"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республик

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 487 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға қатысатын әскери қызметшілер.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев