26.03.2009

Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 18.09.2019 № 163 Жарлығымен.

      1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ереже;

      2) өте құпия;

      3) өте құпия бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.03.2012 № 281 (өте құпия) Жарлығымен.

      2. Өте құпия.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 26 наурыздағы
N 773 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.05.2013 № 559 Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - "Сырбар" қызметі) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының, арнаулы мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Сырбар" қызметі өз іс-қимылын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Сырбар" қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

      4. "Сырбар" қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты атауларымен өкілдік етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

      5. "Сырбар" қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Сырбар" қызметі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырбар" қызметі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Сырбар" қызметінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. "Сырбар" қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.03.2017 № 446 Жарлығымен.

      9. "Сырбар" қызметінің толық атауы - "Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже "Сырбар" қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Сырбар" қызметінің іс-қимылын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

      12. "Сырбар" қызметіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сырбар" қызметінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуін тыйым салынады.

      Егер "Сырбар" қызметіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Сырбар" қызметінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сырбар" қызметінің миссиясы:

      барлау ақпаратына қол жеткізу, өңдеу және пайдалану жөнінде барлау қызметін жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу және қатысу.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

      14. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын және ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) елдің экономикалық дамуына және ғылыми-техникалық прогресіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;

      5) Қазақстан Республикасы заңдарында және Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде барлау қызметін жүзеге асыру;

      2) барлау ақпаратына қол жеткізу, оны жинақтау, талдау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде ұсыныстар, бағалау мен болжамдар дайындау;

      3) Қазақстан Республикасының, Президентіне, Парламенті мен Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және ұйымдарына барлау ақпаратын беру;

      4) өз күштерін, құралдары мен ақпараттарын заңға қайшы іс-әрекеттер мен қатерлерден қорғау жөніндегі шараларды іске асыру;

      5) жүзеге асырылатын барлау қызметінің стратегиясын және тактикасын әзірлеу;

      6) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының халықаралық, оның ішінде сыртқы барлау саласындағы міндеттемелерін орындау;

      8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстар орнату, сақтау және дамыту;

      9) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;

      10) сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдарды, оның бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлау жөніндегі шараларды іске асыру;

      11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өз объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, физикалық және инженерлік-техникалық қорғалуын жүзеге асыру, сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісу;

      12) өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

      13) қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеу, арнайы тексеруден өткізу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлерге мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратқа рұқсат беруді ресімдеу (қайта ресімдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ басқа мемлекеттердің оқу орындарында, оның ішінде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

      14) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;

      15) жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу;

      16) арнайы мұрағатты, жедел есептерді, анықтамалық, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды жасау және пайдалану;

      17) өзінің қорғалған байланыс жүйесін пайдалану;

      18) барлау қызметінің негізгі бағыттарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және "Сырбар" қызметінің объектілерінде құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау, оларды кейіннен құқық қорғау органдарына тапсыру;

      20) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;

      20-1) "Сырбар" қызметі директорының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілетін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдану;

      21) Қазақстан Республикасы заңдарында және Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де функцияларды орындау.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, әскери құралымдардың қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа да үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге де мүлкін келісім негізінде пайдалану;

      2) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпаратты алу;

      3) "Сырбар" қызметінің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберу;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде "Сырбар" қызметінің штаттан тыс жедел қызметкерлері ретінде тарту;

      5) жеке және заңды тұлғаларды зерделеу мен тексеруден кейін оларға өз объектілерін қорғау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға рұқсат беруді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару, арнайы құралдар мен дене күшін қолдану;

      7) "Сырбар" қызметіне жасырын түрде жәрдемдесуге келісімін берген адамдармен тегін немесе ақылы негізде астыртын қарым-қатынас орнату;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелерін және ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану;

      9) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды әзірлеу, сатып алу, жасау (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда), іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;

      10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;

      11) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне сыртқы барлауды жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      12) "Сырбар" қызметі іс-қимылының негізгі бағыттарына сәйкес басқа мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер мен білімнің түрлі салалары мамандарын тарту арқылы сарапшылық топтарын құру;

      13) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа да күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. "Сырбар" қызметінің Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, ал меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының ұйымдарымен - келісімде белгіленеді;

      14) өзінің қызметкерлерінің және "Сырбар" қызметіне жасырын көмек көрсететін адамдардың жеке басын, бөлімшелердің, объектілердің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін бүркемелеу мақсатында, дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібін "Сырбар" қызметі директоры айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін дайындау және ресімдеу;

      14-1) осы тармақтың 14) тармақшасында көзделген мақсатта мемлекеттік органдарға және меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға құжаттардың және қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін "Сырбар" қызметіне беру туралы орындалуға міндетті сұрау салулар жолдау.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

3. "Сырбар" қызметінің іс-қимылын ұйымдастыру

      17. "Сырбар" қызметіне басшылықты "Сырбар" қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын директор жүзеге асырады.

      18. "Сырбар" қызметінің директорын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      19. "Сырбар" қызметі директорының төрт орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады. "Сырбар" қызметі директорының ұсынуы бойынша директордың орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Сырбар" қызметі директорының өкілеттігі:

      1) "Сырбар" қызметі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, қызметіне басшылық етеді және оларға жүктелген міндеттерді шешуге жауапкершілік алады;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіпте және мерзімдерде Қазақстан Республикасы Президентінің алдында "Сырбар" қызметінің жұмысы туралы есеп береді;

      3) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат саны шегінде құрылымдық бөлімшелердің ережесін, ұйымдық құрылымын және штат санын бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне "Сырбар" қызметінің ұйымдастыру-штаттық, кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және оның қызметі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынас кезінде "Сырбар" қызметі атынан өкілдік етеді;

      6) "Сырбар" қызметінің департаменттері мен оларға теңестірілген бөлімшелерінің бастықтарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      6-1) "Сырбар" қызметі басқармаларының бастықтарын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      6-2) белгіленген тәртіппен "Сырбар" қызметінің бөлімшелерін орналастыру (қайта орналастыру) туралы шешім қабылдайды;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары немесе орта арнаулы білімі бар кандидаттарды, шақырылушыларды қызметке қабылдайды, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады және қызметтен шығарады, лауазымдарға ауыстырады;

      8) "Сырбар" қызметінің лауазымдар номенклатурасын, қатардағы жауынгер және сержанттық құрам, кіші және аға құрам офицерлері құрамындағы қызметкерлері, жұмыскерлері атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді, сондай-ақ әрекет етуші резервтегі офицерлердің санын, "Сырбар" қызметінің қызметкерлерін әрекет етуші резервке қабылдау және олардың әрекет етуші резервте қызмет өткеру тәртібін айқындайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери атақтарды береді, ал көтермелеу түрінде - кезекті әскери атақты мерзімінен бұрын және атқаратын лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары атақ береді;

      10) Қазақстан Республикасының Президентіне "Сырбар" қызметінің қызметкерлеріне жоғары арнаулы атақтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;

      11) мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан ұйымдарға іссапарға және лауазымдарды атқару үшін жіберілетін қызметкерлер жөнінде шешім қабылдайды;

      12) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілері үшін кадрлар даярлау мәселесін шарт негізінде шешеді;

      13) "Сырбар" қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына олардың арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметінің өтілін лауазымдық жалақыларын есептеу және зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына қосу тәртібі мен шарттарын анықтайды;

      14) "Сырбар" қызметінің қызметкерлері мен жұмыскерлерін марапаттайды, тәртіптік жазаға тартады;

      15) қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттайды;

      16) штаттан тыс қызметкерлерді тарту тәртібін айқындайды;

      17) қол жеткізген келісімдерде айқындалған мәселелер бойынша өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен келісе отырып, "Сырбар" қызметінің ресми өкілдерін шет мемлекеттерге жібереді;

      18) "Сырбар" қызметінде құпиялауға жататын мәліметтердің тізбесін бекітеді;

      19) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша қамтуға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен қызметкерлерге, жұмыскерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды;

      20) қызметкерлер, жұмыскерлер жетондарының, қызметтік куәліктерінің және зейнетақы төлемдерін алатын қызметкерлердің зейнетақы куәліктерінің үлгілерінің сипаттамасын, сондай-ақ оларды дайындау, беру және пайдалану тәртібін бекітеді;

      21) типтік емес лауазымдар және оларға сәйкес келетін арнаулы атақтар тізбесін бекітеді;

      22) лауазымдық жалақыларын анықтау кезінде коэффициенттерді белгілеу үшін қызметкерлердің қызмет өтілін есептеу тәртібін және шарттарын анықтайды;

      23) қызметкерлермен келісімшарттар жасасу, лауазымға тағайындау, ауыстыру, босату, жұмыстан шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақ беру туралы бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін анықтайды;

      24) өз құзыреті шегінде "Сырбар" қызметінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады, өзіне бағынысты лауазымды адамдар шығарған, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күшін жояды;

      25) "Сырбар" қызметінің регламентін бекітеді;

      26) "Сырбар" қызметінің режимдік үй-жайларына техникалық құралдар сатып алу, орнату және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      27) "Сырбар" қызметі қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнетақы алушыны жерлеуге біржолғы төлемдер және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулықты бекітеді;

      28) "Сырбар" қызметінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындау, ресімдеу және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      29) "Сырбар" қызметі объектілерінде, құрылыстарында, сондай-ақ ғимараттары мен үй-жайларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қағидаларын бекітеді;

      30) "Сырбар" қызметі қызметкерлері мен жұмыскерлерінің туристік және жеке арналар арқылы шетелге шығу қағидаларын бекітеді;

      31) "Сырбар" қызметі объектілеріндегі өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      32) "Сырбар" қызметінде полиграфологиялық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекітеді;

      33) "Сырбар" қызметінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекітеді;

      34) "Сырбар" қызметінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратының тізбесін бекітеді;

      35) "Сырбар" қызметінде баспахана жабдығында жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      36) "Сырбар" қызметінің қажеті үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      37) "Сырбар" қызметінің құрылымдық бөлімшелеріне арналған компьютерлік және ұйымдастыру техникасы құралдарына тиістілік табелін жасау және жүргізу қағидаларын бекітеді;

      38) "Сырбар" қызметі қызметкерлеріне қызметтік орын ауыстыру кезінде бір жерден екінші жерге көшуіне байланысты (іссапардан басқа) көтерме жәрдемақы төлеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;

      39) "Сырбар" қызметі қызметкерлерінің жауынгерлік және дене күші дайындығын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      40) "Сырбар" қызметінде конкурстық негізде атқаратын лауазымдар тізбесін бекітеді;

      41) "Сырбар" қызметінің конкурстық комиссиясы туралы ережені бекітеді;

      42) "Сырбар" қызметі қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын бекітеді;

      43) "Сырбар" қызметі қызметкерлерінің лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекітеді;

      44) "Сырбар" қызметі қызметкерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату, бастықтың қарамағына жіберу, шығару, арнаулы атақ беру, одан төмендету, айыру кезінде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде ұсынуды ресімдеу қағидаларын бекітеді;

      45) "Сырбар" қызметі қызметкерлеріне сыныптық біліктіліктерін беру, көтеру, төмендету және алу қағидаларын бекітеді;

      46) "Сырбар" қызметінде қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      47) "Сырбар" қызметінің запастағы офицерлерінің әскери билеттерін есепке алу, сақтау, жазып беру, беру және жою қағидаларын бекітеді;

      48) Құпия;

      49) Құпия;

      50) Құпия;

      51) Құпия;

      52) Құпия;

      53) Құпия;

      54) Құпия;

      55) Құпия;

      56) Құпия;

      57) Құпия;

      58) Құпия;

      59) Құпия;

      60) Құпия;

      61) Құпия;

      62) Құпия;

      63) Құпия;

      64) Құпия;

      65) Құпия;

      66) Құпия;

      67) Құпия;

      68) Құпия;

      69) Құпия;

      70) Құпия;

      71) Құпия;

      72) Құпия;

      73) Құпия;

      74) Құпия;

      75) Құпия;

      76) Құпия;

      77) Құпия;

      78) Құпия;

      79) Құпия;

      80) Құпия;

      81) Құпия;

      82) Құпия;

      83) Құпия;

      84) Құпия;

      85) Құпия;

      86) Құпия;

      87) Құпия;

      88) Құпия;

      89) Құпия;

      90) Құпия;

      91) Құпия;

      92) Құпия;

      93) Құпия;

      94) Құпия;

      95) Құпия;

      96) Құпия;

      97) Құпия;

      98) Құпия;

      99) Құпия;

      100) Құпия;

      101) Құпия;

      102) Құпия;

      103) Құпия;

      104) Құпия;

      105) Құпия;

      106) Құпия;

      107) Құпия;

      108) Құпия;

      109) Құпия;

      110) Құпия;

      111) Құпия;

      112) Құпия;

      113) Құпия;

      114) Құпия:

      115) Құпия;

      116) Құпия;

      117) Құпия;

      118) Құпия;

      119) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.07.2014 № 863 Жарлығымен.

      21. "Сырбар" қызметінің директоры орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. "Сырбар" қызметінің директоры қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттігін айқындайды.

      23. "Сырбар" қызметінің қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы және басқа да мемлекеттік органдардың медициналық мекемелерінде жүзеге асырылады.

      "Сырбар" қызметінің қызметкерлерінің қызмет өткеру орындарында немесе тұрғылықты жерлерінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-медициналық бөлімшелері мен мекемелері болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған жағдайда медициналық көмек медициналық ұйымдарда кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде көрсетіледі.

      24. "Сырбар" қызметінің іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету, оның тиімділігін арттыру жөнінде шараларды тұжырымдау, жедел-қызметтік іс-қимылдың және кадрлармен жұмыс істеудің аса маңызды мәселелерін қарау, олар жөнінде келісілген шешімдер қабылдау үшін "Сырбар" қызметінде алқа құрылады. Алқа құрамын "Сырбар" қызметінің директоры айқындайды.

      Алқа шешімі "Сырбар" қызметі директорының бұйрығымен жарияланады.

      Алқаның міндеттері, өкілеттіктері мен қызмет тәртібі "Сырбар" қызметінің директоры бекітетін Ережемен регламенттеледі.

      25. "Сырбар" қызметінің объектілері Қазақстан Республикасының режимдік объектілері болып табылады.

4. "Сырбар" қызметінің мүлкі

      26. "Сырбар" қызметінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Сырбар" қызметінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. "Сырбар" қызметіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Сырбар" қызметінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.

5. "Сырбар" қызметін қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Сырбар" қызметін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Дата вступления в силу:  26.03.2009
Дата изменения акта:  18.09.2019
Дата принятия акта:  26.03.2009
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  45190
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  773
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  025002000000 / 031016000000
Форма акта:  ПОЛ / УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz