Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3604


     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына
сәйкес қаулы етемiн:
     1. Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандары таратылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру
жөнiнде шаралар қолдансын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi