21.11.2002

Қазақстан Республикасында есірткіні, психотроптық заттарды бөлу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.03.19 № 114 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің 4-тармағы 2-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында есірткіні, психотроптық заттарды бөлу нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

       Төраға

Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігі    
Нашақорлыққа және есірткі 
бизнесіне қарсы күрес  
жөніндегі комитеті төрағасының
2002 жылғы 21 қарашадағы 
N 125 бұйрығымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасында есірткіні,
психотроптық заттарды бөлу жөніндегі нұсқаулық 

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Есірткі құралдары туралы" 1961 жылғы, "Психотроптық заттар туралы" 1971 жылғы, "Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы" 1988 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына, "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279  Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін орындау үшін әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтыну мен қамтамасыз ету нормативтерін есептеуді, бекіту мен ресімдеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды бөлуді жүзеге асыруды ретке келтіру мақсатында дайындалды.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
 

      1) есірткіні, психотроптық заттарды әкелу және әкету - бір мемлекеттен екінші мемлекетке есірткі құралдарды, психотроптық заттарды тасымалдау;
 

      2) мемлекеттік квота - Қазақстан Республикасындағы есірткіні, психотроптық заттарды тұтыну есебі негізінде жүзеге асырылатын олардың айналымы шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және бекітетін Қазақстан Республикасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтыну нормасы;
 

      3) есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативін үлескерлік бөлу (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативін үлескерлік бөлу) өндіргеннен немесе (және) әкелуден кейін есірткі құралдары мен психотроптық заттарды алғашқы сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - өндіруші, импорттаушы кәсіпорындарға, арналған қамтамасыз ету нормативін бекіту жолымен нығайту жөніндегі іс-шаралар;
 

      4) есірткі құралдары - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Есірткі құралдары туралы 1961 жылғы бірыңғай конвенцияға, 1972 жылғы түзетулер жөніндегі хаттамаға сәйкес оған енгізілген түзетулермен бірге, Есірткі құралдары туралы 1961 жылғы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылануға тиіс есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи тектес заттар;
 

      5) есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - мемлекеттік лицензияға сәйкес тиісті қызмет түрін жүзеге асыратын нақты заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында сатуы үшін заңды тұлғалар - өндіруші және импорттаушы кәсіпорындарға рұқсат етілген белгілі бір есірткінің және (немесе) психотроптық заттардың саны;
 

      6) есірткіні, психотроптық заттарды тұтыну нормативі (бұдан әрі - тұтыну нормативі) - осы Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетіне мәлімденген нақты заңды тұлғаларға тұтыну үшін қажетті белгілі бір есірткінің және (немесе) психотроптық заттардың саны;
 

      7) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылауға жататын есірткілік заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи тектес заттар;
 

      8) есірткіні, психотроптық заттарды бөлу - республиканың ішкі рыногын көрсетілген құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған және бұл өзіне есірткі, психотроптық заттарды тұтыну нормативтері мен көрсетілген заттармен қамтамасыз ету нормативін бекіту жөніндегі іс-шараларды қамтыған бөлінген квоталар шегінде министрліктердің, ведомостволар мен заңды тұлғалардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға кепілдік беретін іс-шаралар; 
 

      9) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі (бұдан әрі - Тізім) - халықаралық Конвенциялар негізінде және "Есірткі, психотроптық заттар, және прекурсорлар, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі N 279  Заңымен бекітілген тиісті кестелерде және тізімдерде нөмірленген және біріктірілген Қазақстан Республикасында бақылауға тиіс есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі.

  2-тарау. Қазақстан Республикасын есірткімен және
      психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормасын 
қалыптастыру және бекіту

      4. Тұтынушы заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер ведомостволық тиесілілігі арқылы сату бойынша орталық атқарушы органға дейін жинақтау үшін жоғары тұрған ұйымға келесі күнтізбелік жылға тұтыну нормативін бекітуге өтінім ұсынады.

      5. Мемлекеттік емес сектордың тұтынушы заңды тұлғалары қорыту және ведомстволық тиесілілігі арқылы сату бойынша орталық атқарушы органға дейін қорытуға беру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тиісті салада қызметті үйлестіретін мемлекеттік органдарға келесі күнтізбелік жылға тұтыну нормативін бекітуге өтінім ұсынады.

      6. Орталық атқарушы органдар жыл сайын қорытылған өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін келесі күнтізбелік жылға жинақталған тұтыну нормативін бекіту үшін Комитетке ұсынады.

      7. Есірткіні, психотроптық заттарды өңдеуді немесе құрамында есірткі немесе психотроптық заттар бар препараттарды немесе дәрі-дәрмек құралдарын өндіруді жүзеге асыратын тұтынушы заңды тұлғалар меншік нысандарына қарамастан, осы Нұсқаулықтың 6-тармағына сәйкес Комитетке келесі күнтізбелік жылға арналған қамтамасыз ету нормативін бекітуге өтінім ұсынады.

      8. Комитет заңды тұлғалардың қамтамасыз ету нормативтеріне өтінімдердің дәлелділігін тексереді, бекітуге мәлімделген қамтамасыз ету нормативтерін жинақтайды және көрсетілген есірткі, психотроптық заттарды қамтамасыз ету нормативтерін бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      9. Мемлекеттік квота - Қазақстан Республикасының келесі күнтізбелік жылға арналған есірткі және психотроптық заттарды қажетсіну нормасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Мемлекеттік квота осы Нұсқаулықтың 6, 7-тармақтарына сәйкес келесі күнтізбелік жылға заңды тұлғалар мәлімдеген белгілі бір есірткі мен психотроптық заттардың санын қамтиды.

      10. Республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері үшін тұтыну нормативін қызметі лицензиялауға жататын нақты тұтынушы заңды тұлғалар (емдеу-алдын алу, дәріханалық, ветеринарлық, оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдары және басқалары) үшін нормативтер көрсетіліп, осы Нұсқаулықтың 4, 5-тармақтарына сәйкес және бекітілген тұтыну нормативі шегінде мәлімделген санның негізінде лицензиар орган бекітеді. 

  3-тарау.Қазақстан Республикасының есірткі және
      психотроптық заттарды қамтамасыз ету нормативін үлескерлік бөлу және бекіту

      11. Есірткі және психотроптық заттарды әкелгеннен және (немесе) өндіргеннен кейін алғашқы сатуды жүзеге асыратын өндіруші және импорттаушы заңды тұлғалар үшін қамтамасыз ету нормативі бекітіледі.

      12. Қазақстан Республикасының қамтамасыз ету нормативінің жиынтық деректері Қазақстан Республикасының тұтыну нормативіне (мемлекеттік квотаға) сәйкес келуі керек және одан аспайды.

      13. Қамтамасыз ету нормативін үлескерлік бөлу Тізімге енгізілген барлық есірткі, психотроптық заттарға, сондай-ақ заңды тұлғалар-тұтынушылар мәлімдеген көрсетілген құралдар мен заттардан тұратын өнімдерге қатысты жүзеге асырылады.

      14. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік квоталарды бекіткеннен кейін есірткі, психотроптық заттарды өндіру мен әкелу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар келесі күнтізбелік жылға қамтамасыз ету нормативін бекітуге арналған құжаттар кестесін Комитетке ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ұсынады.

      15. Есірткі, психотроптық заттарды өндіруді және әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар және қамтамасыз ету нормативін бөлу рәсіміне қатысқысы келгендер мына құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) тиісті үлгідегі өтініш (1-қосымша);
      2) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өнімдермен қамтамасыз ету нормативінің көлемін көрсететін деректер (2-қосымша);
      3) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өнімдердің ұсыну бағасының деректері (3-қосымша);
      4) құжаттарды тапсырған күнге есірткінің, психотроптық заттардың нақты қалған есебі (4-қосымша);
      5) есірткіні, психотроптық заттарды өндіруге немесе әкелу/әкетуге байланысты қызметке лицензияның көшірмесі;
      6) есірткіні, психотроптық заттарды көтерме сатумен байланысты қызметке лицензияның көшірмесі;
      7) тиісті жылға арналған ерекшелікпен сыртқы экономикалық қызметке жасалған келісім-шарттың көшірмелері.

      16. Комитет берілген мәлімдемелер негізінде (қамтамасыз ету нормативтерін бекітуге ұсынылған құжаттар пакеті) көрсетілген өтінімдерді берген заңды тұлғалар арасында қамтамасыз ету нормативін үлескерлік бөлуді жүзеге асырады және Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін тиісті шешім қабылдайды. 

      17. Есірткі, психотроптық заттарды өндіруді және әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында тұтыну нормативін үлескерлік бөлуді жүзеге асыру кезінде негізгі өлшемдер:
 

      1) өндіруші - лицензиаттар үшін:
      есірткі және психотроптық заттарды өндіруге байланысты қызметке, мемлекеттік лицензияның қосымшасында көрсетілген қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес өндірілген өнімді жүзеге асыру көлемінің заңды тұлғалармен шын мәнінде орындалғаны туралы алдыңғы жылғы деректер;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 5-тармағының талаптарын өтініш берген лицензиаттардың орындауы;
      Ереженің 3-тармағына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес лицензиарлар, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдар тарапынан өтініш берген лицензиаттар қызметін тексеру қорытындылары. Тиісті бұзушылық актілердің көшірмелері болған жағдайда бұйрыққа қоса тіркеледі;
      отандық өндірістің және Республика шегінен әкелінетін дәрілік құралдар көлемінің нақты қалыптасқан қатынасын ескере отырып, оның өндірісі өнімнің импортына тәуелсіз құрамында есірткі және психотроптық заттары бар өнімдердің жеке түрлері бойынша отандық өндірушілердің нарық үлесін қамтамасыз ету;
      өндіруші-лицензиаттарда бар, республиканың жылдық қажеттілігін ескере отырып, өтініш берілген өнімдердің қоймалық қорларының болуы;
      алдыңғы жылдардағы шындығында қалыптасқан нарық конъюнктурасы туралы деректер;
 

      2) импорттаушы лицензиаттар үшін:
      заңды тұлғалардың өткен жылдарда нақты орындаған импорт көлемдері және есірткіні және психотроптық заттарды әкелумен байланысты қызметке мемлекеттік лицензияның қосымшасында көрсетілген қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес жүзеге асыру туралы мәліметтері; 
      өтініш берген лицензиаттардың Ереженің 5, 49-тармақтарының талаптарын орындауы;
      Ереженің 3-тармағына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес есірткінің, психотроптық заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да органдарды, лицензиарлар тарапынан өтініш берген лицензиаттар қызметін тексеру қорытындылары; Бұзушылық туралы тиісті актілердің көшірмелері бар болған жағдайда, олар бұйрыққа қоса беріледі;
      импорттаушы лицензиаттарда бар, мәлімделген өнімдердің қоймалық қорларының, онда республиканың жылдық қажеттілік есебімен бар болуы;
      аймақтардың қажеттіліктерін есепке алу;
      Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген әр түрлі препараттармен ішкі нарықты барынша қанықтыру қажеттігі.

      18. Қамтамасыз ету нормативін тарату үлесін жүзеге асыру кезінде арызданушы-импорттаушылар мен өндірушілерден Комитет қосымша мәлімдемелерді сұрауға құқықты.

      19. Қамтамасыз ету нормативін бөлу үлесін өткізу мерзімін алдыңғы жылға Комитет анықтайды, қатысушылардың (жабдықтаушылар мен өндірушілердің) назарына оларды жазбаша түрде хабарлау арқылы жеткізіледі және ресми бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жариялануы керек. 

      20. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған мемлекеттік қамтамасыз ету нормативі, осы тұлғалар арасында үлескерлік бөлуді жүзеге асырғаннан кейін Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      21. Есірткімен және психотроптық заттармен қамтамасыз етудің республикалық нормативін бекіту туралы Комитет төрағасының бұйрығы негізгі өндірушілер мен жабдықтаушылардың тізімімен қоса, олардың елді есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз етудегі үлесі көрсетіле отырып, ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

      22. Алдымыздағы күнтізбелік жылға елдің аумағында өндіру немесе әкелу үшін, көрсетілген заттардан тұратын өнімдердің саны мен тізімін көрсетіп, есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативі тиісті импорттаушы мен өндіруші, есірткі немесе психотроптық заттардың айналымымен байланысты қызметке лицензияның қосымшасына енгізіледі.

      23. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей, есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативімен енгізілген лицензияға қосымша беріледі.

      24. Тұтынушы заңды тұлғаларды есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету жөніндегі қатынасты олар үшін белгіленген тұтыну нормативі шегінде есірткі, психотроптық заттарды өндіруді және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалармен шарттық негізде белгілейді.

      25. Егер бөлу сәтінде есірткі немесе психотроптық заттар, сондай-ақ құрамында көрсетілген заттар бар өнім мемлекеттік тіркеуде болмаса, олар таратуға жатады, алайда оларды одан әрі өндіру немесе әкелу/әкету Ереженің 44-тармағының 2) тармақшасына және 55-тармағының 4, 5) тармақшаларына сәйкес Комитетке тек Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің осы құралдарды немесе заттарды тіркеу туралы сарапшылық қорытындысынан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.      

  4-тарау. Есірткі және психотроптық заттармен
қамтамасыз ету нормативін үлескерлік қайта бөлу

      26. Егер тиісті қамтамасыз ету нормативін орындау талабын есірткі, психотроптық заттарды әкелуді және өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар бұзған немесе орындамаған жағдайда, Комитет төрағасының бұйрығы негізінде Комитет қатысушылар арасында есірткіні, психотроптық заттарды тұтынуды қамтамасыз етуде белгіленген үлесте қайта бөледі.

      27. Есірткі, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативін орындау бойынша талаптарды орындамау немесе бұзу болып мыналар:
      есірткі, психотроптық заттар айналымын реттейтін қолданыстағы заңды бұзу;
      құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өнімдерді жеткізу мерзімін бұзу, осы өнімдерді тұтынатын заңды тұлғаларды кем қамтамасыз етуге душар етуі мүмкін;
      көрсетілген өнімнің сапасына қатысты тұтынушылар тарапынан жазбаша өтініш; 
      есірткі, психотроптық заттар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметін тоқтату;
      лицензияның күшін тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу саналады. 

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрлігінің    
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
комитеті төрағасының     
2002 жылғы 21 қарашадағы N 125
бұйрығымен бекітілген    
Қазақстан Республикасында  
есірткіні, психотроптық заттарды 
бөлу және есірткіні, психотроптық
заттарды тұтыну мен қамтамасыз  
ету нормативін анықтау үшін  
құжаттарды ұсыну жөніндегі  
нұсқаулыққа         
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес
жөніндегі комитеті

Кімнен______________________________________________________________
                             (ұйымның атауы)

ӨТІНІШ

_______________________аумағындағы құрамында есірткі, психотроптық
заттар бар (керек емесін сызып тастау) (Қазақстан Республикасының
аймағын көрсету) өнімдермен емдеу-алдын алу, дәріханалық мекемелерді
және басқа ұйымдарды қамтамасыз етуге квота бөлуіңізді сұраймын.

Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны____________________________________________________
2. Құрылған жылы____________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлік_____________________________________________
                             (N, кім және қашан берді)
4. Мекен-жайы______________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің N, телефон, факс)
5. Есеп айырысу шоты________________________________________________
                      (шот N, банкінің атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдары, өкілдіктері__________________________________________
                               (орналасқан жері мен реквизиттері)
7. Қоса беріліп отырған құжаттар: __________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

       Заңды тұлға басшысының қолы_________________ 

      200___ж. "___"_______________

      Мөр

      Өтініш 200_жылғы "___"__________________қарауға қабылданды. 

____________________________________________________________________
    (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, а.ә.а.)

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрлігінің    
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
комитеті төрағасының     
2002 жылғы 21 қарашадағы N 125
бұйрығымен бекітілген    
Қазақстан Республикасында  
есірткіні, психотроптық заттарды 
бөлу және есірткіні, психотроптық
заттарды тұтыну мен қамтамасыз  
ету нормативін анықтау үшін  
құжаттарды ұсыну жөніндегі  
нұсқаулыққа         
2-қосымша          

"Бекітемін"      
Қазақстан Республикасының   
Әділет министрлігі      
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес    
жөніндегі комитетінің төрағасы
______________________________
          Т.А.Ә.             
2002 жылғы "___" _______

200_ жылға арналған қатаң бақылануға тиіс есірткімен, психотроптық заттармен қамтамасыз ету нормативі

  ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефон, факс, Е-mail)
___________________________________________________________________
N Атауы  200_жылға     Ұйымның атауы,       Көлемі       Ескертпе 
         норматив     заңды мекен-жайы 
                    _____________________________________
                    Жеткізуші  Тұтынушы   Әкелу,  Тұтыну
                    фирмасы    фирмасы    өндіру
____________________________________________________________________

1  2      3            4          5          6       7        8 
____________________________________________________________________
1.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Жиыны:
____________________________________________________________________
2.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Жиыны: 
____________________________________________________________________
3. 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиыны: 
____________________________________________________________________    

Заңды тұлға басшысы_________________ Қолы _______

200__ж."___" ________      

Мөр 

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрлігінің    
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
комитеті төрағасының     
2002 жылғы 21 қарашадағы N 125
бұйрығымен бекітілген    
Қазақстан Республикасында  
есірткіні, психотроптық заттарды 
бөлу және есірткіні, психотроптық
заттарды тұтыну мен қамтамасыз  
ету нормативін анықтау үшін  
құжаттарды ұсыну жөніндегі  
нұсқаулыққа         
3-қосымша          

200__жылғы құрамында есірткі, психотроптық заттар бар
өнімдерге баға ұсыну жөніндегі деректер

___________________________________________________________________
N   Халық.   Сауда.  Кесте N,   Өлшем  Саны Құрғақ Келісім-   Өлшем
   аралық    лық     Тізім,    бірлігі       зат   шарт N,   бірлігі
   патент.  атауы   позиция                        күні,      үшін
  телмеген            N                            қолдану    баға
   атауы                                           мерзімі    ұсыну
   (ХПА) 
____________________________________________________________________
1    2        3       4           5    6      7      8          9
____________________________________________________________________

       Заңды тұлға басшысының қолы _________________________________

      200__ж. "____"________________

      Мөр

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрлігінің    
Нашақорлыққа және есірткі  
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
комитеті төрағасының     
2002 жылғы 21 қарашадағы N 125
бұйрығымен бекітілген    
Қазақстан Республикасында  
есірткіні, психотроптық заттарды 
бөлу және есірткіні, психотроптық
заттарды тұтыну мен қамтамасыз  
ету нормативін анықтау үшін  
құжаттарды ұсыну жөніндегі  
нұсқаулыққа         
4-қосымша          

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті       200_ жылғы __________ арналған
қатаң бақылануға тиіс есірткі, психотроптық заттар
айналымы туралы
ЕСЕП

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефон, факс, E-mail)

___________________________________________________________________
N Халық.   Саудалық  Өлшем    01.01.20_     01._.20_     01._.20_
  аралық   атауы     бірлігі  жылға қалдық  жылға кіріс  жылға шығыс
  патент.                             
  телме,
  ген
  атауы 
___________________________________________________________________
1   2        3          4        5              6            7     
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________ 
200_жылғы "__"_____                 КВОТА
        қалдық 
___________________________________________________________________
Орауыштар    Құрғақ   Тұтыну нормативі Қамта. Қалдықты  Қалдықты
немесе       заттар                    масыз  ескерген. ескерген. 
ампулалар    граммен                   ету    дегі тұ.  дегі қам.
саны                                          тыну      тамасыз ету
                                              норма.    нормативі
                                              тиві
___________________________________________________________________
  7           8             9 
___________________________________________________________________

       Заңды тұлға басшысы ________________

      Қолы______________200_ж."__"__________ 

      Мөр


Дата вступления в силу:  25.11.2002
Дата изменения акта:  19.03.2010
Дата принятия акта:  21.11.2002
Информация об официальном опубликовании акта:  "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2003 ж., N 13, 823-құжат.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103003002000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  14060
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  125
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031015000000
Форма акта:  ПРИК / ИНСТ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz