03.10.1995

Заң күшi бар Сақтандыру туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және сақтандыру қызметi нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысында қорғау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

                      1-тарау. Жалпы ережелер

        1-бап. Сақтандыру және сақтандыру қызметi жайындағы ұғым
      1. Сақтандыру өздерiне сақтанушылар төлеген сақтану төлемдерiнен, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өзге де төлем көздерiнен сақтандырушылар құрайтын ақша қорлары есебiнен белгiлi бiр сақтандыру оқиғалары болған кезде сақтандыру өтемдерiн төлеу арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) мүдделерiн мүлiктi қорғау жөнiндегi қарым-қатынасты бiлдiредi.
      2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын және сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттарын жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметi. <*>
      2-1. Уәкілеттi мемлекеттiк орган - мемлекеттiң сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi мiндеттер мен өкiлеттiктердi заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асыратын органы. <*>

      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

        2-бап. Сақтандыру туралы заңдар
      Сақтандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң тиiстi баптарынан, осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң , сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.
               N 436 Заңымен. Z990436_

        3-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастары <*>
      1. Осы Жарлық:
      - сақтандыру шартын жасасу және оны орындау процесiнде сақтандырушы мен сақтанушының арасында туындайтын қатынастарды;
       - уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн реттеу және

қадағалау жөнiндегi өзiнiң қызметi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырумен
байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
<*>

     - сақтандыру қатынасынан туындайтын сақтандырушылар мен
сақтанушылардың өзге де тұлғалармен (сақтандырушылармен және
пайда алушылармен) қатынастарын реттейдi.
     2. Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен
басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1996.08.23. N 35-I  

Z960035_

  Заңымен. 
     ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

       4-бап. Сақтандыру түрлерi
     Сақтандыру:
     1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша:
     а) ерiктi;
     б) мiндеттi;
     2) сақтандыру объектiлерi бойынша:
     а) жеке;
     б) мүлiктiк болып бөлiнедi.

       5-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
     1. Мiндеттi сақтандыру - заң талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.


      2. Мiндеттi сақтандырудың түрлерi заң актiлерiмен белгiленедi. Мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмегендiгiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Егiндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан, эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру белгiленсiн. <*>
      3. Өзiнiң өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетi азаматқа заңдармен де шартпен де жүктелмейдi.
      4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актісінде тұжырымдалған талаптарға сәйкес сақтандырушымен шарт жасасуға мiндеттi. <*>
      5. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн. Аталған сақтандырушы үшiн мұндай шартты жасау мiндеттi болып табылады.
      6. Ерiктi сақтандыру - тараптардың өз еркiн бiлдiруiне орай

жүзеге асырылатын сақтандыру.
     Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi
тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
     7. Азаматтың немесе заңды тұлғаның кез келген мүддесi
сақтандыру объектiсi бола алады.
     Сақтанушының құқыққа қайшы келетiн мүдделерi сақтандыруға
жатпайды.
     Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi
сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңдармен белгiленедi.
     ЕСКЕРТУ. 5-баптың 2-тармағы жаңа абзацпен толықтырылды -   
              Қазақстан Республикасының 1996.08.23. N 35-I Заңымен.        
               

Z960035_

  
     ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

     6-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердi бұзудың салдары


      1. Заң актiсiне сәйкес оның пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуға тиiстi адам, егер сақтандырылмағаны өзiне белгiлi болса, осы мiндет жүктелген сақтанушыдан өзiнiң сақтандырылуын сот тәртiбiмен талап етуге хақылы.
      2. Егер сақтандырушы сақтандыру шартын жасаспаса не оны заңдарда көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылушының жағдайын нашарлататын талаптармен жасасқан болса, ол сақтандыру оқиғасы болған жағдайда, тиiсiнше сақтандырылған кезде сақтандыру өтемi төленуге тиiс ретпен сақтандырылушының алдында жауапты болады.
      3. Сақтанушы осы Жарлықтың 5-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi сақтандырушыны сот тәртiбiмен мәжбүрлеудi талап етуге хақылы.

         7-бап. Жеке және мүлiктi сақтандыру
      1. Жеке сақтандыруға азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлетiн және жеке басына байланысты өзге де мүдделерiн сақтандыру жатады.
      2. Мүлiктiк сақтандыруға мүлiктi және кәсiпкерлiк тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса, сонымен байланысты мүдделердi сақтандыру жатады.
      Кәсiпкерлiк тәуекелдер сақтандырылған кезде кәсiпкердiң контрагенттерiнiң (шарт жасасқан тараптардың) өз мiндеттемелерiн бұзуы немесе кәсiпкердiң еркiнен тыс жағдаяттарда осы iс-әрекет жағдайларының өзгеруi себептi кәсiпкерлiк қызметтен күтiлген табыстың алынбау тәуекелi сақтандырылады.
      Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк сақтандырылған кезде басқа азаматтардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi, сондай-ақ шарттардан немесе өзге де негiздерден туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi сақтандырылады.

          8-бап. Шетелдiк заңды тұлғалар мен шетел
                 азаматтарының Қазақстан Республикасының
                 аумағында сақтандыру саласындағы қызметi
      1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей сақтандыру тұрғысында қорғалу құқығын пайдаланады.
      Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет ел қатысатын кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi осы қызметке байланысты тәуекелдердi сақтандыруды Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарында жүргiзедi.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тiкелей сақтандырушы ретiндегi шетелдiк сақтандырушы және қайта сақтандырушы ұйымдардың, шетелдік сақтандыру делдалдарының қызметiне тыйым салынады. <*>
      3. Қазақстан Республикасының сақтандырушылары өз мойнына алған тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi шетелдiк сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының аумағында аталған ұйымдардың белгiленген тәртiппен тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының сақтандырушылары өз тәуекелдерiн тiкелей шетелдiк қайта сақтандырушыларда қайта сақтандыра алады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк заңды тұлғалардың сақтандырушы делдал функцияларын жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының сақтандырушыларына олардың шетелдегi тәуекелдерiн қайта сақтандыру жөнiнде қызмет көрсету саласында ғана жол берiледi. Бұл ретте шетелдiк заңды тұлғалар өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының сақтандырушылары өз тәуекелдерiн шетелде қайта сақтандыруға орналастыруына байланысты шетелдiк делдалдық ұйымдардың қызметiн тiкелей пайдалана алады.
      5. Шетелдiктер қатысатын кәсiпорындар (шетелдiк кәсiпорындар мен бiрлескен кәсiпорындар) сақтандыру саласындағы делдалдық қызметтi Қазақстан Республикасының басқа да заңды тұлғалары қызметiнiң шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      5-1. Шетел қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - акцияларының үштен бірінен астамы мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң;
      2) акцияларының (қатысушылар салымдарының) үштен бiрiнен астамы Қазақстан Республикасы резидент еместерінiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының меншiгiнде және (немесе) басқаруында болатын Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды тұлғалардың;
      3) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қаражатын бөлушiлер (сенiм көрсетiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерi не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың иелiгiндегi және (немесе) басқаруындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы. <*>
      5-2. Шетел қатысқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық тiркелген жарғы капиталы, уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат берген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрге тiркелген жарғы капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

            2-тарау. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары

          9-бап. Сақтанушылар
      1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтану шартын жасасқан адам.
      2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
      3. Сақтанушы сақтандырудың ерiктi түрi бойынша да, сондай-ақ мiндеттi түрi бойынша да сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.

          10-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен
                  қызметiнiң ерекшелiктерi. <*>
      1. Құрылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет министрлiгiнiң органдары жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары акционерлiк қоғам және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.
      3. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртiбi, оларды құрған кезде қойылатын қосымша талаптар, құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, бұл ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу, оларды қайта құру және тарату ерекшелiктерi, сондай-ақ олардың қызметiн реттеу (сақтандырушының шарттық қатынастарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына сақтандыруға жатпайтын немесе сақтандыру қызметiнiң нысанасынан тiкелей туындамайтын кәсiпкерлiк қызмет ретiнде (сауда және материалдық өндiрiс саласын қосқанда) мәмiлелер мен операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

      10-1-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi <*>

      1. Мемлекеттiк уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн коммерциялық ұйымдар сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi ретiнде өкiлеттiк етуге құқылы.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi сақтандырушы делдалдар болып табылады және сақтандырушы, қайта сақтандырушы тараптармен немесе үшiншi тұлғамен тиiстi шарттарда (келiсiмдерде) белгiленген талаптар шегiнде жауапкершiлiкте болады.
      3. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн (сақтандыру делдалдығын) жүргiзуге берген тиiстi лицензияның негiзiнде өз қызметiн жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
              1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

      11-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының капиталы <*>

      1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары

(акционерлерi) сатып алатын акцияларға тек қана ақша төлеуге мiндеттi.
     3. Құрылған сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының
жарғылық капиталына акционерлердiң меншiк капиталы шегiнде ақша салынуы
мүмкін.
     4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай 
құжаттарында жарияланған жарғылық капиталын олардың акционерлері бұл 
ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу кезiне төлеуге тиiс.
     ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 
              N 154 Заңымен.  

Z970154_

  
     ЕСКЕРТУ. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.07.16. N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         12-бап. Сақтандырылушылар
     1. Сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге
асырылатын тұлға.
     Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы сонымен бiрге
сақтандырылушы болып табылады.


      2. Мiндеттi сақтандыру туралы заңдарда сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Ерiктi сақтандыру кезiнде сақтанушылар сақтандыру шартында сақтандырылушы ретiнде үшiншi тұлғаны белгiлей алады. Мұндай жағдайларда не сақтандырылушының жеке басы мен оның осыған байланысты мүдделерi (сақтандырылушының жеке сақтандырылуы), не сақтандырылушының мүлкi мен оның мүлкiне байланысты мүдделерi (сақтандырылушының мүлiктiк сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады.
      Мүлiктi сақтандырған кезде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылушы осы мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс.
      Шарттың тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелiн, сондай-ақ кәсiпкерлiк тәуекелiн сақтандырған кезде сақтанушының өз тәуекелi ғана сақтандырылуы мүмкiн.
      3. Сақтандырылушы ретiнде белгiленетiн үшiншi тұлғаның шарт жасасуға келiсiмi талап етiлмейдi, алайда сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша бұл тұлғаның осы шарттың жасалуына қарсылық бiлдiруi оның жасалуын болдырмауға, ал егер ол жасалып қойған болса - шартты өзгертуге немесе бұзуға әкелiп соғады.
      Мүлiктiк сақтандыру кезiнде сақтанушы сақтандыру объектiсiн дәл белгiлей отырып, үшiншi тұлғаны оның мүлкiн немесе сонымен байланысты мүдделерiн сақтандырмақ ниетi туралы хабардар етуге мiндеттi.
      4. Егер сақтанушыда үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi бар болса, осы тұлға сақтанушының бұл мiндетiн орындауы туралы есеп беруiн талап етуге, ал заңда көзделген жағдайларда - өзiнiң сақтандырылғанын куәландыратын құжатты алуға хақылы.
      Сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру жөнiндегi өз мiндетiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған кезде, соңғысы осы Жарлықтың 6-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қолдануға хақылы.
      5. Егер кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған жағдайда оның құқықтары кәмелетке толмағандарға қатысты азаматтық заңдарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      6. Шарттың сақтандырылушының пайдасына жасалуы сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттерiн орындаудан босатпайды.
      Үшiншi тұлғаны сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады. Сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылушының мiндеттерi, сондай-ақ сақтанушының сақтандыру оқиғасының болуына байланысты туындайтын өз мiндеттерi сақтандыру шартымен белгiленедi. Сақтандырылушының сақтандыру шартынан туындайтын мiндеттерi туралы сақтанушы оған хабарлауға мiндеттi.
      7. Егер сақтандырылушы шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру өтемiн алудан бас тартқан жағдайда, сақтандыру өтемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi.
      8. Соған қатысты жеке сақтандыру шарты жасалған, сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, егер заңда немесе шартта сақтандырылушыны алмастыру көзделмеген болса, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
      Егер сақтандырылушының қазасы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру оқиғасы болып шықса, бұл шарт орындалуы арқылы тоқтатылады.
      Соған қатысты жеке сақтандыру шарты жасалған, сақтанушы болып табылмайтын сақтандырушы қайтыс болған жағдайда, сақтандырылушының құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсiмiмен, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру объектiсi болған осы мүлiк пен осы мүлiктiк құқықтардың мұрагерлерiне көшедi.
      Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылушыны алмастыруға келiспесе не мұрагерлерi оның құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, шарт тоқтатылуға жатады.
      9. Үшiншi тұлғаның (сақтандырылушының) пайдасына жасалған сақтандыру шартына азаматтық заңдардың үшiншi тұлғаның пайдасына жасалған шарт туралы ережелерiнiң осы Жарлықтың ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгi қолданылады.

          13-бап. Пайда алушылар
      1. Пайда алушы-шартқа немесе мiндеттi сақтандыру туралы заңға сәйкес сақтандыру өтемiн алушы болып табылатын тұлға.
      Заңды тұлға да, сол сияқты азамат та пайда алушы бола алады.
      Пайда алушы жеке, сондай-ақ мүлiктiк сақтандыру бойынша тағайындалуы мүмкiн.
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заңмен белгiленедi, ерiктi түрлерi бойынша оны сақтанушы тағайындайды.
      2. Егер мiндеттi сақтандыру туралы заңда немесе ерiктi сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.
      Егер сақтанушы сақтандырылушы болып табылмаса, онда сақтандырылушы пайда алушы болып табылады.
      Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылушы деп көзделедi.
      3. Кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру шарты бойынша тек қана сақтанушы пайда алушы бола алады, ол осымен бiр мезетте сақтандырылушы да болуға тиiс.
      4. Пайда алушының пайдасына жасалған мүлiктi сақтандыру шарты пайда алушының есiмiн немесе атауын көрсетпей-ақ жасалуы мүмкiн.
      Осындай шарт жасалған кезде сақтанушыға көрсетушiнiң атына жазылған сақтандыру куәлiгi (полис, сертификат және т.б.) берiледi. Бұл орайда осы құжатты сақтандырушыға көрсеткен адам пайда алушы деп танылады.
      5. Сақтандырылушы сонымен бiрге пайда алушы болып табылған жағдайда, оған осы Жарлықтың 12-бабында көзделген ережелер қолданылады.
      6. Сақтандырылушы болып табылмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқығынан бас тартқан жағдайда, оның құқығы сақтанушыға көшедi.
      Сақтандырылушы болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда, осы Жарлықтың 12-бабының 8-тармағында көзделген салдарлар iске қосылады.
      7. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттерiн орындаудан босатпайды.

                    3-тарау. Сақтандыру шарты

          14-бап. Сақтандыру шарты ұғымы
      1. Сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру төлемдерiн төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтанушыға сақтандыру өтемiн төлеуге мiндеттенедi.
      2. Сақтандыру iсi сақтандыру шарттарын жасасу және оларды орындау түрiнде жүзеге асырылады.

          15-бап. Сақтандыру шартының түрi
      1. Сақтандыру шарты жазбаша түрде:
      1) тараптардың бiр құжат жасауы;
      2) сақтандырушы бiр жақты тәртiппен жасаған (қосылу шарты) үлгi шарттарға (сақтандыру ережелерiне) сақтанушының қосылуы;
      3) сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлiгiн (полис, сертификат және т.б.) беруi жолымен;
      4) тараптардың шарт жасауға және оның барлық негiзгi талаптары бойынша келiсiмге келуiне ерiк бiлдiруiн құжатпен растауға мүмкiндiк беретiн басқа да жолмен жасалады.
      2. Жазбаша шарт нысанын сақтандырушы не тараптардың келiсiмi белгiлейдi.

          16-бап. Сақтандыру шартының мазмұны
      1. Сақтандыру шартында мыналар болуға тиiс:
      1) заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi және сақтандырушының банкiлiк реквизиттерi;
      2) сақтанушының тегi, аты және мекенжайы (егер ол жеке тұлға болса), атауы, орналасқан жерi және банкiлiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);
      3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
      4) сақтандыру оқиғасын көрсету;
      5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемiнiң мөлшерi, оны төлеу тәртiбi мен мерзiмi;
      6) сақтандыру төлемiнiң мөлшерi, оны төлеу тәртiбi мен мерзiмi;
      7) шарттың қолданылу мерзiмi;
      8) егер сақтандырылушы және пайда алушы сақтандыру қатынастарына қатысушылар болса, олар туралы көрсету.
      2. Тараптардың келiсiмi бойынша шартқа басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Егер сақтандыру шартында, заңда көзделгенмен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататын талаптар болса, заңда белгiленген ережелер қолданылады.

          17-бап. Сақтандыру шартының қолданылуы
      1. Сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн сақтанушы төлеген сәттен, ол оны мерзiмiн ұзарта отырып төлеген болса, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заңда өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
      2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заңда өзгеше көзделмесе, бiрiншi болған сақтандыру оқиғасы бойынша сақтандыру өтемi төленген сәттен бастап өзiнiң күшiн тоқтатады.
      3. Егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заңда өзгеше көзделмесе, сақтандыру тұрғысында қорғаудың қолданылу кезеңi шарттың қолданылу мерзiмiне тұспа-тұс келедi.
      4. Егер сақтандыру объектiсiнiң сипатынан өзге жағдай туындамаса немесе шартта көзделмесе, сақтандыру аумағы Қазақстан Республикасының аумағына сай келедi.

          18-бап. Сақтандырушының мiндеттерi
      1. Сақтандырушы:
      1) сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтандыру өтемiн осы Жарлықтың 22-бабының 3-тармағында көзделген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмде төлеуге;
      2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандырылған мүлiкке келтiрiлетiн залалдың алдын алу немесе оны азайту үшiн жасалған шығыстарының сомасын, егер мұндай шығыстар қажет болған болса немесе тiптi тиiстi шаралардан нәтиже шықпаса да, сақтандырушының нұсқауын орындау үшiн жасалса оған сақтандыру сомасының шегiнде өтеуге мiндеттi.
      Сақтандырушы сақтандыру оқиғасының зардабын азайту жөнiнде сақтанушының көрiнеу шара қолданбауы салдарынан пайда болған залал бөлiгiнде сақтандыру өтемiн төлеуден босатылады.
      3) сақтандыру нәтижесiнде өзi алған сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы, олардың денсаулық жағдайы туралы, сондай-ақ осы тұлғалардың мүлiктiк жағдайы (сақтандыру құпиясы) туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
      2. Сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

          19-бап. Сақтанушының мiндеттерi
      1. Сақтанушы:
      а) сақтандыру төлемдерiн осы Жарлықтың 21-бабының 2- тармағында көзделген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмде төлеуге;
      б) сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға болуы ықтимал сақтандыру оқиғасы мен одан шегiлетiн залалға (сақтандыру тәуекелiн) баға беру үшiн мәнi бар, өзiне мәлiм барлық жағдаяттар туралы хабарлауға, сондай-ақ шарт жасасқаннан кейiн осы тәуекелдiң ұлғайғаны туралы хабарлауға;
      в) сақтандырушыға шартта белгiленген мерзiм мен нысанда сақтандыру оқиғасы туралы хабарлауға және сақтандырылған мүлiктi аман алып қалу мен сақтау, сондай-ақ кiнәлi тұлғаға регресс (өтем) жасату құқығын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
      г) қосарлы сақтандыру кезiнде мүлiктi сақтандырудың осы объектiсi бойынша күшi бар басқа да шарттар туралы сақтандырушыны хабардар етуге мiндеттi.
      2. Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

          20-бап. Сақтандыру оқиғасы
      1. Сақтандыру оқиғасы - ол болған жағдайда сақтандыру шартында сақтандыру өтемiн төлеу көзделетiн уақиға.
      2. Мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру оқиғаларының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заңдармен, ал ерiктi сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
      3. Сақтандыру оқиғасы ретiнде қарастырылатын уақиғаның болуының ықтималдық және кездейсоқтық белгiлерi болуға тиiс.
      4. Сақтандыру оқиғасының болғанын, сондай-ақ одан келген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға жүктеледi.

          21-бап. Сақтандыру төлемдерi
      1. Сақтандыру төлемi - сақтандырғаны үшiн сақтанушының сақтандырушыға енгiзуге мiндеттi төлемi.
      Сақтандыру төлемдерiн төлеу мiндетi сақтандырылушыға немесе пайда алушыға заңдармен де, шартпен де жүктелуге тиiс емес.
      2. Сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерiнде олар заңдарда көзделген мөлшерден артпауға тиiс.
      Сақтандыру төлемдерiн төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңмен белгiленуi мүмкiн.
      3. Сақтандыру шарты бойынша төлеуге жататын сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн белгiлеген кезде тараптар сақтандыру объектiсi мен сақтандыру тәуекелiнiң сипатын ескере отырып, сақтандыру сомасының бiрлiгiнен алынатын төлем ставкасын белгiлейтiн сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру тарифтерiн қолдана алады.
      4. Сақтандыру жарнасы түрiнде сақтандыру төлемiнiң мерзiмiн ұзартып төлеу шартпен көзделуi мүмкiн.
      5. Сақтандыру жарнасын шартта белгiленген мерзiмде енгiзбеу, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың тоқталуына әкеп соғады.
      6. Сақтандырушы алған сақтандыру төлемдерi оған меншiк құқығымен, ал мемлекеттiк сақтандыру ұйымдары үшiн шаруашылық жүргiзу құқығымен тиесiлi болады.

          22-бап. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемi
      1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған ақшаның сомасы және ол сақтандыру оқиғасы болған жағдайдағы сақтандырушының мiндеттемелерiнiң шектi көлемi болып табылады. <*>
      2. Сақтандыру өтемi - сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтандырушының сақтандыру сомасы шегiнде сақтанушыға төлейтiн төлемi.
      3. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемiнiң мөлшерi шартпен белгiленедi. Сақтандыру мiндеттi түрлерiнде олар заңда белгiленген мөлшерден кем болмауға тиiс.
      Сақтандыру өтемдерiн төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша олар заңмен белгiленуi мүмкiн.
      4. Мүлiктi сақтандырған кезде сақтандыру сомасы шарттың жасалу сәтiндегi оның нақты құнын (сақтандыру құнынан) аспауға тиiс. Сақтандырушы өзiн сақтанушы қасақана шатастырғанын дәлелдегеннен басқа жағдайларда, тараптар сақтандыру шартында белгiленген мүлiктiң сақтандыру құнын даулай алмайды. Егер сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасы мүлiктiң сақтандыру құнынан асып кетсе, сақтандыру сомасының шарттың жасалу сәтiндегi мүлiктiң нақты құнынан асып кететiн бөлiгiнде шарт жарамсыз болып табылады.
      5. Мүлiктi сақтандыру, сондай-ақ жауапкершiлiктi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру өтемi сақтандыру оқиғасының болуы нәтижесiнде сақтанушы (сақтандырылушы) шеккен нақты залалдың мөлшерiнен аспауға тиiс.
      6. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру өтемi сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) оған әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мiндеттi медициналық сақтандыру бойынша, басқа да сақтандыру шарттары бойынша тиесiлi сомаларға қарамастан әрi зиянды өтеу тәртiбiмен төленедi.
      7. Мүлiктiк сақтандыру шартының талаптарымен сақтандыру өтемiн сақтандыру өтемi сомасының шегiнде заттай түрде залалдың өтемiмен алмастыру көзделуi мүмкiн.
      8. Сақтандыру өтемiн төлеген кезде сақтандырушы оған сақтанушыдан тиесiлi сақтандыру төлемдерiнiң есебiн жасауға хақылы.
      9. Сақтандырылушыға, сондай-ақ пайда алушы мен сақтанушының мұрагерлерiне тиесiлi жеке сақтандыру бойынша сақтандыру өтемi ол қайтыс болған жағдайда, мұрагерлiк мүлкiнiң құрамына енбейдi.
      ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
               N 154 Заңымен. Z970154_

          23-бап. Сақтандыру өтемiн уақтылы төлемегенi
                  үшiн сақтандырушының жауапкершiлiгi
      Сақтандыру өтемiн уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға), егер сақтандыру шартымен неғұрлым жоғары көлемдегi жауапкершiлiк көзделмесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабында (Жалпы бөлiм) көзделген мөлшерде айыпақы төлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
               N 154 Заңымен. Z970154_

          24-бап. Сақтандыру өтемiн төлеуден бас тарту
      1. Егер сақтандыру оқиғасы:
      1) қажеттi қорғаныс пен аса бiр қажеттiлiк жағдайында жасаған iс-әрекетiн қоспағанда, сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының сақтандыру оқиғасының туындауына не оның болуына ықпал етуге бағытталған қасақана iс-әрекетiнiң;
      2) сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының заңда белгiленген тәртiппен қасақана қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылған сақтандыру оқиғасымен себептi байланыстағы iс-әрекетiнiң ;
      3) егер әскери тәуекелдi сақтандыру шартта көзделмесе, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен осындай деп танылған әскери қимылдар мен соларға байланысты әскери сипаттағы шаралардың салдарынан орын алса, сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру өтемiн төлеуден толық немесе iшiнара бас тартуға хақылы. Әскери қимылдан туындайтын негiздер бойынша сақтандыру өтемiн төлеуден бас тартылған жағдайда сақтанушыға ол енгiзген сақтандыру төлемдерi қайтарылады.
      2. Сақтандырушының сақтандыру өтемiн төлеуден бас тартуына, сондай-ақ:
      1) сақтанушының сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру оқиғасы мен оның зардаптары туралы сақтандырушыға көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлауы;
      2) сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтанушының сақтандырылған мүлiктi құтқару жөнiнде, оған келетiн залалды сақтанушының болдырмауға мүмкiндiгi бола тұра, бiрақ қасақана алдын алмаған бөлiгiнде, шара қолданбауы;
      3) сақтанушының залал келтiруге кiнәлi тұлғадан мүлiктi сақтандыру бойынша залалдың тиiстi өтемiн алуы;
      4) сақтандырушының сақтандыру оқиғасының болу себептерiн тексеруiне және сақтандыру объектiсiне одан келген зиянының мөлшерiн анықтауына кедергi жасауы, сондай-ақ осы Жарлықтың 25-бабының 1-тармағының 2-бөлiгiнде көзделген жағдай;
      5) заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайлар негiз болады.
      3. Сақтандырушының сақтанушының жолсыз iс-әрекетiне орай оған осы бапта көзделген сақтандыру өтемiн төлеуден босату, осымен бiр мезетте сақтандырушыны сақтандырылушыға немесе пайда алушыға сақтандыру өтемiн төлеуден босатады.
      4. Сақтандыру шартының талаптарымен, егер ол заңға қайшы келмесе, сақтандыру өтемiн төлеуден бас тарту үшiн басқа да негiздер көзделуi мүмкiн.
      5. Сақтандыру өтемiн төлеуден бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және бас тарту себебiнiң дәлелдi негiздемесiмен сақтанушыға жазбаша түрде хабарлайды.
      6. Сақтанушының сақтандыру өтемiн төлеуден бас тартуына сақтандырушы сотқа шағым жасай алады.

          25-бап. Регрестiк (керi) талап қою құқығы
      1. Мүлiктiк сақтандыру бойынша сақтандыру өтемiн төлеген сақтандырушыға осы сома шегiнде сақтанушының (сақтандырылушының) келтiрiлген зиян үшiн жауапты адамға қоятын регрестiк талап қою құқығы көшедi. Сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру өтемiн алған кезде сақтандырушыға осы талап қою құқығын жүзеге асыру үшiн қажеттi қолындағы барлық құжаттарды бередi.
      Сақтанушы аталмыш адамға кiнә тағудан немесе оған талап қоюдың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн құқықтан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға регрестiк талап қою үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартқан жағдайда, сақтандырушы регрестiк талап қою тәртiбiмен зиян келтiрушiден өндiрiп ала алатын сомаға сақтандыру өтемiн төлеуден босатылады.
      2. Сақтанушы сақтандыру өтемiнiң сомасы көлемiнен артық зиян келтiргенi үшiн жауапты адамға талап қою құқығын, беруге, сондай-ақ осы адамға қойылатын өзге де талаптарды сақтандырушыға беруге хақылы. Бұл құқықтың ауысуы сақтандыру шартында көзделуi мүмкiн.
      3. Сақтанушы сақтандыру оқиғасы болғаннан кейiн сақтандырушының келiсуiмен оған өзiнiң сақтандырылған мүлiкке құқығын бере алады әрi сақтандыру сомасының толық көлемiндегi сақтандыру өтемiн ала алады.

          26-бап. Сақтандыру шартын тоқтату
      1. Азаматтық кодексте көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар сақтандыру шарты мынадай:
      1) сақтандыру объектiсi жойылған кезде:
      2) сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылушы қайтыс болғанда оны ешкiм алмастырмаған (осы Жарлықтың 12-бабының 8-тармағы);
      3) сақтанушы мүлiктi сақтандыру объектiсiн басқаға бергенде, егер сақтандырушы сақтанушыны алмастыруға қарсылық бiлдiрген, ал шартпен немесе заңдармен өзгеше белгiленбеген (осы Жарлықтың 28-бабының 1-тармағы);
      4) егер шартпен өзгеше көзделмесе (осы Жарлықтың 22-бабының 5-тармағы), сақтанушы кезектi сақтандыру жарналарын белгiленген мерзiмде енгiзбеген;
      5) Егер мiндеттi сақтандыру туралы шартпен немесе заңдармен өзгеше көзделмесе (осы Жарлықтың 17-бабының 2-тармағы), сақтандырушы алғашқы болған сақтандыру оқиғасы бойынша сақтандыру өтемiн төлеген жағдайларда тоқтатылады.
      2. Егер бұл сақтандыру шартының талаптарымен, сондай-ақ тараптардың келiсiмi бойынша көзделген болса, сақтандыру шарты сақтанушының немесе сақтандырушының талап етуi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, тараптар сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату ниетi туралы бiрiн-бiрi сақтандыру шартын тоқтатудың көзделiп отырған күнiнен кемiнде 30 күн бұрын хабардар етуге мiндеттi.
      3. Сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтанушының талап етуi бойынша сақтандырушы өзiнiң жұмсалған шығыстарын шегерiп тастап, оған шарттың бiтпеген мерзiмi үшiн сақтандыру төлемдерiн төлейдi; егер сақтанушының талаптары сақтандырушының сақтандыру шартын бұзуымен байланысты болса, онда соңғысы сақтанушы төлеген сақтандыру төлемдерiн оған толығымен қайтарады.
      Сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған ретте сақтандырушының талап етуi бойынша ол сақтанушыға оның төлеген сақтандыру төлемдерiн толығымен қайтарады; егер сақтандырушының талаптарын орындамауымен байланысты болса, онда ол жұмсалған шығыстарын шегерiп тастап, сақтанушыға шарттың бiтпеген мерзiмi үшiн сақтандыру төлемдерiн қайтарады.
      4. Сақтандырушының қайтыс болуына байланысты шарт тоқтатылған ретте сақтандырушы сақтанушыға жұмсалған шығыстарын шегерiп тастап, шарттың бiтпеген мерзiмi үшiн сақтандыру төлемдерiн қайтарады.

          27-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
      Мәмiлелер жарамсыздығының Азаматтық кодексте көзделген жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты ол жасалған сәттен бастап мынадай жағдайларда, егер:
      1) шарт жасалған кезде сақтандыру объектiсi болмаса;
      2) сақтанушының құқыққа қайшы мүдделерi сақтандыру объектiсi болып табылса;
      3) сақтандыру объектiсi заңды күшiне енген соттың тиiстi шешiмiнiң негiзiнде тәркiленуге жататын мүлiк не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыс заты болып табылатын мүлiк болса;
      4) сақтандыру оқиғасы ретiнде ықтимал және кездейсоқ болу белгiлерiнен ада (осы Жарлықтың 20-бабының 3-тармағы) әрi ол сөзсiз және объективтi түрде болуға тиiс, бұл жайында тараптар, ең болмағанда сақтанушы көрiнеу бiлген уақиға көзделсе;
      5) сақтанушы шарт жасасқан кезде, көрiнеу заңсыз пайда табу мақсатын көздесе, соның iшiнде шарт сақтандыру оқиғасы болып өткеннен кейiн жасалса, жарамсыз деп саналады.

          28-бап. Сақтанушыны алмастыру
      1. Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда, сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi осы мүлiктi мұрагерлiк тәртiбiмен қабылдап алушы тұлғаға көшедi. Меншiк құқықтарын ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi, егер шартпен немесе заңдармен өзгеше белгiленбесе, жеке меншiк иесiне сақтандырушының келiсiмiмен көшедi.
      2. Сақтандырылушының пайдасына жеке басын сақтандыру шартын жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартпен белгiленген құқықтар мен мiндеттер, сақтандырылушыға оның келiсiмiмен көшедi.
      3. Егер сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде сақтанушыны сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныса, мұндай сақтанушының құқықтары мен мiндеттерiн оның қорғаншысы жүзеге асырады. Бұл ретте үшiншi тұлғалар алдындағы сақтанушының жауапкершiлiгiн сақтандыру азаматты iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған сәттен бастап аяқталады.
      4. Заңды тұлға болып табылатын сақтанушы қайта құрылған ретте, сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде оның осы шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi сақтандырушының келiсiмiмен Азаматтық заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тиiстi құқықтық мұрагерiне көшедi.

          29-бап. Сақтандырылушыны алмастыру
      1. Келтiрiлген зиян үшiн азаматтық жауапкершiлiк тәуекелiн сақтандыру шарты бойынша сақтанушыдан өзге тұлғаның жауапкершiлiгi сақтандырылатын болса, сақтанушы, шартта өзгеше көзделмегендiктен, бұл туралы сақтандырушыны жазбаша түрде хабардар ете отырып, сақтандыру оқиғасы болғанға дейiн кез келген уақытта бұл тұлғаны басқа тұлғамен алмастыруға хақылы.
      2. Сақтанушы болып табылмайтын, жеке басын сақтандыру, сондай-ақ мүлiктi сақтандыру шартында аталған сақтандырылушы оның өзiнiң және сақтандырушының келiсiмiмен ғана басқа адамнан алмастырылуы мүмкiн.
      3. Егер үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндеттi сақтандыру туралы заңдардың талаптарынан туындаса, сақтандырылушыны алмастыру аталған заңдарда және оған негiзделген шартта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

          30-бап. Пайда алушыны алмастыру
      1. Сақтанушы сақтандыру оқиғасы болғанға дейiн сақтандырылушы болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде сақтандырушыны жазбаша түрде хабардар ете отырып, басқа тұлғамен алмастырылуға хақылы.
      2. Пайда алушы өзiнiң сақтанушымен жасасқан келiсiмiнен туындайтын сақтандыру шарты бойынша белгiлi бiр мiндеттердi орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру өтемiн төлеу туралы талап қойғаннан кейiн оны басқа тұлғамен алмастыруға болмайды.
      3. Сақтандырылушы болып табылатын пайда алушыны алмастыру осы Жарлықтың 29-бабында көзделген тәртiп бойынша жүргiзiледi.

          31-бап. Қосарлы сақтандыру
      1. Қосарлы (көп мәрте) сақтандыру-бiр ғана объектiнi бiрнеше сақтандырушыда сақтандыру.
      2. Мүлiктi қосарлы сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушыға онымен жасасқан шартқа сәйкес сақтандыру өтемiн төлейдi, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру өтемдерiнiң жалпы сомасы нақты залалдан аспауға тиiс.
      Бұл ретте сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасасқан шартта көзделген сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандыру өтемiн алуға хақылы. Егер алынған сақтандыру өтемi нақты залалды өтей алмаса, сақтанушы жетпейтiн соманы басқа сақтандырушылардан алуға хақылы.
      Келтiрiлген залалды басқа сақтандырушылардың өтеуiне байланысты сақтандыру өтемiн төлеуден толығымен немесе iшiнара босатылған сақтандырушы өзiнiң жұмсаған шығыстарын шегерiп тастап, сақтандыру төлемдерiнiң тиiстi бөлiгiн сақтанушыға қайтаруға мiндеттi.
      3. Бiр ғана объект әр түрлi сақтандырушыда, олардың әрқайсысымен өздерiнiң сақтандыру оқиғасы бойынша қосарлы сақтандырылған ретте, сақтандыру жауапкершiлiгiн болып өткен сақтандыру оқиғасын қамтитын шарт жасасқан сақтандырушы мойнына алады.
      4. Жеке басын қосарлы сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушы алдындағы өзiнiң сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағанына қарамастан, өз бетiнше орындайды.

          32-бап. Топтық сақтандыру
      1. Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шарты осымен бiр мезгiлде пайда алушылар болып табылатын бiрнеше сақтандырылушыны қамтиды.
      2. Топтық сақтандыру жеке де, мүлiктiк те, дербестелген де, сондай-ақ адамдардың белгiлi бiр санатын қамтитын топталған де сақтандыру болуы мүмкiн.
      Топталған сақтандыру кезiнде сақтандырушылардың тобы сақтандыру шартында сақтандыру оқиғасын, әрбiр сақтандырылушыға қатысты оның зардаптарын және оған сақтандыру өтемiн төлеудiң мөлшерiн даралау үшiн қажеттi дәрежеде нақтыландырылуға тиiс.
      3. Жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке басты сақтандыру болуы мүмкiн.

          33-бап. Ортақ сақтандыру
      1. Бiрнеше сақтандырушы бiрлесiп сақтандыру объектiсiн бiр шарт бойынша сақтандыруы мүмкiн (ортақ сақтандыру). Бұл ретте шартта әрбiр сақтандырушының келiсiлген үлесте құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн талаптар болуға тиiс.
      2. Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ сақтандырушылар келiсiмдер негiзiнде қарапайым серiктестiктер (сақтандыру пулдерiн) құруы мүкiн.
      3. Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келiсiм болған жағдайда олардың бiреуi сақтанушы алдында тек өз үлесiнде жауапты болып қала отырып, онымен өзара қарым қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардың өкiлi бола алады.

          34-бап. Қайта сақтандыру
      1. Сақтандырушы қайта сақтандыру арқылы сақтанушы алдындағы өз мiндеттемелерiнiң баршасын немесе бiр бөлiгiн орындау тәуекелiнiң басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) өтелуiн қамтамасыз етуге хақылы.
      Шетел сақтандырушысында (қайта сақтандырушысында) қайта сақтандырушының өз мiндеттемелерiнiң үлесi (өзiне ұсталып қалатыны) мiндеттемелерiнiң жалпы көлемiнiң кемiнде 5 процентiн құрауға тиiс.
      2. Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы (қайта сақтанушы) сақтанушы алдында онымен жасасқан сақтандыру шартына сәйкес толық көлемде жауапты болып қалады.
      3. Қайта сақтандыру шарттары қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушының шартымен белгiленедi.
      Қайта сақтандыру шарты осы Жарлықта сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай келуге тиiс.
      4. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде қарапайым серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдерiне) бiрiге алады.
      5. Осы Жарлықта белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының сақтандырушыларында (қайта сақтандырушыларында) да, сол сияқты шетелдiк сақтандырушыларда (қайта сақтандырушыларда) да тәуекелдердi қайта сақтандыруға болады.

     4-тарау. Сақтандырушының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету

         35-бап. Сақтандырушылардың қаржылық орнықтылығын
                 қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттары <*>

      1. Сақтандырушы өзiнiң қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттарына: меншiктi капиталы мен сақтандыру резервтерiнiң қажеттi мөлшерде болуы сақтандырушының жекелеген шарт бойынша ең төменгi мiндеттеме нормативiн сақтауы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi орындау жатады.
      2. Сақтандырушының меншiктi капиталы сақтандырушының сақтандыру резервтерi мен басқа да мiндеттемелерi (кредиторлық борышы) сомасын шығарып тастағаннан кейiнгi барлық активтерiнiң құны ретiнде белгiленедi. Сақтандырушылардың активтерiнiң көлемiн анықтау әдiсiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Сақтандыру резервтерi сақтандыру төлемдерiнiң есебiнен құралады. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру тәртiбi мен мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

          36-бап. Сақтандырушының жарғылық капиталы <*>
      1. Сақтандырушының жарғылық капиталы:
      а) сақтандырушының қызметiн қаржыландыруға;
      в) сақтандыру өтемдерiн төлеуге арналады.
      2. Сақтандыру ұйымының қатысушыларына жарғылық капиталдың

есебiнен дивидендтер мен өзге де сыйақылар төлеуге тыйым салынады.
     ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.   
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         37-бап. Сақтандыру резервтерiн орналастыру
     1. Сақтандыру резервтерi сақтандыру шарты бойынша
сақтандырушының өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етуге
ғана арналады.
     2. Сақтандыру резервтерін орналастыруды сақтандырушылар бағалы
қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе
отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
<*>

     3.
<*>

     4.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 
              N 154 Заңымен.  

Z970154_

  
     ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.     
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

     38-бап. Сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер 
<*>

     


      1. Сақтандырушының, сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке шарты бойынша қайта сақтандырушының міндеттемелерінің ең жоғарғы көлемі меншікті капиталы мен сақтандыру резервтерi сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
      2. Егер сақтандырушы немесе қайта сақтандырушы аталған

нормативтен асыра отырып мiндеттемелер қабылдаған жағдайда, олардың
артық бөлiгi қайта сақтандырылуға тиiс.
     3. Уәкілеттi мемлекеттiк орган сақтандырушылар мен қайта 
сақтандырушылар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгiлеуге 
құқылы.
     
     ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. 
              N 154 Заңымен.  

Z970154_

  
     ЕСКЕРТУ. 38-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.07.16. N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

     39-бап. Есеп және есеп беру 
<*>

     
     Сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың, сақтандыру және
қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге де
есеп берулерiнiң тiзбесiн, нысанын, мерзiмiн, сондай-ақ олардың жылдық
есептi жариялау мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
     
     ЕСКЕРТУ. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1997.06.02. N 115-I Заңымен.  

Z970115_

  
     ЕСКЕРТУ. 39-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының           
              1999.07.16. N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         5-тарау. Сақтандыру қызметiн жүзеге
                  асыруды мемлекеттiк қадағалау

          40-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу және
              қадағалау мiндеттерi 
<*>

     


      1. Сақтандыру қызметi мен сақтандыруды қадағалауды мемлекеттiк реттеу мiндеттерi Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру қызметiнiң өзге де субъектiлерi клиенттерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, өздерi өткiзетiн сақтандыру мәмiлелерi мен операцияларының сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру рыногының субъектiлерi үшiн арнайы талаптар, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi үшiн мiндеттi нормативтер белгiлеу болып табылады.
      2. Сақтандыру қызметiн реттеудi және оны сақтандыруды қадағалауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      ЕСКЕРТУ. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

          41-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның функциялары <*>
      Уәкілетті мемлекеттік органның функциялары: <*>
      1) сақтандыру қызметiнің түрін жүзеге асыруға лицензиялар беру; <*>
      2) сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етудің ең төменгі шарттарын сақтауды бақылау; <*>
      3) мiндеттi сақтандыру туралы заң талаптарын заңды тұлғалар мен азаматтардың орындауын бақылау;
      4) сақтандырушылар қолданылатын сақтандыру шарттары мазмұнының заң талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырушы ретiнде шетелдiк сақтандыру компанияларының қызметiне жол берiлмейтiндiгi туралы заң талаптарының сақталуын бақылау;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұруды қоса алғанда, сақтандырушылардың, қайта сақтандырушылардың, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң сақтандыру қызметiн реттеу және оны қадағалау; <*>
      6-1) осы Жарлықта көзделген мәселелер бойынша рұқсаттар мен келiсiмдер беру; <*>
      6-2) Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сақтанушылардың (сақтандырылғандардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдау; <*>
      6-3) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау орталық органдарымен халықаралық және өзге де сақтандыру ұйымдарымен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

          42-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтары <*>
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның: <*>
      1) сақтандырушылардан сақтандыру қызметi туралы белгiленген есептi алуға;
      2) сақтандырушылардың сақтандыру туралы заңдарды сақтауына тексеру жүргiзуге;
      3) шетел қатысатын кәсiпорындарды қоса алғанда, сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру туралы заңдарды сақтауына тексеру жүргiзуге;
      4) осы Жарлық пен азаматтық заңдардың талаптарына қайшы келетiн сақтандыру, ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыздармен сотқа жүгiнуге;
      5) сақтандырушыларға, заңды тұлғалардың басшыларына сақтандыру туралы заң талаптарын сақтау не оны бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы атқарылуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; <*>
      6) сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның күшiн тоқтата тұруға;
      7) соттарда айыппұл салу туралы, сондай-ақ осы Жарлықта көзделген негiздер бойынша лицензияларды керi қайтарып алу туралы iстер қозғауға құқығы бар.
      7-1) сақтандыру ұйымдары мен басқа сақтандыру қызметi субъектілерiнiң мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiн шығаруға; <*>
      7-2) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және пайдалану тәртiбiн белгiлеуге, сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың қаржылық жай-күйiн бағалау әдiсiн, сондай-ақ олардың қызметiнiң нәтижесiн анықтауға; <*>
      7-3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерiн белгiлеуге; <*>
      7-4) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және тарауына, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiктерiн республика аумағында және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде де ашуға рұқсат беруге; <*>
      7-5) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының Басқарма төрағалары мен мүшелерi, бас бухгалтерлерi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қызметiне адамдар сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруге немесе келiсiм беруден бас тартуға; <*>
      7-6) сақтандыру қызметiн дербес немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асыратын ұйымдарға тексеру жүргiзуге (инспекциялауға); <*>
      7-7) сақтандыру рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алып отыруға; <*>
      7-8) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептерiнiң тiзбесiн, нысанын, тапсыру мерзiмiн белгiлеуге; <*>
      7-9) сақтандыру статистикасын, сақтандыру рыногының жай-күйiне экономикалық талдау әзiрлеу үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтары мен бiрлестiктерiнен, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алуға; <*>
      7-10) заңдарда көзделген негiздемелер бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiне берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұру туралы шешімдер, сондай-ақ сотта қарау тәртiбiмен олардың қызметiн тоқтату туралы шаралар қабылдауға құқығы бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

          43-бап. Сақтандыру қызметiн лицензиялау
      1. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензия бар болған жағдайда рұқсат етiледi.
      Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаларға ғана берiлуi мүмкiн.
      2. Сақтандыру қызметiнiң түрлерiн жүзеге асыруға лицензияларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi. <*>
      3. Өмiрдi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына алған сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiнiң ешқандай өзге түрiмен айналысуға хақы жоқ.
      4. Лицензия мерзiмсiз болып табылады және Қазақстан Республиканың бүкiл аумағында қолданылады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандырушы (қайта сақтандырушы) мәртебесiне және лицензия алған кезден бастап сақтандыру қызметiн жүргiзу құқығына ие болады. <*>
      6. Сақтандыру агентiнiң, қызметi, сондай-ақ сақтандыру тәуекелдерiн, сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн бағалаумен сақтандырушылар мен сақтандырушыларға консультациялық және зерттеу қызметтерiн көрсетумен байланысты iс-әрекет лицензиялауды талап етпейдi. <*>
      7. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялау тәртiбi мен шарты, сондай-ақ бұл ретте оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi. <*>
      8. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлетiн лицензияның

нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. 
<*>

     9. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру қызметiн жүргiзуге лицензия
берiлген сақтандыру ұйымдары туралы деректердi: 
<*>

     - сақтандыру ұйымының атауы мен орналасқан жерiн;
     - оның ұйымдық-құқықтық нысанын;
     - лицензия берiлген күндi, оның нөмiрiн, лицензия берiлген
сақтандыру түрлерiн көрсете отырып жариялайды.
     ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         44-бап. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi
     Лицензия беру туралы өтiнiш оның уәкiлеттi мемлекеттiк органға келiп
түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         45-бап. Лицензия берiлген үшiн алым
     Лицензиялық алым мөлшерi мен оны төлеудiң тәртiбi Қазақстан
Республикасының салық заңдарымен белгiленедi.

         46-бап. Лицензия беруден бас тарту
     1. Мынадай негiздер бойынша:


      - егер өтiнiш берушi осы Жарлықта немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тиiстi құжаттарды беру жөніндегі талаптарды орындамаса; <*>
      - егер лицензия алу үшiн осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлға өтiнiш берсе;
      - егер сақтандыру ұйымының басшысына қатысты оның сақтандыру немесе қайта сақтандыру қызметiмен айналысуына тыйым салатын сот шешiмi бар болса; <*>
      - егер сақтандыру қызметі субъектiсiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру жөнiндегi шарттар орындалмаса не оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттары сақталмаса; <*>
      - егер лицензиар берген құжаттар (шарттық сақтандыру құжаттамасының үлгiлерi - сақтандыру түрлерi бойынша iшкi ережелер, шарт нысандары және сақтандырудың өзге де талаптарын өзінiң мазмұны бойынша заңдардың талаптарына сай келмесе, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. <*>
      2. Лицензия беруден бас тартылған ретте өтiнiштi қарау үшiн белгiленген мерзiмде бас тартылу себептерi көрсетiле отырып, өтiнушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      2-1. Сақтандырушыға және қайта сақтандырушыға сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қосымша түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартудың негіздемесі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

          47-бап. Заңдарды бұзушылықты жою туралы ұйғарым
      Сақтандыру туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы ұйғарымды сақтандырушы осы ұйғарымда белгiленген мерзiмде орындауға тиiс, ол бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органның түрде хабарлауға мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16.
               N 436 Заңымен. Z990436_

          48-бап. Лицензияның күшiн тоқтата тұру
      1. Лицензияның күшiн тоқтата тұру уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiмен жүргiзiледi. <*>
      2. Лицензияның күшiн тоқтата тұру сақтандырушының осы тоқтатыла тұру уақытында кез келген жаңа сақтандыру шарттарын жасасуына тыйым салуға әкеп соғады.
      3. Лицензияның күшi мынадай:
      1) анықталған сақтандыру туралы заңдарды бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым орындалмаған;
      2) сақтандырушы қаржылық орнықтылықтың ең төменгi шарттарының бiреуiн болса да орындамаған; <*>
      3) сақтандырушы мiндеттi сақтандыру жөнiндегi шарттарды сақтандырудың осы түрiн реттеу ұйғарылған нормативтiк құқықтық актiмен салыстырғанда сақтандырушы үшiн тиiмсiз талаптармен жасасқан; <*>
      4) сот шешiмi бойынша бұзылған, құқыққа қайшы сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары жасалған; <*>
      5) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданған мiндеттемелердi жүйелi түрде орындамаған; <*>
      6) сақтандырушының қызметiн тексеруге байланысты өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган сұратқан құжаттарды табыс етуден ол бас тартқан; <*>
      7) лицензия беру үшiн негiз болған құжаттарда күмәндi немесе көрiнеу бұрмаланған ақпаратты беру фактiсi анықталған; <*>
      8) осы Жарлықтың 46-бабына сәйкес лицензия беруден бас тарту үшiн негiз бола алатын жағдаяттар туындаған жағдайларда 6 айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      4. Лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмде мұндай шешiмнiң себептерi және лицензияның күшiн тоқтата тұру мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      5. Лицензияның күшi мұндай шешiм орындау үшiн лицензиардың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. <*>
      6. Лицензияның күшiн тоқтата тұруға себеп болған жағдаяттар жойылған ретте лицензияның күшi қалпына келтiрiледi.
      6-1. Қайта сақтандыру ұйымы (тек қана қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын) лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру осы баптың 3-тармағының 1), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында белгiленген негiздемелер бойынша жүргiзiледi; <*>
      6-2. Сақтандыру немесе қайта сақтандыру брокерлерi лицензияларының қолданылуы осы баптың 3-тармағының 1), 4), 7) және 8) тармақшаларында белгiленген негіздемелер бойынша тоқтатыла тұрады; <*>
      ЕСКЕРТУ. 48-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан
               Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_

          49-бап. Лицензияның қайтарып алу және оның күшiн тоқтату
      1. Сақтандырушы лицензияның күшiн тоқтата тұруға негiз болған жағдаяттарды белгiленген мерзiмде жоймаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензияны қайтарып алу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге хақылы. <*>
      Лицензияны қайтарып алу туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап лицензия өзiнiң күшiн тоқтатады.
      2. Сақтандыру ұйымы таратылған ретте лицензия таратылған сәттен бастап өз күшiн жойған деп танылады.
      3. Сақтандыру ұйымы таратылған немесе лицензия қайтарып алу туралы шешiм қабылданған ретте сақтандырушы берiлген лицензияны 5 күн мерзiм iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға мiндеттi. <*>
      3-1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын өз еркiмен тарату осы Жарлықта көзделген шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
      Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын өз еркімен

таратылу тәртібі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық 
актілерінде белгіленеді.
<*>

     3-2. Қайта сақтандыру ұйымына, сақтандыру немесе қайта сақтандыру 
брокерiне берiлген лицензияны оларды мәжбүрлеп тарату кезiнде қайтарып алу 
және қолданылуын тоқтату осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген 
тәртiппен жүргiзiледi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         50-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған немесе оны 
                 қайтарып алған ретте сақтандырушының бұрын қабылдаған     
 
                 мiндеттемелерiн орындауы
     Лицензияны тоқтата тұрған немесе қайтарып алған сәттен
бастап, бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған
мiндеттемелерiн олардың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн
орындауын қоспағанда, сақтандырушының тыйым салынған сақтандыру
қызметiн жүзеге асыруға хақы жоқ.
     ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         51-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамдарының 
                 сақтандырушының коммерциялық құпиясы мен сақтандыру 
                 құпиясын сақтауы 
<*>
 


      Өз қызметiн жүзеге асыру барысында уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарына мәлiм болған сақтандырушының коммерциялық құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ сақтандыру құпиясына жататын сақтанушылар (сақтандырушылар) туралы мәлiметтердi аталған адамдардың қандай да болмасын нысанда жария етуге хақы жоқ. <*>
      Құпияны жария еткен ретте уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды

адамдары заңдарда белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         52-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмдерiне шағым жасау 
<*>

     Уәкiлеттi мемлекеттiк органға лицензияны беруден бас тарту туралы не
оны тоқтата тұру туралы шешiмiне, сондай-ақ заң бұзушылықтарды жою туралы 
ұйғарымына сақтандырушылар алты ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының 
соттарына шағым бере алады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 52-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

         53-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
                туралы және оны күшiне енгiзу  тәртiбi туралы
     1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Сақтандыру

туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар
Жарлығына сәйкестендiрсiн;
     Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволары мен 
мемлекеттiк комитеттерiнiң аталған Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк 
құқықтық актiлерін қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз ететiн болсын.
<*>

     2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     ЕСКЕРТУ. 53-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. 
              N 436 Заңымен.  

Z990436_

  

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      



Дата изменения акта:  18.12.2000
Дата принятия акта:  03.10.1995
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  2475
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003015000000
Форма акта:  УКАЗ / УЗАК
Юридическая сила:  0450
Язык акта:  kaz