Полиция учаскелiк инспекторларының құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған полиция учаскелiк инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн.
2. Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының ІIББ, облыстар мен көлiктегi ІББ, арнайы полиция бөлiмшелерiнiң бастықтары ереженi iшкi iстер органдары жеке құрамының кәсiби және қызмет даярлығы жүйесiнде оқып-үйренуiн, IIБ ҚҚБ және қалалық ІІО қызметкерлерiнен, полиция учаскелiк (аға учаскелiк) инспекторларынан сынақтар қабылдануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
4. Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң 1993 жылғы желтоқсанның 31-iндегi N 471 "Милицияның учаскелiк инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы"
бұйрығы
күшiн жойды деп саналсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
2001 жылғы 05 ақпандағы
N 100 бұйрығына қосымша
ПОЛИЦИЯ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ЕРЕЖЕ
1. Полиция учаскелік инспекторларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Ереже (бұдан әрі - "ереже") олардың қызметінің негізгі бағыттарын, құқық тәртібін қамтамасыз етуге қатысатын басқа қызметтермен, бөлімшелермен, органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ полиция учаскелік инспекторларының қызметіне бақылау жасайтын ішкі істер органдары әкімшілік полициясының қалалық, аудандық органдары мен бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды.
2. Полицияның учаскелік инспекторлары (бұдан әрі - "учаскелік инспектор") қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормативтік құқықтық актілерімен, бұйрықтарымен, өкімдермен, нұсқаулармен, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің ережелерімен және нұсқаулықтарымен, соның ішінде осы Ережемен анықталған ішкі істер органдарының барлық міндеттерін өз құзырының көлемі мен шегінде орындауды жүзеге асырады.
Учаскелік (аға учаскелік) инспекторларға құпия және аса құпия құжаттармен жұмыс істеу үшін кадр аппараттарымен N 2 нысандағы рұқсаттама ресімделеді.
3. Учаскелік инспектордың негізгі міндеттері:
1) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу;
2) заңмен белгіленген құзыры шегінде анықтауды және әкімшілік өндірісті жүзеге асыру;
3) берілген өкілеттер шегінде қылмысты ашуға қатысу;
4) патрульдік жасауылдарға өздеріне бекітіліп берілген әкімшілік учаскелерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жәрдем көрсету;
5) заңды және жеке тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда көмек көрсету болып табылады.
4. Қалалық, аудандық орган бастығының бұйрығымен учаскелік инспектор соңынан реттік нөмірі белгіленетін әкімшілік учаске бекітіледі.
Учаскелік инспектордың ұзақ уақыт болмаған кезінде (демалыс, сырқат және т.б.) оған бекітіліп берілген учаскеге қызмет көрсету қалалық, аудандық орган бастығының жазбаша өкімімен басқа учаскелік инспекторға (аға учаскелік инспекторға) жүктеледі.
5. Әр учаскелік инспектор учаске паспортын жүргізеді (1 қосымша), онда учаскенің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерін сипаттайтын деректер жинақталады.
Учаскелік инспектор өзіне бекітілген учаскеде жұмыс істеу және зерттеу барысында аталған ақпаратты кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшіліктерімен, халықпен жеке қатынас арқылы, сондай-ақ қалалық, аудандық орган бөлімшелерінен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден алады.
6. Учаске паспорты қалалық, аудандық орган хатшылығында тіркеліп, учаскелік инспектордың қол қоюымен беріледі. Деректер паспортқа жазу сиямен (арнайы аталған жағдайларда - қарындашпен) жазылады. Паспорт беттері нөмірленіп, тігіледі және мөрмен басылады.
Учаске шекарасын өзгерткен кезде, жаңа паспорт ресімделеді, оған қайта құрылған учаскеге қатысты ақпарат жазылады; бұрын жүргізілген паспорт қалалық, аудандық органның хатшылығына тапсырылып, белгіленген тәртіпте жойылады.
7. Паспорт және басқа құжаттар учаскелік полиция пунктінде мөр басылатын металл шкафта (сейфте) сақталады. Полицияның учаскелік пунктінде құпия құжаттар сақтауға тыйым салынады.
8. Учаскелік инспектор қалалық, аудандық органмен белгіленген іс-шаралар мен қалыптасқан құқық тәртібі ахуалын ескере отырып, жұмыс дәптерінде (N 2 қосымша) бір айға арналып құрылған жеке жоспары бойынша жұмыс істейді. Бір күнде және бір айда атқарылған жұмыс нәтижелері жұмыс дәптеріне жазылады.
9. Қызметтік міндеттерді табысты орындау мақсатында учаскелік инспектор қызмет көрсетілетін учаскедегі және оған жалғасып жатқан аумақтағы жедел жағдай мен құқық тәртібі ахуалын, соның ішінде:
1) учаске шекарасын, қызмет көрсетілетін аумақтың ерекшеліктерін, жолдар жүйесін, байланыс тораптарын, транзиттік және жергілікті көлік қозғалысын, азаматтардың бұқаралық демалыс, діни және басқа да салт-дәстүрлерін өткізетін орындарын; құрамында есірткі бар жабайы және мәдени өсімдіктер өсетін жерлерді; дүкендердің, тауар-материалдық бағалы заттар сақталатын орындардың, кәсіпорындар мен ұйымдар кассаларының, рұқсат ету жүйесі объектілерінің орналасқан жерін, олардың техникалық қорғалуы мен күзет жүйесін, профилактикалық есепте тұрған адамдардың ішіндегі автомотокөлік иелерін, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы күштер мен құралдарды, олардың орналасқан жерін және олармен байланыс жасау тәсілдерін;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын, сипатын, жасалуына мүмкіндік туғызған жағдайларды; (күдіктілер, жасырынып жүрген қылмыскерлер, белгіленген тәртіпте іздестіріліп жатқан басқа адамдар, ұрланған заттар туралы деректер учаске паспортына енгізіледі) (N 1 қосымша);
3) қоғамға жат өмір салтын жүргізетін адамдардың жиналатын, сондай-ақ құқық тәртібі жиі бұзылатын орындарды білуі керек;
4) учаскелік инспектор қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекіткен жұмыс кестесі бойынша азаматтар қабылдауды жүзеге асырады. Полицияның әрбір учаскелік пунктінде азаматтар қабылдауды есепке алу журналы жүргізіледі (N 5 қосымша).
Азаматтардың шағымдар мен арыздар түсірген жағдайында учаскелік инспектор оларды орындау шараларын қолданады. Қылмыстар және оқиғалар жөнінде келіп түскен барлық жазбаша немесе ауызша арыздар туралы учаскелік инспектор дереу азаматтар қабылдауды есепке алу журналына жазып, тікелей өзі немесе байланыс арнасы арқылы қылмыстар және оқиғалар жөніндегі арыздар мен мәліметтерді есепке алу кітабына (ҚжОЖА мен МЕАК) тіркеу үшін ішкі істер органы бойынша кезекшіге баяндайды; азаматтар қабылдауды есепке алу журналында тіркеу нөмірі мен датасы және қалалық, аудандық орган бойынша кезекшінің аты-жөні туралы белгі соғады.
Тіркелмеген арыздар бойынша тексеру жүргізуге және шаралар қабылдауға тыйым салынады.
Азаматтардың учаскелік инспекторға құрамында құқық бұзушылықтар жөнінде мәліметтер мен оның құзырына қатысы жоқ арыздармен келген жағдайларында оларға тиісті түсініктемелер беріп, кімге баруы керек екенін айтып, жөн сілтейді.
2. ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
10. Қылмыс немесе құқық бұзушылық жасауы мүмкін деп күтілетін адамдарды алдын ала анықтау, есепке алу және оларға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізу жөніндегі учаскелік инспектордың міндеттері:
1) паспорт қызметінің (Ф N 17 карточкалары), кезекші бөлімдердің, жедел қызметтердің, түзеу жұмыстары инспекциясының ақпаратын, соттардың, еңбекпен түзеу, медицина мекемелерінің, соның ішінде мамандандырылған диспансерлердің, ішкі істер органдарының штаттан тыс қызметкерлерінің, қоғам өкілдерінің мәліметтерін (хабарламаларын), сондай-ақ азаматтар мен лауазымды адамдардың хаттары мен арыздарында, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында, құқық бұзушыларды әкімшілік және де басқа жауапкершілікке тарту туралы құжаттарда, ақталмау негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөніндегі материалдарда, қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен мәліметтерді есепке алу, ішкі істер органдарына, арнайы қабылдағыштарға, тұрақты тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдар үшін арнайы қабылдағыш-таратқыш органдарына, медициналық айықтырғыштарға, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтап шығару орталықтарына жеткізілгендерді есепке алу картотекаларында, кітаптары мен журналдарында мазмұндалған ақпаратты пайдаланып, профилактикалық ықпал етуге жататын адамдарды дер кезінде анықтауды қамтамасыз ету;
2) профилактикалық ықпал етуге жататын:
белгіленген тәртіпте сотпен олардың соттылықтары алынып тасталғанға дейін аса қауіпті қылмыс жасаған адамдардың;
қадағалау мерзімі ішінде әкімшілік қадағалауда тұрған адамдардың;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін үш жыл ішінде "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
ықпалына түсетін адамдардың картотекалық есебін жүргізу;
көрсетілген мерзім өткен соң осы санаттағы адамдар қасақана қылмысы үшін бұрын сотталғандар ретінде есепке алынады;
аталған санаттағы адамдармен:
қасақана қылмысы үшін сотталғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар соттылықтары белгіленген тәртіпте жойылғанға немесе алынып тасталғанға дейін;
медициналық емес есірткі пайдаланатындар және денсаулық сақтау органдарында есепте тұрғандар, сондай-ақ есірткімен заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылғандар;
отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында үнемі жанжал шығаратын және басқа да құқық бұзушылықтар жасайтындар;
диспансерлік есепте тұрған, маскүнемдікпен ауырады деп танылғандар;
күшті спирттік ішімдіктерді заңсыз жасауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылғандар;
бір жыл ішінде екі рет ұсақ бұзақылық жасағандар профилактикалық жұмысты жүзеге асыру және тиісті құжаттарды жүргізу тәртібі шекті шамадағы құқықтық актілермен белгіленеді.
3) есепке алынып, профилактикалық ықпал жасалатын адамға бақылау карточкасы (N 3 қосымша) ашылып, ол профилактикалық ықпал жасалатын адамдардың бақылау карточкаларын есепке алу журналына (N 4 қосымша) тіркеледі;
егер профилактикалық ықпал жасалатын адам есепке бірнеше санаттар бойынша алынатын болса (мысалы, қасақана қылмыс жасау мен спирттік ішімдіктерді теріс пайдалану және тағы да басқа үшін сотты болған), оған бір ғана карточка толтырылады және карточкаларды есепке алу журналына осы адамның барлық санаттағы белгілері енгізілген бір ғана жазба түсіріледі;
учаскелік инспекторлардың қызмет нәтижелері туралы статистикалық есепті толтырған кезде профилактикалық есепке түрлі санаттар жөнінде алынған адам әр санат бойынша жеке есептеледі;
профилактикалық ықпал жасалатын адамдардың карточкалары алфавиттік тәртіпте тіркеліп, картотека құрылады, олар учаскелік инспектордың қызмет жайындағы темір шкафтарда (сейфтерде) сақталады;
оларға қатысты бақылау мен профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру тоқтатылатын адамдардың карточкалары картотекадан алынып, жойылады және ол туралы карточкаларды тіркеу журналында белгі соғылады;
профилактикалық ықпал жасалатын адамға жеке жинақтау ісі жүргізіледі. Оған профилактикалық есепке алуға негіз болған құжаттардың көшірмесі, тоқсанына кемінде бір рет жүргізілетін профилактикалық ықпал жасалушы адамның тұрғылықты орны мен жұмыс орны бойынша тексерістер жөніндегі рапорттар, оларға қатысты қолданылған әкімшілік ықпал ету шаралары туралы полиция учаскелік инспекторларының қызметін бақылайтын басшылардың визасы қойылған анықтамалар және басқа да қажетті материалдар жиналады;
бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар шараларына сотталған адамдарға, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен олардың ата-аналарына қатысты учаскелік инспектордың қолында бар материалдар тиісті түзеу жұмыстары инспекциялары мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерге тапсырылады, ол жерде аталған адамдардың істеріне қоса тіркеледі;
профилактикалық ықпал жасалатын адам жаңа тұрғылықты орынға көшкен кезде карточкасы аумақ бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органына жіберіледі. Ол туралы профилактикалық ықпал жасалушы адамдардың карточкаларын есепке алу журналына тиісті белгі қойылады;
4) маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан еріксіз емдеуге жіберілгендерге қатысты профилактикалық ықпал жасалатын адамның бақылау карточкасы мен осындай карточкаларды есепке алу журналына сот шешімінің шығарылған датасы және белгіленген емдеу мерзімі туралы белгілер енгізіледі;
аталған карточкалар картотеканың жеке бөлімінде және жалпы тәртіпте сақталады;
еріксіз емдеуден өткен адам қайтып келген соң, учаскелік инспектор үш ай ішінде онымен одан әрі профилактикалық жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдауы тиіс және ол туралы карточкаларды есепке алу журналына белгі қойылып, карточканың өзі жойылады;
еріксіз емдеу мерзімі аяқталған адамның бұрынғы тұрғылықты орнына келмеген жағдайында учаскелік инспектор оның жоқ болу себептерін анықтау жөніндегі шаралар қолдануы керек;
ол адамның тұрғылықты орнын ауыстырғаны анықталған жағдайда жазбаша ақпарат арқылы тиісті қалалық, аудандық ішкі істер органынан хабар жіберіледі.
3. ҚЫЛМЫС ЖАСАЛҒАН ЖЕРДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДАР МЕН БАСҚА
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДАР ЖАСАУ,
ӨЗГЕ ДЕ ІЗДЕСТІРІЛУДЕГІ ЖАСЫРЫНҒАН АДАМДАРДЫ
АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
11. Учаскелік инспектор азаматтар мен лауазымды адамдардың қылмыс туралы арыз немесе хабарламамен келген жағдайларында не ондайды тікелей өзі тапқан жағдайда қылмыстың жолын кесу жөніндегі шаралар қолдануға міндетті.
12. Әкімшілік учаскеде қылмыс жасалған жағдайда учаскелік инспектор қалалық, аудандық орган басшылығының нұсқауы немесе өз белсенділігі бойынша оқиға орнына келіп жетеді. Жағдайға байланысты:
1) кезекшіге оқиға орнына келіп жеткендігі туралы баяндауы;
2) жәбірленушілерге жәрдем көрсету жөніндегі шаралар қолдануы;
3) күдіктілердің ізіне түсу мен ұстауды қамтамасыз етуі;
4) қылмыстың іздері мен құралдарының сақталуын, ал қажет болған жағдайда олардың алынуын қамтамасыз етуі;
5) күдіктінің (күдіктілердің), жәбірленушінің, куәнің жеке бастарын анықтау шаралар қолдануы, мүмкіндігінше тергеу-жедел тобы келіп жеткенге дейін олардың сол орында болуын қамтамсыз етуі;
6) тергеу-жедел тобының дер кезінде келіп жету мүмкіндігі болмаған жағдайда учаскелік инспектор өзіндік бастапқы тергеу іс-қимылдарын жүргізуі және қылмысты ашуда барлық шараларды қолдануы;
7) кезекші тәуліктер ішінде қызмет көрсетілетін учаскеде тұратын профилактикалық есептерге алынған және қоғамға жат бағыттағы адамдардың (сыртқы белгілері, ерекше сипаттары, қылмыс жасау тәсілі, қылмыскердің оқиға орында, сондай-ақ жәбірленушінің денесі мен киімінде қалдырған іздері, тоналған заттың жеке белгілері бойынша) қылмысқа қатыстылығын тексеруі керек.
13. Оқиға орнындағы жұмысқа қатысудың әрбір фактісі бойынша учаскелік инспектор дереу жеке өзі жүргізген қылмысты ашу мен оның іздерін анықтауға, қажетті жағдайларды тексеруге бағытталған іс-шаралар, қол жеткізілген нәтижелер жөнінде анықтама жазады.
Учаскелік инспектормен толтырылған анықтама қалалық, аудандық орган басшылығымен қаралады, шығыс корреспонденциялары журналында тіркеледі және тергеу-жедел тобының басшысына, тергеушіге, анықтаушыға қылмыстық істерге тіркеу үшін тапсырылады.
14. Іздестірілудегі:
тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынған, қамаудан қашып шыққан, әскери бөлімдерді өз еркімен тастап кеткен, шартты түрде сотталған, үкімнің орындалуы кейінге қалдырылумен бас бостандығынан айыруға сотталған, тұрақты тұрғылықты орнын тастап кеткен, алимент төлеуден көнігі бас тартқан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан еріксіз емдеу мекемесінен өз еркімен кетіп қалған адамдарды, Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, әскери есепке қоюдан және қарулы күштер қатарына шақырудан жалтарған адамдарды анықтауға қатысады.
Учаскелік инспектор осы мақсаттарда іздестіру жарияланған адамдар жөніндегі бағдарлар мен ақпараттарды тексереді, жасын, туылған және тұрғылықты орнын, жұмыс және оқу орнын, тән белгілері мен байланыстарын анықтайды, іздестірушінің туыстары және таныстары, қоғам арқылы іздестіруге маңызы бар басқа да қосымша мәлімет көздерін айқындайды.
4. ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ КЕЗЕКШІ
БӨЛІМДЕРІМЕН, КӨШУ-ҚОНУ ПОЛИЦИЯСЫМЕН, ТҮЗЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
ИНСПЕКЦИЯСЫМЕН, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ
БӨЛІМДЕРМЕН, ӘСКЕРИ КОМИССАРИАТТАРМЕН, МЕДИЦИНА
МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДАР ТӘРТІБІ
15. Қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кезекшісі әкімшілік учаскедегі барлық өзгерістер мен құқық тәртібінің шиеленіскен жағдайлары жөнінде тиісті учаскелік инспекторға хабарлауға және қалалық, аудандық орган басшылығының нұсқауы бойынша оның оқиға орнына шығуын қамтамасыз етуге міндетті.
16. Қалалық жерде жұмыс істемейтін учаскелік инспектор (аға учаскелік инспектор) жұмыс күні ішінде қалалық, аудандық орган бастығымен белгіленген уақытта құқық тәртібі жағдайы жөнінде ақпарат алмасу үшін кезекші бөліммен байланыс жасайды.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін учаскелік инспектор (аға учаскелік инспектор) полицияның учаскелік пункті орналасқан жерден шығар кезде қалалық, аудандық органның кезекшісіне шығу мақсатын және шамамен қанша уақыт болмайтынын баяндайды.
Қалалық, аудандық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінде учаскелік инспекторлардың байланысқа шыққан уақыты және алынған (берілген) ақпараттардың, бағдарлардың, тапсырмалардың қысқаша мазмұны жазылатын арнайы журнал (N 6 қосымша) жүргізіледі.
17. Учаскелік инспектор бекітілген учаскеде шетелдіктер келген адамдарды тіркеу мерзімінің аяқталуына 10 күн қалғанға дейін, шетелдіктердің республикадан шығу қажеттілігі немесе оларды болу мерзімін уақытында ұзартып отыру жөнінде ескертуді жүзеге асырады.
18. Өз бастамасымен және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдердің, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды түзеу жұмыстары инспекцияларының ақпараты бойынша балалардың құқық бұзуына жағдай туғызатын ата-аналарды, оларды ауыстырушы адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаға сотталған адамдарды анықтайды, материалдарды тиісті бөлімшелерге тапсырады.
Тұрғылықты, жұмыс немесе оқу орындары бойынша аталған санаттағы адамдардың тәртібін бақылауда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдер мен түзеу жұмыстары инспекцияларына көмек көрсетеді, түзелу жолына түспеген адамдарды бақылау жасауға ерекше назар аударады.
Мұндай адамдардың құқыққа қарсы іс-қимылдары және қылмыстық пиғыл фактілерін анықтап, ол туралы тиісті бөлімшелерге хабарлайды және сол бойынша қажетті шаралар қолданады.
19. Әскери бөлімдер орналасқан жерлерде әскери қызметшілермен қызметтік емес байланыс жасайтын адамдарды, олардың жиналатын орындарын анықтайды, өз еркімен шығып кету мен бөлімді өз еркімен тастап кету пиғылдарын таныту фактілерін анықтайды. Әскери бөлімдердің командирлеріне хабарлау үшін алынған барлық ақпаратты қалалық, аудандық орган басшылығына дереу баяндайды.
20. Азаматтар мен лауазымды адамдардың әскери есепте болу ережелерін бұзу фактілерін анықтайды және кінәлілерді жауапқа тартуды, әскери есепте болу ережелерін сақтаудан бұлтарғандарды іздестіруді ұйымдастыру үшін олар жөнінде Қорғаныс министрлігінің әскери комиссариаттары мен басқа да органдарына хабарлайды.
21. Адамдарды маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан еріксіз емдеуді ресімдеу үшін бастапқы материалдар дайындайды, мұндай адамдарды наркологиялық диспансерлерге, соттарға, мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге жеткізеді.
Диспансерлік және басқа медициналық мекемелерге олардың ұсынысымен шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген маскүнемдікке, нашақорлыққа, токсикоманияға душар болған, сондай-ақ тері жыныс ауруларын, адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды жеткізуді жүзеге асырады.
Мінез-құлқы қоғамға қауіп төндіретін асоциалдық бағыттағы, учаскеде тұрып жатқан психикалық ауруы бар адамдардың тізімдік есебін жүргізеді, психиатриялық диспансерлерге бұл санаттағы және басқа да психикалық ауруы бар адамдармен құқыққа қарсы әрекеттер жасалудың барлық фактілері жөнінде, аурулардың мінез-құлықтарында қоғамдық қаупі бар әрекеттер жасау мен тұрғылықты орнын ауыстыру мүмкіндіктерін куәландыратын ерекшеліктердің байқалуы жөнінде хабарлайды.
5. БЕКІТІЛГЕН ӘКІМШІЛІК УЧАСКЕДЕ ҚОҒАМДЫҚ
ТӘРТІП САҚТАУҒА ТАРТЫЛҒАН ПАТРУЛЬДІК ЖАСАҚТАРҒА
ЖӘНЕ бАСҚА ДА КҮШТЕРГЕ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
22. Бекітілген әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіп сақтауға қатысатын патрульдік жасақтар мен басқа күштерді неғұрлым мақсатқа сай орналастыру және пайдалану, олардың учаске ерекшеліктері мен сол жердегі жедел жағдай өзгерістеріне сәйкес қимыл көрсетуі (маневр) жөнінде қалалық, аудандық орган басшылығына ұсыныстар енгізеді.
23. Патрульдік жасақтарға қалыптасқан жағдай, қоғамға қарсы пиғылы бар, соның ішінде әкімшілік қадағалауда тұрған адамдар, қоғамға жат элементтердің жиналатын және құқыққа қарсы әрекеттердің жиі туындайтын орындары жөнінде хабарлайды.
24. Патруль жасақтарының және тартылған басқа да күштердің қызмет атқаруына бақылау жасайды, қызмет атқаруда анықталған барлық кемшіліктер туралы қалалық, аудандық орган басшылығына немесе кезекшіге баяндайды және патрульдік полицейліктің қызметтік кітапшасына тиісті белгі қояды.
25. Қызмет көрсетілген учаскеде қоғамдық тәртіп сақтауға өзі тікелей қатысып, көшелерде, қоғамдық орындарда қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде және оларды ашуда патрульдік жасақтармен өзара тығыз әрекеттер жасайды.
Учаскелік инспекторларды өзінің қызмет ететін әкімшілік учаскесінен тыс жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тартуға тыйым салынады.
6. РҰҚСАТ ЕТУ ЖҮЙЕСІ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ
БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
26. Паспортта рұқсат ету жүйесінің объектілерін және қызмет көрсетілетін учаскеде мекендеуші атыс қаруы иелерін белгілеп отырады.
27. Жылына кемінде бір рет иелерімен атыс қаруының ресімделуі мен сақталуы ережелерінің орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
Рұқсат ету жүйесінің объектілерін тоқсанына кемінде бір рет, 20 және одан да көп қару, оған патрондар сақталатын объектілерді, сондай-ақ жарылғыш заттар қоймаларын ай сайын тексереді.
28. Ұйымдардың әкімшілігінің қатысуымен меншік нысанына қарамастан түрлі түсті көбейту техникасы, улы, есірткі шикізаттары және басқа нәрселерді, заттар мен материалдарды, прекурсорларды Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тізбе бойынша тоқсан сайын қарау жүргізеді.
7. БЕКІТІЛГЕН ӘКІМШІЛІК УЧАСКЕДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ
ҰЙЫМДАРМЕН ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
29. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық ұйымдармен күнделікті өзара іс-әрекетті қолдайды, оларға қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жоспарлауда және жүзеге асыруда көмек көрсетеді.
30. Учаскедегі құқық бұзушылықтар және олардың жасалуына себеп болатын жағдайлар туралы қоғамдық ұйымдардың активтеріне хабарлайды, қоғам өкілдерінен ішкі істер органдары үшін жеделқызығушылық танытатын ақпараттар алады.
31. Азаматтармен сенімді қарым-қатынастар орнатады, ішкі істер органдарының штаттан тыс қызметкерлерін іріктеу мен ресімдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді және олардың қызметіне басшылық жасайды.
32. Плакаттарды, визит карточкаларын, өзге де баспа өнімдерін тарату, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы тұрғындармен тұрақты байланыс жасайды. Учаске тұрғындарын полицияның учаскелік пунктінің орналасқан орны мен азаматтарды қабылдау уақыты жөнінде хабардар етеді.
33. Тұрғындар жиылыстарын өткізуді ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысады, тоқсанына кемінде бір рет учаске тұрғындарының алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп береді.
34. Құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелері бойынша жергілікті өкілдік және атқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге ақпарат дайындауға қатысады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың жасалуына мүмкіндік туғызатын себептерді және жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған орындалуы міндетті ұсыныстар дайындайды және енгізеді.
8. АҒА УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
35. Аға учаскелік инспектор бекітілген учаскеде қызмет көрсетумен қатар:
1) құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алу, ішкі істер органының басқа да қызметтерімен, жедел бөлімшелер, тергеу және анықтау қызметкерлерімен өзара іс-әрекеттер жөніндегі учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың учаскелік инспекторлар тобымен қызмет көрсетілетін аймақ аумағында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді;
2) учаскелік инспекторларға олардың кәсіби шеберлігін көтеру, полицияның штаттан тыс қызметкерлерін іріктеу мен олардың жұмысын ұйымдастыру, қоғаммен өзара іс-әрекеттерді нығайту, құқық бұзушылармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, азаматтардың хаттары мен арыздарын қарау, басқа да қызметтік міндеттерді орындау мәселелері бойынша көмек көрсетеді;
3) учаскелік инспекторлар тобының айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық жұмыс нәтижелерін қорытындылап, оларға баға береді және тиісті ұсыныстармен бұл туралы учаскелік инспекторларды басқару жөніндегі бөлімше басшысына баяндайды;
4) аймақтық учаскедегі құқық тәртібінің ахуалына талдау жасайды, учаскелік инспекторлар тобының айлық жұмысын жоспарлайды, белгіленген іс-шараларды орындаудың нысандары мен әдістерін анықтайды, олардың іске асырылуын бақылайды;
5) қылмыскерлердің, құқық бұзушылардың іздестірілуі мен ұсталуын ұйымдастырады, оған өзі тікелей қатысады;
6) қоғамдық тәртіп сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін аймақтық учаскеге жіберілген күштерге жәрдем көрсетуін қамтамасыз етеді;
7) учаскелік инспекторларға өздерінің қызметтік тапсырмаларын орындау мерзімі, нысандары мен тәсілдері жөнінде қажетті нұсқаулар береді;
8) аймақтық учаскеде болған тұрғындар жиылыстарының материалдарын (хаттамаларды, шешімдерді және т.б.) қорытындылап, оларды талдайды және жиылыс қабылдаған шешімдердің орындалуына бақылау жасап, қалалық, аудандық орган басшылығына баяндайды;
9) учаскелік инспекторлардың жұмысын бағалап, оларды қызмет нәтижелері жөнінде тыңдайды, қалалық, аудандық басшылықтың қарауына олардың жұмысы туралы материалдар дайындайды, учаскелік инспекторларға қызметтік мінездеме, аттестация, ұсыныс хаттар дайындауға қатысады;
10) ішкі істер органының немесе қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығына мына:
учаскелік инспекторлардың қызметін жетілдіру;
аймақтық учаске аумағына патрульдік жасақтарды бөлу;
кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің жұмысындағы құқық тәртібінің ахуалына әсер ететін кемшіліктер туралы жергілікті және атқару органдарды хабардар ету;
учаскелік инспекторлардың бекітілген аумақтағы жұмыс тәртібі;
учаскелік инспекторларға жұмыс істеуге қажетті жағдайлар жасау, оларды тұрғын үймен, қызмет жайлармен, көлікпен, байланыс құралдарымен, жедел-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
учаскелік инспекторларды мадақтау және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
11) қарамағындағы учаскелік инспекторлардың арасында тәртіп пен заңдылық ахуалын бақылайды, олармен тәрбие жұмысын жүргізеді;
12) аға учаскелік инспектордың болмаған уақытында (оқу, демалыс, науқастану және т.б.) оның міндеттерін қалалық, аудандық орган бастығының жазбаша өкімі бойынша неғұрлым жақсы дайындалған учаскелік инспекторлардың бірі атқарады.
9. ПОЛИЦИЯНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
36. Учаскелік инспектор жұмысының, осылар бойынша оның қызметіне баға беру жүзеге асырылатын, негізгі көрсеткіштері болып:
1) учаскелік инспектормен есепке алынған адамдар саны (санаттар бойынша);
2) азаматтардың қаралған, шешілген, оның ішінде қайта түскен және мерзімінің бұзылуымен қаралған хаттарының, шағымдарының және өзге де сұрақтармен келулерінің саны;
3) учаскелік инспектормен анықталған, жолы кесілген әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қолданылған жазалар саны;
4) профилактикалық есептерде, соның ішінде әкімшілік қадағалауда тұрған адамдармен жасалған қылмыстардың саны;
5) аяқталған қылмыстық істердің саны;
6) спирттік ішімдіктерді зиян келтіре пайдаланушы, есірткілерді медициналық емес нысанда пайдаланушы және еріксіз емдеу үшін медициналық мекемелерге тапсырылған адамдарға қатысты дайындалған материалдардың, сотпен арнайы емдеу профилактикалық мекемелеріне жіберілген адамдардың саны;
7) учаскелік инспекторлармен жіберілген заңдылықты, қызмет және орындау тәртіптерін бұзушылықтар саны табылады.
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің Қоғамдық
қауіпсіздік департаменті
нөмірі _____________учаскенің
ПАСПОРТЫ
______________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
Басталды 20__ж."__"________
Аяқталды 20__ж."__"________
(Формат 210 х 300 мм)
Учаскені сипаттайтын
МӘЛІМЕТТЕР
____________________________________________________________________N Р/с 20__ж. 20__ж. 20__ж.
1.01. 1.01. 1.01.
________________________
ахуалы жөнінде
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5
____________________________________________________________________1. Аумағы (шаршы км.)
2. Тұрғын үй құрылыстары (барлығы)
соның ішінде, жеке үйлер
пәтерлер
жатақханалар
3. Тұрғындар саны (барлығы)
соның ішінде, ересектер
балалар
4. Аумақта орналастырылған:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар
- фермерлік шаруашылықтар
- ауруханалар, емханалар, дәрігерлік
пункттер, дәріханалар
- мейрамханалар, кафе, сауда дүңгіршектері
- базалар, қоймалар
- танктер
- почта бөлімшелері
- оқу орындары
- автотұрақтар
- мәдениет сарайлары, клубтар,
кинотеатрлар
- спорттық мекемелер
5. Профилактикалық есептегі адамдардың
жалпы саны
____________________________________________________________________
Учаскенің жоспары
(қосымша)
Учаске жоспарында патрульдердің, жол күзет орындарының, сондай-ақ қоғамдық тәртіп сақтауға тартылған басқа да күштер мен құралдардың бағыттары және орналасуы көрсетіледі.
УЧАСКЕНІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
____________________________________________________________________N Полицияның Учаскені Учаскені Учаскені қабыл. Учаскені қабыл
р учаскелік қабылда. тапсырған дауға қатысқан даған немесе
/ (аға учас. ған күні, күні, басшының лауазы. тапсырған адам.
с келік) инс. қолы қолы мы, атағы, тегі, ның ескертулері
пекторының аты, әкесінің өтініштері, ІІО
атағы, тегі, аты басшысының
аты нұсқаулары
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
КӘСІПОРЫНДАР, ҰЙЫМДАР, МЕКЕМЕЛЕР, БАНКТЕР, ФЕРМЕРЛІК
ШАРУАШЫЛЫҚТАР, ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ, МӘДЕНИ-АҒАРТУ ЖӘНЕ ОҚУ ОРЫНДАРЫ
____________________________________________________________________ N Атауы Мекен-жайы Басшының тегі, аты, әкесінің аты, Ескерту
Р/с ведомст. оның қызмет, үй телефондары,
волық тұратын мекен-жайы,
тиістілігі (қарындашпен толтырылады)
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5
____________________________________________________________________
САУДА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ, БАЗАЛАР,
ҚОЙМАЛАР, МЕЙРАМХАНАЛАР, КАФЕЛЕР, ДҮҢГІРШЕКТЕР
____________________________________________________________________N Атауы Мекен- Басшының тегі, аты, Жұмыс Күзет Күзетшілердің
р/с ведом. жайы әкесінің аты, оның тәртібі түрі тегі, аты,әке.
стволық қызмет, үй теле. сінің аты,
тиісті. фондары, тұратын телефондары,
лігі мекен-жайы мекен-жайы
(қарындашпен (қарындашпен
толтырылады) толтырылады) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 ____________________________________________________________________
ЖАТАҚХАНАЛАР
____________________________________________________________________N Атауы Мекен- Коменданттың тегі, аты, Өткізу Тұрғындар
р/с ведомст. жайы әкесінің аты, оның қызмет, пунктінің саны
волық үй телефондары, тұратын жұмыс
тиістілігі мекен-жайы (қарындашпен тәртібі
толтырылады) ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________
РҰҚСАТ ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
(АТЫС ҚАРУЫ, ОҒАН ҚАЖЕТ ОҚ-ДӘРІЛЕР,
ТҮРЛІ-ТҮСТІ КӨБЕЙТУ ТЕХНИКАСЫ, ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРЫ
ЖӘНЕ Т.Б. БАР КӘСІПОРЫНДАР, ҰЙЫМДАР, МЕКЕМЕЛЕР)
____________________________________________________________________N Атауы Мекен- Объектілер үшін жауапты Өткізу Бақылауға Рұқсат.
р/с ведом. жайы адамның тегі, аты, әке. пункті. алынатын маның
стволық сінің аты, оның қызмет, нің заттар нөмірі,
тиісті. үй телефондары, тұратын жұмыс мен кіммен
лігі мекен-жайы (қарындашпен тәртібі құралдар қашан
толтырылады) және
қай
мерзімге
берілген
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
ЖЕКЕ ҚОЛДАНУДА АТЫЛАТЫН ҚАРУЫ
БАР АДАМДАРДЫҢ ТІЗІМІ
____________________________________________________________________N Қару иесінің Мекен- Жұмыс орны, Қарудың Рұқсат. Қайта Ескер.
р/с тегі, аты, жайы лауазымы, түрі тама қа. тіркел. ту
әкесінің аты оның қызмет, және шан және ген
үй телефоны жүйесі, кіммен , мерзімі
(қарындашпен нөмірі берілген
толтырылады) оның нөмі.
рі мен
мерзімі
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________
ПОЛИЦИЯНЫҢ ШТАТТАН ТЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
____________________________________________________________________N Тегі, Жұмыс орны, Білімі Мекен- Қабылдануы Ескерту
р/с аты, лауазымы, жайы жөніндегі
әкесінің оның қызмет, ІІО бұйрығының
аты үй телефоны нөмірі мен
(қарындашпен мерзімі
толтырылады)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
____________________________________________________________________
ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН САҚТАУҒА ҚАТЫСУШЫ
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
____________________________________________________________________ N Қоғамдық Басшының тегі, Сандық Орналасқан Ескерту
р/с бірлестіктің аты, әкесінің құрамы мекен-жайы
атауы қызметі. аты, қызмет, телефоны
нің негізгі үй телефондары
бағыты (қарындашпен
толтырылады)
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________
УЧАСКЕДЕ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ
____________________________________________________________________ N Қылмыстық Жасалған қылмыстың қысқаша Тергеу Ескерту
р/с істің нөмірі, мазмұны, күдікті, жәбірленуші, және
қозғалған іздеудегі адамдардың тегі, іздестіру
мерзімі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, нәтижелері
ҚК бабы бұлтартпау шаралары
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________
ПАСПОРТ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛЕР
______________________________________________________
N Тексерушінің Датасы Тексеру нәтижелері,
р/с тегі, аты, жүргізілу тәртібі
лауазымы, атағы бойынша орын алған
ескертулер мен
нұсқаулар
______________________________________________________
1 2 3 4
______________________________________________________
Учаскелік инспектордың
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
______________________________________________________
(қалалық, аудандық ішкі істер органы)
______________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
(Формат 170 х 210 мм)
Жұмыс дәптерін жүргізу
ережесі
1. Жұмыс дәптері ішкі істер органының хатшылығында (кеңсесінде) тіркеліп, учаскелік инспекторға қол қойғызу арқылы беріледі. Дәптердің парақтары нөмірленіп, тігіліп, мөрмен бекітілуі тиіс.
2. Жұмыс дәптеріндегі жазулар сиямен, анық және ұқыпты жазылады, жұмыспен байланысты емес жазбалар түсіруге тыйым салынады.
3. Жұмыс дәптерінде бір айға жоспарланған іс-шаралар ескеріледі.
4. Ішкі істер органдарынан шыққан жағдайда немесе жұмыс дәптері аяқталған кезде ол хатшылыққа (кеңсеге) тапсырылады және белгіленген тәртіпте жойылады.
"Бекітемін"
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________
(лауазымы, атағы)
20__ж. __________ айының
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
______________________________________________________
N Жоспарланған Мерзімі Орындалуы туралы
р\с іс-шаралар белгілер
______________________________________________________
1 2 3 4
______________________________________________________
N 3 қосымша
____________________________________________________________________
! ! ! ! ! ! ! ! ! !
____________________________________________________________________
__________________ БАҚЫЛАУ КАРТОЧКАСЫ
Жүргізу датасы 20__ж."___" ____________
Тегі________________________________________________________________Аты_________________________________________________________________ Әкесінің аты________________________________________________________
Туған датасы_______________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны________________________________________________
____________________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________
____________________________________________________________________Отбасы құрамы_______________________________________________________
____________________________________________________________________Профилактикалық есепке қою үшін негіз_______________________________
___________________________________________________________________
Соттылығы (сотталған датасы мен жаза өтеуі, жаза түрі және мерзімі,
Қылмыстық кодекстің бабы)___________________________________________
____________________________________________________________________
Соттылығының жойылған датасы________________________________________
Профилактикалық жұмыстар жүргізу мерзімі ___________________________________________________________________
"КЕЛІСІМ"
Қалалық, аудандық ішкі
істер органының әкімшілік полиция
бөлімшесінің басшысы _____________________
Учаскелік инспектор____________________
Карточканың сыртқы беті
Жіберілген құқық бұзушылықтар туралы деректер
__________________________________________________________
датасы Құқық бұзушылық түрі Қолданылған шаралар
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Карточка бетінің жоғарғы жолына санат есебі бойынша мынадай шартты белгілер жазылады:
ААҚ - аса қауіпті қылмыскер; ӘҚ - әкімшілік қадағалауда тұрған; Ф - әкімшілік қадағалауға формальды түрде түскен; С - сотты болған; МЕ - есірткіні медициналық емес түрде қолданатын; ЖҰ - есірткі, спирттік ішімдіктерін пайдалану үшін жай ұстайтын; ОЖ - отбасы-тұрмыс жанжалқоры; М - маскүнем; СІ - күшті спирт ішімдіктерін дайындау және өткізумен байланысты құқық тәртібін бұзатын; Б - ұсақ бұзақы.
Егерде профилактикалық есептегі адам бірнеше негіздер бойынша есепке алынса, карточкасына шартты белгілердің тиісті саны енгізіледі.
Осындай белгілер бақылау карточкаларын есептеу журналына да жасалады.
Профилактикалық жұмыстар жүргізілетін адамдардың
бақылау карточкаларын есептеудің
АЛФАВИТТІК ЖУРНАЛЫ
__________________________________________________________
(қалалық, аудандық органның атауы)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
____________________________________________________________________N Профилак. Жұмыс орны, Мекен- Есеп. Қадағалауда тұрған Есеп. Бақы.
р/с тикалық лауазымы, жайы ке адамдарды профи. тен лау
есептегі қызметтік алын. лактикалық есепке алып жас.
адамның ж/е үй ған алудың, белгілен. тас. аушы тегі, телефоны дата. ген шектеулердің тау учас
аты, әке. (қарындашпен сы түрі дата. елік
сінің аты толтырылады) сы инс.
пек.
тор.
дың
тегі,
аты,
әкесі.
нің аты
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________
Азаматтардың ұсыныстарын, арыздарын
және шағымдарын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
______________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
(Формат 210 х 300 мм)
____________________________________________________________________N Келіп Арыз. Мекен- Арыз. Хатты Арызды қабыл. Қабылдан. Бақы.
р/с түс. дану. жайы дың қараушы даушы учаске. ған шешім лау
кен шының қыс. басшының лік инспек. және оның жа.
дата. тегі, қаша тегі, дың тегі,аты, нәтижелері сауы
сы аты, маз. аты, әке. әкесінің жөнінде жөн.
әкесі. мұны сінің аты арыздан, інде
нің аты аты хабарлау белгі
туралы
белгі
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Учаскелік инспекторлардың байланысқа
шығуын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
______________________________________________________
(қалалық, аудандық ішкі істер органының атауы)
Басталды 20__ж. "__"________
Аяқталды 20__ж. "__"________
(Формат 210 х 300 мм)
____________________________________________________________________ N Учаскелік Байланысқа Тапсырманың, нұсқа. Ішкі істер органы
р/с инспектордың шыққан дата. маның, ақпараттың бойынша жауапты
тегі, аты, сы уақыты қысқаша мазмұны кезекшінің тегі,
әкесінің аты аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5
____________________________________________________________________