Жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлiк жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтiк тұрғын үйдiң Ережесi туралы

Алматы қаласы Әкімінің шешімі 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 50. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 сәуірде N 448 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдеде N 3/627 қаулысымен

      "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылға арналған көлем:

     мемлекеттік азық-түліктік астық резерві 500 000 (бес жүз мың) тонна 
мөлшерінде;
     мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға 
дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) 
тоннаға дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына сатып алу 450 000 (төрт жүз 
елу мың) тонна мөлшерінде белгіленсін.
     2. 2002 жылға арналған пайдалану көлемі:
     мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға 
дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) 
тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.