Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Бас бақылау инспекциясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 18 қаңтар N 1078. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.02.21. N 2046 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстарының сметасын анықтасын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi