Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
" Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы " Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңы 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы жарнама-көрме қызметі аясындағы өзара іс-қимыл туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
РҚАО-ның ескертуі: Осы Жарлыққа Келісімнің мәтіні берілмеген.