15.04.1992

Нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттiк кiтап басу iсiн қорғау жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

      Азаматтардың жан-жақты ақпарат алу хұқын қамтамасыз ету, мерзiмдi баспасөз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары, кiтап басу және кiтап таратудың қаржылық және материалдық-техникалық негiзiн нығайту, әлеуметтiк маңызы зор басылымдарды шығару үшiн тиiстi жағдай жасау мақсатымен, саланың ерекшелiгiн, оның мәдени-тәрбиелiк бағытын ескере отырып, қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының мерзiмдi басылымдарын, республиканың мемлекеттiк кiтап баспаларын қағаздың баспалық сорттарымен, қатырмамен, мұқабалық және басқа материалдармен мемлекеттiк тапсырыста көзделген көлемдерде қамтамасыз ететiн болсын;
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне газеттер мен журналдар редакцияларын, мемлекеттiк телерадио хабарлары компанияларын, баспаларды, полиграфия және кiтап саудасы кәсiпорындарын, Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгiн қосылған құнға салынатын салықтан босату, пайдаға жеңiлдiктi салық белгiлеу туралы ұсыныс енгiзсiн;
      мемлекеттiк бюджеттi тиянақтау кезiнде бағаның ырықтандырылуын ескерiп, мемлекеттiк тапсырыстың көлемiнде мерзiмдi басылымдар мен әлеуметтiк маңызы зор (балалар, жастар, оқулық, қазақ тiлiндегi) әдебиеттi шығаруға бөлiнетiн дотацияның ұлғайтылуын көздесiн;
      Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң кәсiпорындары мен Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi өздерiнiң негiзгi қызмет шегiнде тұтынатын электр энергиясы мен байланыс қызметiне жеңiлдiктi тариф белгiлеу мүмкiншiлiгiн қарасын;
      қағаздың баспалық сорттарын, полиграфиялық жабдық, материалдар, телерадиоаппаратура сатып алу үшiн Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне қажеттi көлемде еркiн айырбасталатын валюта бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекет мүлкi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп кiтап саудасы мен кiтап тарату объектiлерiн, олардың негiзгi функциясын сақтау принципiн көздей отырып, меншiктеу және акцияландыру бағдарламасын әзiрлеп, оның тәртiбiн бекiтсiн.
      3. Жергiлiктi әкiмшiлiк басшылары жергiлiктi баспасөздi, теледидар мен радионы қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау, соның iшiнде бюджеттен тыс және көлденең қаржыдан бөлу мәселелерiн қарасын.
             Қазақстан Республикасының
                   Президентi

Дата изменения акта:  04.09.2001
Дата принятия акта:  15.04.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  717
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  023009000000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz