Сараптаманың белгілі түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігін беру туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2190. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 65 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы   N 65   (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________________

      Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Сот медицинасы орталығында сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы  бiлiктiлiгiн беру тәртiбi туралы ереже (1-қосымша);
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығының жанындағы бiлiктiлiк комиссиясы қызметiнің тәртiбi туралы нұсқау (2-қосымша) бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

       Министр

Қазақстан Республикасы       
Денсаулық сақтау министрiнiң    
"Сараптаманың белгілi түрiн     
(түрлерiн) жасау құқығына      
сот-медициналық, сот-психиатриялық 
сарапшысы біліктілігін беру туралы"
2003 жылғы 20 ақпандағы      
N 141 бұйрығына         
1-қосымша            

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Сот медицинасы орталығында сараптаманың белгілі түрін (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігін беру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕСI

      1. Сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктiлiгiн беру "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  15-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сот медицинасы саласында осы заманғы ғылыми жетiстiктерге және iс жүргiзу заңының талаптарына сәйкес жоғары кәсiби деңгейде сот-медициналық сараптаманың белгiлi түрлерiн жасауды қамтамасыз ету біліктілік емтиханын тапсырудың мақсаты болып табылады.

      2. Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктiлiгiн беру үшiн Мамандықтардың тiзбесiне сәйкес сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық сарапшысы бiлiктiлiгi сараптамалық мамандықтар бойынша берiледi.

      3. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысының бiліктiлiгiн сот-медициналық сараптама органдарының қызметкерлерi болып табылатын мамандардан басқа "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  10-бабының 2-тармағының талаптарын қанағаттандыратын және сот медицинасы бойынша тиiстi дайындық алған өзге де мамандарға берiледi.

      4. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысының бiлiктiлiгiн құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығының (бұдан әрi - Орталық) жанындағы бiлiктiлiк комиссиясы бередi.
      Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Орталықтың директоры, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығының директоры, сараптама жұмысы жөніндегі орынбасары, Орталық пен Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығы бөлімдерінің (бөлімшелерінің) меңгерушiлерi кiредi.

      5. Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiнiң және материалдарды ресiмдеудiң тәртiбi "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығының жанындағы бiлiктiлiк комиссиясы қызметiнiң тәртiбi туралы" нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру туралы мәселе iзденушiнiң (бұдан әрi - iзденушi) бiлiктiлiгiн беру үшiншi құжаттар тапсырған адамдардың жұмыс орны бойынша мекеме басшыларының ұсынуы бойынша бiлiктiлiк комиссиясы қарастырады.

      7. Жұмыстың нәтижесі бойынша бiлiктiлiк комиссиясы маманға сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру туралы шешім қабылдайды.

      8. Егер комиссия оң шешiм қабылдаудан бас тартса, онда комиссия шешiмiнде бас тарту дәлелдемесi көрсетiлуi тиiс.

      9. Терiс шешiм қабылданған жағдайда бiлiктiлiк беру туралы мәселенi тек үш айдан кейiн ғана қайта қарауға жол берiледi.

      10. Сараптаманың белгілі түрін (түрлерін) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беруден бас тарту туралы бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне шағымдануы мүмкін.

      11. Сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн алған маманға белгiленген нысанда сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру туралы куәлiк берiледi.

      12. Бiр мамандығы бойынша сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгi бар және қосымша мамандық алған маманға сот-медициналық сарапшысы бiлiктiлiгi мен жаңадан алынған мамандығы бойынша бiлiктiлiк берiледi.

      13. Орталықтың сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшылары біліктілігін санатын беруге (растауға) арналған аттестациялаудан өту арқылы растайды.

      14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығының қызметкерлерi болып табылмайтын адамдар әрбiр бес жыл сайын бiлiктiлiгiн екінші рет бiлiктiлiк емтиханын тапсыру жолымен растайды.

      15. Орталықтың сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiліктiлiгiнен айыру кезектi аттестациялау кезiнде оның атқарып отырған қызметiне сәйкес еместiгiн тану нәтижеci болып табылады.

      16. Орталықтың қызметкерi болып табылмайтын адамдарды сараптаманың белгілi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілiгiнен айыру екiншi рет біліктiлiк емтиханын тапсыру кезiнде біліктiлiк комиссиясы терiс шешім қабылдаған жағдайда жүргiзiледi.

      17. Сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігiнен айыру туралы шешімді біліктілік комиссиясы қабылдайды. Сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктілігiн беру туралы куәлiктi қолданыстан алып тастау туралы бiлiктілік комиссиясында хабарланады.

Қазақстан Республикасының     
Денсаулық сақтау министрлігі   
Сот медицинасы орталығында    
сараптаманың белгiлі түрiн    
(түрлерiн) жасау құқығына    
сот-медициналық, сот-психиатриялық
сарапшысы білiктiлігiн беру   
тәртiбi туралы ережесiне    
1-қосымша             

Сот медициналық сарапшысы бiлiктілігiн беру үшін мамандықтардың тiзбесi

      1. Жалпы сараптамалық зерттеулердiң сот-медициналық сарапшысы;
      2. Сот-гистологиялық зерттеулердiң сот-медициналық сарапшысы;
      3. Сот-биологиялық зерттеулердiң сот-медициналық сарапшысы;
      4. Физикалық-техникалық зерттеулердiң сот-медициналық сарапшысы;
      5. Химиялық-токсикологиялық зерттеулердің сот-медициналық сарапшысы.
      6. Сот-психиатриялық дәрiгер-сарапшысы.
      7. Сот сарапшы-психологы.

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрiнің  
"Сараптаманың белгiлi түрiн   
(түрлерiн) жасау құқығына    
сот-медициналық, сот-психиатриялық
сарапшысы бiліктiлiгiн     
беру туралы"         
2003 жылғы 20 ақпандағы   
N 141 бұйрығына       
2-қосымша          

  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Сот медицинасы орталығының жанындағы біліктілік
комиссиясы қызметінің тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Бiліктiлiк комиссиясының қызметi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығында сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктілігiн беру тәртiбi туралы ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Біліктілік комиссиясының төрағасы жұмысты жоспарлайды, комиссияның мәжiлiсiн өткiзедi және басшылық етедi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің алдында комиссияның жұмысы туралы есеп бередi.

      3. Бiлiктілік комиссиясының хатшысы мәжілiстердi өткiзу үшiн материалдар дайындауды жүзеге асырады, оларды комиссияға баяндайды, комиссияның жұмысы бойынша iстi жүргiзедi, сот-медициналық сарапшысы бiлiктiлiгi берiлген мамандарды есепке алады.

      4. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру туралы мәселенi қарау үшiн комиссияға мынадай материалдарды:
      1) көрсетiлген ұсыныстың негiздеуi бар (сот сараптамасы қызметкерлерi үшiн) сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы біліктiлiгiн беру туралы ұсынымды;
      2) дипломның, тиiстi мамандандыру циклын бiтiруi туралы жеке куәлiгiнің, бiлiктiлiгiн арттыруды өткендiгi туралы куәлiгiнiң көшiрмелерiн жiбередi.

      5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру туралы мәселе бiр айдың iшiнде қаралады.

      6. Мәжiлiс процесiнде комиссия ұсынылған материалдарды зерттейдi, бiлiктiлiк беру үшiн құжаттар тапсырған адамнан (бұдан әрi - iзденуші) емтихан қабылдайды. Талқылаудың нәтижeci бойынша комиссия кәсiби дайындығының деңгейiн бағалайды және шешім қабылдайды.

      7. Бастапқы және кейiнгi дайындық бағдарламаларында көзделген арнайы бiлiм көлемiн игеру сот-медициналық сарапшысы, сот-психиатриялық бiлiктiлiгiн беру үшiн негiздеме болып табылады.

      8. Біліктілік беру туралы мәселесi шешiлетiн адам комиссияның мәжiлiсiне қатысады.

      9. Комиссия мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiнің ашық дауыс беруi арқылы басым дауыспен шешім қабылдайды.
      Егер мәжiлiсте комиссия мүшелерiнің жалпы санының үштен екiсi қатысатын болса, онда комиссияның мәжіліci заңды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген жақтың шешiмi қабылданды деп есептеледi.
      Қабылданған шешімге келiспеушілік білдірiлген жағдайда комиссия мүшелерi жеке пiкiрлерiн айта алады.

      10. Комиссия шешiмiнiң көшiрмесi iзденушiнiң жұмыс орны бойынша ұйымға жiберiледi және оның жеке iс парағында сақталады.

      11. Комиссия мәжiлiсiнiң барысында комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама жүргiзiледi.

      12. Біліктiлiк комиссиясының шешiмi негiзiнде сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн алған маманға сараптаманың белгiлi түрiн (түрлерiн) жасау құқығына сот-медициналық сарапшы бiлiктiлiгiн беру туралы куәлiк тапсырылады. Куәліккe сараптамалық мамандық бойынша бiлiктiлiк беру туралы мәлiметтер енгiзiлетiн карточка-қосымша бет қоса берiледi. Карточка-қосымша бетке сондай-ақ қосымша сараптамалық мамандық бойынша бiлiктiлiк беру туралы мәлiметтер енгiзiледi.

      13. Біліктiлiк комиссиясының iс жүргiзуi сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру жөнiндегi өндiрiстi және сот-медициналық сарапшысының, сот-психиатриялық куәлiгiн берудi тiркеу журналын ресiмдеудi көздейдi.

      14. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру жөнiндегi өндiрiс әрбiр маманға жеке ресiмделедi және мынадай материалдардан:
      1) сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшін маманға мекеме басшысының ұсынымынан;
      2) бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) меңгерушiлерi дайындаған толық мiнездемеден;
      3) дипломның, еңбек кiтапшасының, тиiстi мамандандыру циклын бiтiруi туралы жеке куәлігінің, бiлiктілігін арттыруды өткендiгi туралы куәлiгiнің көшiрмелерiнен тұрады.

      15. Сот-медициналық, сот-психиатриялық сарапшысының куәлiгiн берудi тiркеу журналы куәліктердi берудi есепке алу үшін қызмет етедi.

      16. Біліктілік комиссиясының материалдары үнемi сақталатын құжаттамалар санатына жатады.