"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 536 Жарлығы.

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:

Айтмағанбет Мақсұтбек Дүйсенбекұлы

-

"Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Ахмурзина Ляззат Жексенбайқызы

-

"KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша),

Әбибуллаева Аида Ибрагимқызы


"Қазпошта" акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының директоры (келісім бойынша),

Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы


Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары,

Бөрібаева Гаухар Асылбекқызы


"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акңионерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Қожахметова Ләззат Таймырқызы

-

"Таlbesik" көпбалалы аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша),

Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы

-

журналист, продюсер (келісім бойынша),

Сағындықова Назгүл Ерікқызы


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі - Комиссия хатшылығының меңгерушісі, Комиссия хатшысы,

Салихова Сәуле Халелқызы


Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, Қазақстанның батыс облыстарының "ORTAQ" өңірлік әйелдер бастамалары альянсының төрағасы (келісім бойынша),

Шайх Қазыбек Әлтайұлы


Кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары ұлттық қауымдастығының президенті (келісім бойынша);

      мына:

      "Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы - Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер папатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға",

      "Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы – қоғам қайраткері (келісім бойынша)" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), төраға",

      "Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы – қоғам қайраткері (келісім бойынша), төрағаның орынбасары";

      аталған Комиссияның құрамынан М.Қ.Басбаева, М.Е.Егімбаева, Г.М. Ықсанова, Ш.В.Сыздықова, И.С.Унжакова шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев