Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 646 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 969 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 74, 662-құжат):

      2-тармақтағы "Жақып Қажманұлы Асановқа" деген сөздер "Қайрат Пернешұлы Қожамжаровқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 497 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 23, 181-құжат):

      2-тармақтағы "Жақып Қажманұлы Асановқа" деген сөздер "Қайрат Пернешұлы Қожамжаровқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 27-28, 205-құжат):

      2-тармақтағы "Жақып Қажманұлы Асановқа" деген сөздер "Қайрат Пернешұлы Қожамжаровқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) "Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 553 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 40-41, 271-құжат):

      2-тармақтағы "Жақып Қажманұлы Асановқа" деген сөздер "Қайрат Пернешұлы Қожамжаровқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев