"Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзг

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 726 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж.; № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат; 2012 ж. № 33, 419-құжат; 2013 ж., № 79, 1151-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
      "Әскери саладағы мәліметтер" деген 1-бөлімде:
      кестенің 1-бағанында:
      бесінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Білім және ғылым министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры";
      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Білім және ғылым министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры";
      сегізінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы ", Атом энергиясы агенттігінің төрағасы"
деген сөздер алынып тасталсын;
      он бірінші абзацтағы "Әділет министрі," деген сөздер алынып тасталсын;
      он екінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Өңірлік даму министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі";
      он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтардағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген 2-бөлімде:
      кестенің 1-бағанында:
      бірінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Білім және ғылым министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Көлік және коммуникация министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Мұнай және газ министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы";
      "Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Көлік және коммуникация министрі, Білім және ғылым министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы";
      төртінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "Қоршаған ортаны қорғау министрі" деген сөздер "Қоршаған орта және су ресурстары министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтардағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Мұнай және газ министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі";
      он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он тоғызыншы абзацтардағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Мұнай және газ министрі";
      "Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Білім және ғылым министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы";
      "Қорғаныс министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Өңірлік даму министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі";
      жиырма үшінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Көлік және коммуникация министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Мұнай және газ министрі";
      жиырма алтыншы абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі";
      жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтардағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қорғаныс министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Өңірлік даму министрі";
      отыз төртінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз бесінші абзацтағы "Атом энергиясы агенттігінің төрағасы" деген сөздер "Индустрия және жаңа технологиялар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер" деген 3-бөлімде:
      кестенің 1-бағанында:
      бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы абзацтардағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, Көлік және коммуникация министрі, Төтенше жағдайлар министрі, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Мұнай және газ министрі";
      сегізінші абзацтағы "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген 4-бөлімде:
      кестенің 1-бағанында:
      бірінші және бесінші абзацтардағы "Әділет министрі," деген сөздер алынып тасталсын;
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы".
      2. Мемлекеттік органдар бір ай мерзімде өздерінің құпияландыруға жататын ведомстволық мәліметтер тізбелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев