"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 241 Жарлығы.

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің құрамында:

      "Кеңес мүшелері:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев