22.03.2013

"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын

РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс   

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3)тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат; № 35, 456-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
      10-тармақтың 6) тармақшасында «құрайды» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      8) өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган құрайды.»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдарды «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Жергілікті атқарушы органдарды «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеп бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді орталық мемлекеттік органдар үшін - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 4.7-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «4.7. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау
      49-1. Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      49-2. Осы бағыт бойынша тиімділікті бағалауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
      49-3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бағалайды.
      49-4. Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеуді және бекітуді, оны әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиісті бағыттар бойынша қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланатын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдардың қорытындыларын ақпарат үшін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін бағаланатын мемлекеттік органдарды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды бағалау бөлігінде өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, Сараптамалық комиссияға енгізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 62-2, 62-3 және 62-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «62-2. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда аталған органды бағалау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және есептеу кезінде құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалаудың қорытынды балы ескеріледі.
      62-3. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған органды бағалау жүзеге асырылмайды. Бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі және ұсынымдар ретінде пайдаланылады.
      62-4. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын кезеңнен кейінгі жылдың басынан бастап, мемлекеттік органдардың есепті деректерді беру мерзімдері бағалау кестесінде белгіленгенге дейінгі кезеңде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған мемлекеттік органды бағалау бағаланатын кезеңдегі нәтижелер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Берілген функциялар мен өкілеттіктер бойынша бағалау нәтижелері құқықтық мирасқор - мемлекеттік органға ұсынымдар ретінде беріледі.»;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік қызмет істері, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы, өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік саяси қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау рәсімдері мен нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және тиімділікті бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі»;
      мынадай жолдар:
      «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      3. Осы Жарлық, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының 7-10 абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                     Н.Назарбаев


Дата вступления в силу:  22.03.2013
Дата изменения акта:  22.03.2013
Дата принятия акта:  22.03.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 21, 341-құжат;
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  71755
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  529
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001006000000 / 001007000000 / 001008000000
Форма акта:  УКАЗ / ИЗМ / ДОП
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz