Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 қазандағы N 1662 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) кредиттiк бюро қызметi                40".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Mинистрі