Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттік органдарға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау (Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына және оның Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және оның депутаттарына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне келіп түсетін өтініштерді қоспағанда);".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |