21.01.2009

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Жарлығына Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 40, 417-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде :

      4-тармақтың 3) тармақшасында "мониторинг жасау" деген сөздерден кейін ", Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды инспекциялау" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта :

      "мүшелерінен" деген сөздің алдынан "тұрақты мүшелерінен және" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының (бұдан былай - Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы) ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақта :

      "мүшелері" деген сөз "тұрақты мүшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Парламент Сенатының Төрағасы," деген сөздер алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып табылады.

      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері етіп Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынымы бойынша өзге де лауазымды тұлғаларды қосымша тағайындай алады.";

      9-тармақта :

      "Кеңесінің отырысы" деген сөздерден кейін ", әдетте," деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы тек Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен аз құрамда өткізілуі мүмкін." сөздерімен толықтырылсын;

      10-тармақта "қатысқан жағдайда" деген сөздерден кейін ", ал аз құрамда өткізілетін отырыстар Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің үштен екісі қатысқан жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақта :

      бірінші сөйлемдегі "ведомствоаралық комиссиялары" деген сөздерден кейін "инспекциясы" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші сөйлемде:

      "дербес" деген сөз "лауазымдық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "ведомствоаралық комиссияларды" деген сөздерден кейін "және инспекцияны" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші сөйлемде:

      "қызметін үйлестіруді" деген сөздерден кейін ", дербес құрамын бекітуді," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Ведомствоаралық комиссиялардың" деген сөздерден кейін ", инспекцияның" деген сөзбен толықтырылсын;

      21-тармақта :

      2) тармақшадағы "Қауіпсіздік" деген сөздің алдынан "Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциялық қызметіне," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақшада:

      "міндеттері мен" деген сөздерден кейін "лауазымдық" деген сөзбен толықтырылсын;

      "ведомствоаралық комиссиялар" деген сөздерден кейін "мен инспекцияны,", "енгізеді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ олардың дербес құрамын бекітеді;" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі осы Жарлықтан туындайтын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев



Дата вступления в силу:  21.01.2009
Дата изменения акта:  12.02.2019
Дата принятия акта:  21.01.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 3-4, 7-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  728
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031000000000 / 001008000000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz