Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 281 Жарлығы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 942 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 624-құжат):
      2-тармақтағы «Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа» деген сөздер «Жақып Қажманұлы Асановқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 943 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 625-құжат);
      2-тармақтағы «Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа» деген сөздер «Жақып Қажманұлы Асановқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) «Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 969 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 74, 662-құжат):
      2-тармақтағы «Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа» деген сөздер «Жақып Қажманұлы Асановқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 66 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 310-құжат):
      2-тармақтағы «Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа» деген сөздер «Жақып Қажманұлы Асановқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 70 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 44, 329-құжат):
      2-тармақтағы «Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа» деген сөздер «Жақып Қажманұлы Асановқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 71 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 45, 345-құжат):
      2-тармақтағы «Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа» деген сөздер «Жақып Қажманұлы Асановқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев