"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
10-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) операциялық бағалауға уәкілетті органдардың шағымдану рәсімінен кейін операциялық бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне;
4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс органына операциялық бағалаудың барлық блоктары бойынша қорытындыларды;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Операциялық бағалау жүргізу кестесін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті әзірлейді және операциялық бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Осы Жүйенің 18-тармағында көрсетілген операциялық бағалаудың әрбір блогы бойынша операциялық бағалауға уәкілетті органдар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен, сондай-ақ Комиссияның жұмыс органымен келісілген, операциялық бағалау критерийлері мен көрсеткіштері айқындалатын тиісті әдістемелерді әзірлеп, бекітеді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Осы блок бойынша операциялық бағалауды:
1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізуі бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлігінде;
2) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлігінде жүзеге асырады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органды осы блок бойынша операциялық бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Операциялық бағалау жүргізу кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті органдар тиісті блоктар бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және бағаланатын мемлекеттік органдарға ұсынады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Операциялық бағалау жүргізу кестесіне сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бағаланатын мемлекеттік органдардың қызметінің операциялық бағалаудың барлық блоктары бойынша қорытындыларды Комиссияның жұмыс органына енгізеді.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Операциялық бағалаудың тиісті блоктары бойынша қорытындылардың нысандарын Комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Операциялық бағалау қорытындылары бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құпиялылық режимін, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, Комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша операциялық бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдардың қызметін операциялық бағалаудың интернет-порталы мен "www.bagalau.kz" сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Нәтижелілікті бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағаланатын мемлекеттік органдардың нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуін, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері мен жалпы елдегі прогресс индексі көрсеткіштерін талдау негізінде жүргізеді.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Нәтижелілікті бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді тиімділікті зерттеулер, талдау және бағалау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін, сондай-ақ есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Жалпы елдегі прогресс индексі көрсеткіштерінің тізбесі мен бағаланатын мемлекеттік органдар нәтижелілігінің түйінді көрсеткіштерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген жағдайда бағаланатын мемлекеттік органдарға бекітілетін, нәтижеліліктің түйінді көрсеткіштерінің тізбесі және жалпы елдегі прогресс индексі көрсеткіштерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы нәтижелілікті бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының Президентіне жыл қорытындылары бойынша бағаланатын кезеңнен кейінгі жылдың желтоқсан айында және қажеттілігіне қарай енгізеді.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Қ. Тоқаев |