"Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 240 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 326 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 240 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев