Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 199 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 5 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 199 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 422-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев