04.06.2007

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  9-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Маңғыстау облысының құрамында әкімшілік орталығы Маңғыстау ауылында болатын әкімшілік-аумақтық бірлік - Мұнайлы ауданы құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті


Дата вступления в силу:  04.06.2007
Дата изменения акта:  04.06.2007
Дата принятия акта:  04.06.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 18, 195-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 6 маусым N 157 (24732)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  101000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  338
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001002001000
Форма акта:  УКАЗ
Юридическая сила:  0500
Язык акта:  kaz