБПҮ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2249.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Грозный қаласында (Шешен Республикасы, Ресей Федерациясы) көп пәтерлік тұрғын үй салу түрінде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
      1) Ресей Федерациясының Шешен Республикасындағы құрылыс рыногын зерделеу жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, 2003 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы өкімнің 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген іс-шараларды жүргізу кезінде жәрдем көрсетсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      Премьер-Министр