05.03.1993

Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

      Агроөнеркәсiп кешенiнiң экономикасын тұрақтандыру, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдарға /II-кезең/ арналған мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасына сәйкес кең көлемдегi жекешелендiру үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау, нарықтық инфрақұрылымды жеделдете қалыптастыру мен қолдағы өндiрiстiк әлеуеттi тиiмдi пайдалану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 8 ақпандағы N 616 Жарлығын /Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 4, 56-бап/ дәйектеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның аумақтық комитеттерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және басқа мүдделi ұйымдарының, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарының қатысуымен 1993-1995 жылдары агроөнеркәсiп кешенi кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудi аяқтайтын болсын.
      2. Совхоздардың және басқа мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру меншiк иесiнiң инициативасы бойынша негiзiнен еңбек ұжымдарының мүшелерiне әркiмнiң мүлiктiк үлесiн /пай/ анықтап сату жолымен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      Жекешелендiрiлетiн шаруашылықтардың қызметкерлерi мен зейнеткерлерi мүлiктi сатып алған кезде оларға есептелген тұрғын үй купондарын төлем қаржысы есебiнде пайдалануына болады. Бұл ретте ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн сату бағасының 75 процентiне дейiнiн осы купондармен төлеуге болады. Мүлiктiк пайдың иелерiне меншiк құқы туралы куәлiк берiледi.
      Пай иелерi жер мен мүлiктiк пайларды ерiктi бiрiктiру арқылы, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсiпорындарының құрылымдық бөлiмдерiнiң /бөлiмшелерiнiң, бригадаларының, фермаларының, цехтарының/ негiзiнде заңды ұйым құқы бар жеке меншiкке негiзделген шағын кәсiпорындар, ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативтерiн, шаруа қожалықтарын және олардың бiрлестiктерiн құра алады. Осы мақсатпен мүлiктiк пайлардың иелерi арасында айырбас жасауға, сондай-ақ оны шаруашылық iшiнде сатуға рұқсат етiледi.
      Қалыптасқан өндiрiстiк байланыстарды сақтау, жалпы инфрақұрылымды ұтымды пайдалану, кейбiр шаруашылық функцияларын бiрлесiп орындау үшiн бұл құрылымдар ерiктi негiзде ассоциацияларға немесе бiрлестiктерге бiрiге алады.
      3. Совхоздарды және басқа мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын /акцияландырылуда тиiстi iрi мал шаруашылығы кешендерiнен, құс фабрикаларынан, жылыжай шаруашылықтарынан, жоғары оқу орындары мен техникумдардың оқу-тәжiрибе шаруашылықтарынан, тәжiрибе, селекция станцияларынан, асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал совхоздарынан, ғылыми-зерттеу институттарының тәжiрибе-эксперименттiк шаруашылықтарынан басқаларын/ жекешелендiрген кезде шаруа қожалығын ұйымдастыру үшiн белгiленген тәртiппен жер үлесi мен мүлiктiк пайын бөле отырып, қызметкердiң кәсiпорыннан сөзсiз шығу құқы қамтамасыз етiлуге тиiстi.
      4. Агроөнеркәсiп кешенiнiң дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындары қайта құрудың негiзгi нысаны ретiнде солардың негiзiнде ашық тұрпаттағы акционерлiк қоғамдар құру арқылы акцияландыру деп танылсын. <*>
      Акцияларды орналастырудың мынадай тәртiбi белгiленсiн /монополист-кәсiпорындардан басқасы/:
      а/ жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 51 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады <*> ;
      ә/ акциялардың 10 процентi ұжым мүшелерiне, сондай-ақ сол кәсiпорындардан зейнеткерлiкке шыққан адамдарға өтеусiз берiледi. Осы акциялардың бәрi артықшылықты болып табылады;
      б/ акциялардың 10 процентiне дейiнгi сабақтас кәсiпорындарға қойылған құны бойынша сатылуы мүмкiн;
      в/ қалған акциялар мемлекет меншiгiнде қалдырылады және еркiн саудада өткiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.10.19. N 2553 Жарлығымен.
      5. Монополист-кәсiпорындарға акциялар мынадай тәртiппен орналастырылады:
      а/ жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 40 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады; <*>
      ә/ акциялардың 10 процентi еңбек ұжымының мүшелерiне, сондай-ақ сол кәсiпорыннан зейнеткерлiкке шыққан адамдарға өтеусiз берiледi. Осы акциялардың бәрi артықшылықты болып табылады;
      б/ акциялардың 10 процентке дейiнi сабақтас кәсiпорындарға және шет ел инвесторларына сатылуы мүмкiн;
      в/ акциялардың бақылау пакетi /акциялардың жалпы санының кемiнде 35 процентi/ және бөлiнбеген акциялар мемлекет меншiгiнде қалдырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi комитетi акциялардың мемлекеттiк пакетiн ұстаушыны анықтайды.
      Ескерту. 5-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.10.19. N 2553 Жарлығымен.
      6. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, 1993 жылғы 1 сәуiрге дейiн агроөнеркәсiп кешенiндегi монополист-кәсiпорындарды анықтаудың арнаулы ережесiн әзiрлейтiн болсын.
      Мемлекет меншiгiндегi акцияларға есептелетiн дивидендтер, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шешiмi бойынша құрылысқа, акционерлендiрiлген агроөнеркәсiп кәсiпорнын жаңғырту мен техникалық жарақтандыруға жұмсалуы мүмкiн деп белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарының қатысуымен шағын жекешелендiру бағдарламасының шегiнде халыққа фирмалық қызмет көрсетудi дамыту үшiн сауда мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне сату жөнiнде арнаулы конкурстар өткiзiлуiн көздейтiн болсын.
      8. <*>
      Ескерту. 8-шi тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң
               1995.10.19. N 2553 Жарлығымен.
      9. Бұрын ұжымдық меншiкке берiлген кәсiпорындар Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес шаруашылық серiктестiктерi немесе акционерлiк қоғамдар етiп қайта құруға жатады.
      10. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң және басқа агроөнеркәсiп кешенi ведомстволарының келiсуi бойынша жүргiзiлетiн өзгерiстердi ғылыми қамтамасыз ету және консультация беру жүйесiн, реформаланған шаруашылықтар мен кәсiпорындарда өндiрiстiң басқарылуын қамтамасыз етудiң нақты тетiктерiн пысықтау

жүктелсiн.
     11. Осы Жарлықтың қабылдануына байланысты Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл
шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi
кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы"
1992 жылғы 8 ақпандағы N 616 Жарлығының 3,4,5 және 12-тармақтарының
күшi жойылған деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      



Дата изменения акта:  04.09.2001
Дата принятия акта:  05.03.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1137
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  026004000000 / 017001000000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz