Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту мен жетiлдiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3838 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

      Бiрыңғай мемлекеттiк баға саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының акцияларын сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 922 P970922_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамына берiлген 1996 жылғы 5 қарашадағы N 000001 Лицензия мен 1997 жылғы 21 мамырдағы оған Қосымшаға тиiстi өзгерiс енгiзсiн".
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазтелеком" ашық акционерлiк қоғамының тарифтерiн Қазақстан

 

Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсiмi

бойынша, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi

агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi

белгiлейдi деп белгiленсiн".

     2. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi"

туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N

1091 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi