Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 25 ақпандағы N 749 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 599-құжат; 2008 ж., N 9, 89-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде :
      С санаттарының тобында :
      С-О-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк филиалының директоры";
      С-О-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк филиалы директорының орынбасары";
      С-О-4 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк филиалының бөлім бастығы".
      2. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев