09.01.1993

Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiн (Елшiлiгiн) ашу туралы

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) ашылып, оған Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң қызмет пен өндiрiстiк алаңдары, мейманхана кешенi, көлiк құралдары берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) штат кестесi мен шығыстарының сметасын анықтасын;
      бiр ай мерзiмде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) туралы Ереженi бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ КСР-iнiң РКФСР-дегi Тұрақты өкiлдiгiн құру туралы" 1991 жылғы 28 қазандағы N 487 және "Қазақ КСР Президентiнiң "Қазақ КСР-iнiң РКФСР-дегi Тұрақты өкiлдiгiн құру туралы" 1991 жылғы 28 қазандағы N 487 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1992 жылғы 12 маусымдағы N 804 Жарлықтарының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi



Дата изменения акта:  09.01.1993
Дата принятия акта:  09.01.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1058
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  032001000000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz