25.04.2014

"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат; 2011 ж., № 7, 87-құжат; 2013 ж., № 62, 831-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;";

      5-тармақта:

      1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін, жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесін;";

      2) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер;";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бюджеттік өтінімдер, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;";

      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;";

      он тоғызыншы абзац алынып тасталсын;

      жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар;

      шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемдері бойынша ұсыныстарды әзірлейді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев



Дата вступления в силу:  25.04.2014
Дата изменения акта:  05.05.2018
Дата принятия акта:  25.04.2014
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 30, 256-құжат.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  81414
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  812
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001008000000 / 006001000000 / 001005002000
Форма акта:  ДОП / ИЗМ / УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz